25
Тыныстық қозғалыс демді ауызбен терең ішке тарту түрінде
байқалады. Адам ауаны ауызбен жұтуға тырысады. Артынан
тыныстық қозғалыс және жүрек қызметі мүлде тоқтайды.
Осыдан
клиникалық өлім
дамиды, барлық рефлекстер
жоғалады, қан қысымы, тамыр соғуы анықталмайды. Бұл саты
5-6 минутқа созылуы мүмкін. Ары қарай келесі сатысы
биологиялық өлім
байқалады. Ең алдымен жүйке жүйесінде
қайтымсыз өзгерістер дамиды. Бірінші болып мидың сыртқы
қыртысының одан кейін мидың
бағаналық бөлімінің және
жұлынның қызметтері істен шығады. Өйткені жүйке жүйесіне
қанман оттегі және қоректік заттар жеткізілмеуінен
қоректік заттардың оттегіні пайдаланып тотығуы (аэробтық
тотығуы) бұзылады да, кесек қуатты фосфор қосындылары
түзілуі болмаудан, энергияның тапшылығы дамиды. Артынан,
өлімнің
даму
себебіне
қарамай,
оттегінің
үдемелі
жетіспеушілігінен
эндокриндік
бездердің,
ұлпалық
ағзалардың және тіндердің қызметтері бұзылады. Бұл кезде
биологиялық өлімнің айқын белгілері болып:
●
дененің мұздауы;
●
оның сіресіп қалуы;
●
өліктік дақтар
мен жолақтардың пайда болуы
есептеледі. Өліктің сіресіп қалуы өлгеннен соңғы 6-10
сағаттан кейін пайда болады. Оның негізінде бұлшықет
жасушаларының ішінде Са
2+
иондары көптеп жиналып қалуы
жатады. Өліктік дақтардың пайда болуы, артериолалардың
қатты жиырылып қалуынан, қанның
көктамырларда жиналуымен
байланысты. Тотықсызданған гемоглобин эритроциттерден
шығып, қан плазмасына және айналасындағы тіндерге
ауысады. Онда ол дақ және қара-күрең түстес жолақтар
түрінде жиналады. Мұны өліктік имбибиция (лат. imbiЬеге —
сіңіру, сорып алу) деп атайды. Әртүрлі себептерден электр
ағымымен жарақаттанғанда, тез қан кетуден, сілеймеден,
наркоздан, аяқ асты жүрек тоқтап қалғанда т. б.
кенеттен
дамитын өлім кездерінде оны клиникалық және биологиялық
деп бөлудің зор амалдық маңызы бар. Өйткені клиникалық
өлім кезінде алғашқы 5-6 минут ішінде адамның тіршілікке
қабілеті әлі сақталған. Сондықтан бұл кезде организмді
қайта тірілтуге мүмкіншілік болады. Организмді тірілту
(реанимация) (лат. ге - қайта, итал.- аnіmatіо -
жандандыру) — адамның немесе
жануарлардың организмін
арнайы шаралар қолданып клиникалық өлім жағдайынан
шығару. 1805 ж. орыс ғалымы Е. Мухин өлген организмді
тірілту үшін өкпеге көріктің көмегімен ауа үрлеуді
ұсынды. 1902 жылы өлген адамның жүрегін жандандыруды
алғашқы рет А. А. Кулябко жасады. 1913 ж. Ф. А. Андреев
26
итті тірілту тәсілін үйқы артериясына жүрекке қарай
адреналин қосылған Рингер-Локк сұйығын жіберу арқылы
жүзеге асыруды ұсынды. 20-шы жылдары С. С. Брюхоненко мен
С. И. Чечулин әлемде бірінші
рет жасанды қанайналым
құралын жасады. Осы құралдың көмегімен тұтас организмді
және организмнен аластанған иттің басын тірілту бойынша
нәтижелі тәжірибелерін өткізді.
1941-1945 жж. В. А. Неговский қызметкерлерімен
организмді тірілтудің кешенді тәсілдерін жетілдірді. Бұл
тәсіл
бойынша
шеткері
артерияға
(мәселен,
иық
артериясына) жүрекке қарай глюкоза, адреналин және
сутегінің
асқын
тотығы
қосылған,
38°
С-ға
дейін
жылытылған қан жіберіледі. Бұл кезде:
● жүрекке қарай белгілі қысыммен жіберілген қан
қоронарлық
артерияларға өтіп, жүрек етін қоректендіреді;
●
артерияға
енгізілген
қан
жүрек
пен
тамыр
қабырғаларының рецепторларын қоздырады. Қанды артерияға
енгізгеннен кейін 30-40 секундтан соң жүрек соға
бастайды. Осыдан кейін қанды көктамыр ішіне енгізу арқылы
оң жүректің қажетті дистолалық қанмен толуын және оның
күштірек жиырылуын арттыруға болады. Сонымен бірге,
кеңірдекке енгізілген түтік арқылы ауа үрлеп, адамды
қолмен
дем
алдыру
осы
шаралармен
қабаттастырылып
жүргізіледі.
Қазіргі
реанимациялық
әдістердің
нәтижелілігі
тәжірибелік және клиникалық зерттеулермен дәлелденген.
Оның негізгі ұстанымдары:
● жүрек-қантамырларды меңгеретін мидағы орталыққа
әсер ету,
● тыныс алу жүйесінің
орталығына әсер ету,
● организмдегі бұзылған зат алмасу үрдістерін қалпына
келтіру.
Жалпы қанайналымы мен газдардың алмасуын қалпына
келтіру адамды тірілтудің алғашқы және аса күрделі емес
сатысы. Жүрек пен тыныс ағзаларының қызметі қалпына
келгеннен кейінде организімнің барлық ағзалары мен
жүйелерінде көптеген өзгерістердің тізбегі сақталады.
Жаңа күрделі мәселе — «
Достарыңызбен бөлісу: