637
- сурет. Несеп құрылу жолдары (Artur C. Guyton, John E Hall
,1996 бойынша).
Нефрон шумақтарынық біртектес бұзылыстары.
Нефрон
шумақтарының
бұзылыстары
несеп
сүзілудің
өзгерістерімен көрінеді. Оларда несептің сүзілуі:
● пәрменді сүзілулік
қысымның деңгейінен;
● тіректік мембраналар мен Боумен қапшығының эпителий
жасуша-ларының (подоциттердің) өткізгіштігінен;
● сүзгілік бетінің мөлшерінен немесе қызмет атқаратын
шумақтардың санынан байланысты.
Бүйрек арқылы минөтіне 1200 мл-дей қан өтеді. Оның 80-
90%-ы бүйректің сыртқы қыртысы, 10-20%-ы
милық қабаты
арқылы ағады. Бүйректін сыртқы қыртысында шумақтар арқылы
зәр сүзілу болса, милық қабатындағы қан ағымы аралық
тіндерде осмостық қысымды реттеп, нефрон өзекшелерінен
заттардың кері сіңірілуін қадағалайды.
Бүйректің
сыртқы қыртысында қан ағымы, жүйелік қан
қысымының с. б. б. 70-180 мм аралығында толқуына қарамай,
тұрақты деңгейде ұсталып тұрады. Ол өзін-өзі реттеу
жолымен реттелінеді. Мәселен, бүйрек артериясында қысым
көтерілгенде бүйрек ішіндегі артериолалардың тегіс еттері
жиырылып, бүйрек шумақтарына келетін қанды азайтып,
шектеп
тұрады. Керісінше, бүйрек артерияларында қан қысымы
төмендегенде
артериолалардың
тегіс
еттері
босаңсып,
олардың
ішкі
саңылауларын
кеңітеді.
Осылай
бүйрек
шумақтары арқылы қан ағымын тұрақты деңгейде ұстап тұрады.
Бүйрек артериясында қан қысымы с. б. б. 70 мм-ден
төмен түсіп кетсе, шумақтардың жанындағы жасушаларда ренин
өндірілуі көбейеді. Ренин ангиотензин І-ді ангиотензин II-
ге айналдырьш, бүйрек артериясын жиырады.
Осыдан қан
қысымы көтеріледі. Ангиотензин II тым артық өндіріліп
кетсе, бүйрек простагландиндер А, Е, Р және брадикинин,
рениннің бәсеңсіткіштерін өндіреді. Содан бүйрек тамырлары
кеңіп, қан қысымының тым көтеріліп кетуінен сақтандырады.
Бүйректің милық қабатындағы қан ағымының деңгейі
жүйелік қан қысымының деңгейінен тікелей байланысты. Сол
себептен
жалпы
артериялық
қан
қысымы
көтерілгенде
бүйректің милық қабатында қан ағу қарқыны жоғарылайды.
Ондағы осмостық белсенді
заттар қанмен тез тарап,
тасымалданып кетеді. Осыдан нефрон өзекшелерінде судың
кері қанға сіңірілуі азайып, полиурия дамуы мүмкін.
Бүйрек
шумақтарында
несептің
сүзілуі
пәрменді
сүзілулік қысымнан байланысты. Сүзілулік қысым (СК) шумақ
қылтамырларының ішіндегі қан қысымына (ҚҚ), ондағы
коллоидтық-осмостық қысымның деңгейіне (КОҚ) және (бүйрек
шумақтарының
сыртындағы)
Боумен
қапшығындағы