2.2. Этиологиясы мен патогенезі....................................................... 11
2.3. Клиникалық белгілері.................................................................. 12-13
2.4. Патологоанатомиялық өзгерістері............................................. 14
2.5. Диагноз. Дифференциальдық диагноз...........................................15
2.6. Емдеу................................................................................ 16
2.7. Аурудан сақтану және күресу шаралары.......................................... 17
III. Қорытынды..................................................................... 18
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................19
Кіріспе
Жалпы ауыл шаруашылығын, соның ішінде ветеринария саласын дамытудың бірден бір жолы – малдарды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан сақтау болып табылады. Осыған орай мал шаруашылығы мамандарының алдына қойған мақсат міндеттері болады. Осы мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мал басын көбейтіп, оның өнімділік сапасын арттыру керек. Бұл үшін мал мамандары шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік, зоотехникалық қызмет көрсетуді, малдардың бағылуы мен азықтандыруына, азық сапасын көтеруін, ветеринарлық шаралардың уақытылы және жоғары деңгейде өткізуді талап етеді.
Адам және жануар липтосперозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы А.Weil, 1888 Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары аурудың клиникалық картинасын нақты сипаттады. Содан соң осы ғалымдардың құрметіне аталмыш ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында Е.Дьяченконың Кубаньдағы мүйізді ірі қара иктерогемогмобинуриясының клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды. Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған адамның қанымен зақымдалған теңіз шалқалардың бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spiroclaeta ictero haemorr laguae деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырғышы Leptospira деп атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді.
Лептоспроз (leptospirosis) – қысқа мерзімді қызбамен, қан аздықпен, сарғаюмен, гемоглобинуриямен, іш тастаумен, септицемия, кілегейлі қабықтар және терінің некрозымен, ішек-қарынның әлсіреуімен сипатталатын жұқпалы табиғи ошақты ауру. Бұл аурумен барлық мал түрі ауырады. Әсіресе, ірі қарада, жылқыда, қойда, шошқада, бағалы терілі аңдарда жиі кездеседі. Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері. Ауру қоздырғышы лептоспира суатта, көлшіктерде, батпақты жайылымдарда, көк өрістерде тез өсіп өнеді. Малдың организміне лептопиралар ауыздың немесе танау қуысының және ішек-қарынның кілегей қабықтары арқылы жұғады.
Лептоспироз табиғи – ошақтық аурулар қатарына жатады, оған энзоотиялық тә. Аурудан сәтсіз шаруашылықтардан асыл тұқымды малдар сатылса көптеген шаруашылықтар мен аудандарды қамтитын энзоотия түрінде белгі бере алады.
Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты ауыл шаруашылық малдары ауыратын жұқпалы ауруларды анықтау, себебі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, диагноз дәл қою арқылы емдеу, сонымен қатар олардың аурудан өлген жағдайда өлекселерін жарып сойып қарау, басқа малға жұқпауын қадағалау, яғни, алдын алу және күресу шараларын өткізу болып табылады. Осы шараларды нәтижелі жүргізсек, мал басы сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Ветеринарлық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да азаяды.
I.Әдебиетке шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |