«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»



бет8/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Лептоспироз

2.3. Клиникалық белгілері.

Жасырын кезең 2-ден 20 күнге дейін. Аурудың клиникалық белгілері көп түрлілігімен сипатталады: жіті, жітілеу созылмалы және симптомсыз.

Күйіс қайырушы малдардың ауруы жіті өткенде 4-6 күн бойы дене температурасы 4,5-410С дейін көтерілуі байқалады. Малдар енжар қалпы жем-шөптен бас тартады, күйіс қайрамайды. Сауын малының сүті азаяды. Ішек-қарын жолдарының әлсіреуі нәтижесінде әуелі білінген іш өту іш қатуға ауысады. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болады, ал несеп шие түстес немесе бурыл түрге енеді. Кейде көздің дәнекер қабығының қабынуы мен мұрын қуыстарының кілегейлі, ал қораларда іріңді сорап байқалады. Одан әрі бас жақтың терісінің (әсіресе, тұмсық пен еріндерде), желіннің, жыныс органдарының сыртының, ауыз қуысының кілегейлі қабығының некрозы байқалады. Сиырлардың буаздығының әр мерзімінде іш тастау болады. Ауру жіті өткенде ол 5-10 күнге созылады, егер малдарға ем көрсетілмеген болса өлім-жетімге ұшырауы 50-70%-ке жетеді. Кейде ауру жедел өтеді де малдар бір тәуліктің ішінде өледі.

Жітілеу өткенде ауру сол белгілерімен білінеді, бірақ олар ақырын дамиды және әлсіз білінеді. Көп жағдайда қызу рецидивті штатта болады. Ауру 30 күнге дейін созылады. Өліммен аяқталуы 20-45%.

Лептопироздың созылмалы өтуі 3-5 ай бойы 3-4 қайталанатын мезгіл-мезгіл қызудың қозуы мен прогресті арықтаумен сипатталады. Көп жағдайда гемоглабинурия сарғаю және ішек-қарын жолының әлсіреуі білінеді. Сауылатын малдар сүт беруін азайтады немесе бұзаулар нашар болып туады. Тыныс алу шұғыл жиілейді. Малдар жүдеуліктен өледі.

Шошқада жіті өтуі көбіне емуші торайлардың ауру болып есептеледі. Дене температурасының 41-41,50С дейін көтерілуі, енжарлық, тәбеттің жоғалуы, іш өту, сигерлік іш қату мен құсу, көздің дәнекер қабығының қабынуы, шатқаяқты жүрісті көруге болады. Кейбір торайларда аурудың 3-4 күні тері мен кілегейлі қабықтардың сарғаюы байқалады. Ауру 5-7 күнге созылады, бірақ көп торайлар аурудың 2-4 күнінде-ақ өледі.

Аурудың жітілеу өтуіндегі белгілері де осындай. Бірақ аздау білінеді. Қызу рецидивті типте болады. Терінің некрозы болады, жаны жоқ учаскелер үлкен қиықтар болып бөлініп түседі. Кейде некроздың нәтижесінен торайлардың құлағы мен құйрығы бөлініп түседі. Малдар еспесі қалады. Сарғаю сирек болады. Ауру 7-14 күнге созылады.

Лептоспироздың созылмалы өтуі ересек шошқаларда болады және жеңіл қызумен, тәбеттің төмендеуімен, мезгілді іш өтумен, қан азаюмен және арықтауымен сипатталады. Буаз мегежіндердің 15-65% буаздығының екінші жартысында, көбінесе, торайлауға бірнеше күнде іш тастайды.

Лептоспироздың сәтсіз тобындағы симптомсыз өтуі негізінен марқа торай мен ересек шошқалардың 70-80%-інде болады. Кейде қысқа мерзімді дене температурасының көтерілуі білінеді, бірақ бұнда шошқалар сау сияқты болып көрінеді және тәбеттері жойылмайды. Мұндай малдарда лептоспирурияны (лептоспирдің несепте болуы), ал қан сарысуында антиденелерді байқауға болады.

Жылқыда дене температурасының көтерілуі 39,50С және одан да жоғары болады, тәбеттің жоғалуы, енжарлық, асқорытудың бұзылуы, сарғаю, гемоглобурияны, ауыздың кілегейлі қабығында ойық жаралар, ал биеде кейде іш тастауды байқауға болады. Ауру жіті өткенде ол 5-18 күнге дейін созылады. Өліммен аяқталу 40-60%-ке жетеді.

Бағалы терілі аңдарда (түлкілер, ақ түлкілер) ауру жиірек жіті өтеді. Ол жем-шөптен бас тартудан, құсу және іш өтумен, кейде дене температурасының 40-40,50С дейін көтерілуімен басталады. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында ойық жаралар шығады. Көп жағдайда сарғаю шұғыл білінеді. Аң енжар жатады немесе артқы аяқтарынан ақсап әрең қозғалады. Аурудың ұзақтығы 12 сағаттан 3 тәулікке дейін. Өліммен аяқталуы 80-100%-ке жетеді. Ауру кейде көрнексіз түрде байқалмайтын белгілерімен өтеді, 10 күнге дейін созылады және хайуан жазылып кетеді.

Иттерде лептоспироз бағалы терілі аңдарда қалай өтсе, солай болады. Өліммен аяқталуы 50% және одан жоғары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет