«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»



бет5/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лептоспироз

ІІ негізгі бөлім

2.1. Жарып - сою хаттамасы.

БҚО Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы «Сұңқар» шаруа қожалығы. Сиыр малын патологоанатомиялық жарып – сою.

Сиыр малы 22 наурыз 2019 жылы ауырды, емханаға 25.03.2019 жылы әкелінді. Орал қалалық ветеринарлық зертханасында машықтанушы студент Хайрушев А. мен оған бақылаушы ретінде бахдиагностика бөлімінің меңгерушісі Абекешов Н.Ж. және ветеринарлық дәрігер Сабыржанов А.Ө.-нің қатысуымен жүргізілді.

Анамнез

Сиыр малы дене температурасы 410С-қа дейін көтерілген. Азық жұту актісі бұзылған. Дем алысы мен жүрек тамыр соғысы жиілеуі байқалған. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болған. Терісі өлі еттенген. Мал қатты жүдеп, күйзеліске ұшыраған.

Ауырғаннан кейін 2 күннен соң, 24.03.2019 жылы өлді.

1.Сыртқы қарау.

І. Басты белгілер. Сиыр малының өлігі 2 жаста, етті бағыттағы тұқым, дене бітімі ортадан жоғары

ІІ. Өлекседегі өзгерістер. Өлексе салқындаған, жалпы дене бітімі бүтін, солғын бейнеленген.

ІІІ. Арнаулы білім.

3.1. Конъюктивасында қысың қабығы бозарған, көз алмасы солғын, көздің кілегей қабықтары қансызданып кеткен.

3.2. Ауыз қуысы – кілегей қабығы некрозға ұшыраған

3.3. Мұрын қуысы – кілегейлі сорап байқалады.

3.4. Сыртқы жыныс мүшелері – некроздалған.

3.5. Түктері – жоқ, түсіп қалған.

3.6. Терісі - әртүрлі учаскелерінде некроз ошақтары, кілегей қабаттарының сарғаюы.

3.7. Желін, үрпі жолдары – сыртқы кілегей қабығы некроздалған.
2.Ішкі қарау.

2.1. Бұлшық еттері мен сіңірлері – солғын тартқан және қою күлгін түстес, ісік байқалады, сарғыш түстер мен дақтар тәрізді қан құйылулар бар.

2.2. Буындары – үсті аздап ісінген, буын қуыстарында аздаған жылтыр сарғылт түсті созылған сұйықтық.

2.3. Сүйіктері – бүтін, жарылған жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы ұрыс.

2.4. Құрсақ қуысы – сарысуға толы.

2.5. Өңеш – ісік пайда болған.

2.6. Асқазан – жалбыршақ қарын құрғақ нығыздалған азыққа толы.

2.7. Ішектер – сірілі және кілегей қабықтарында қан құйылымдар. Шажырқай сол түйіндері қанталаған.

2.8. Бауыры – үлкейген, сары, қоңыр түсті. Паринхимасында некроз.

2.9. Өт қабы – үлкейген, қара көк өкпе толы.

2.10. Бүйректері – қан құйылу байқалады, ісіңкі, сыртқы қабықтары сұрғылт тартқан, қабығы қолмен оңай сыпырылады, көлемі ұлғайған.

2.11. Несеп ағар, қуық және несеп шығару жолдары – қою күрең түсті, несеппен кернелген, кілегей қабығы қабынған.

2.12. Жатыры – қабынған.

2.13. Көкірек қуысындағы органдар – сарысуға толы.

2.14. Кеңірдек және бронхылар – кілегей қабықтары жылтыр, қызғылт - қоңыр түсті, қабынған.

2.15. Өкпе – ісіңкі, қан құйылған, бронхтары көбікке толы.

2.16. Жүрек – бұлшық еті пісірілген ет түсіндей.

2.17. Қан тамырлары – қан кернеген.

2.18. Талағы – гиперемияланған, сәл еті жұмсарған.

2.19. Лимфа түйіндері – аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі инфильтрациялық жасунықпен қапталған, қан құйылу байқалады.

2.20. Бас миы мен жұлыны – сол түйіндері үлкейген, айналасында жалқаяқ жиналған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет