«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»


Аурудан сақтану және күресу шаралары



бет11/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лептоспироз

2.7. Аурудан сақтану және күресу шаралары.

Шаруашылықта лептоспироза ауруына шалдыққан малдарды анықтасымен-ақ бөлектеп ұстайды да, лептоспироза ауруына қарсы сарысуды қолдану ережесіне сүйене отырып, емдейді. Сонымен қатар күдікті малға алғашқыда лептоспирозаға қарсы қолданылатын сарысуды жіберіп, жеті күн өткеннен кейін, оларға вакцинаны қолдану ережесіне сәйкес, бір рет екінші мөлшерлі вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылықтағы күдіктенген барлық малға әрбір жеті күн сайын, екі рет вакцина егіледі.

Ауру малдар тұрған қоралар көң-қоқыстан тазартылады. Жаңадан жағылған әктің 10-20%-к ерітіндісі немесе формалиннің 1-2%-к ерітіндісімен дезинфекциялайды. Мал қорада кеміргіштер пайда бола қалса, оларды химиялық және бактериялық дәрі дәрмекпен жойып отырады. Латоспироза ауруына шалдыққан малдардан сары ауру шығып жүдей бастаса, союға тыйым салынады. Лептоспирозамен ауырған, бірақ пайдалы мал болудан қалған және қатаң түрдегі сары ауруы жоқ, құндылығы аз малдарды союға шығарады. Мұндай малдардың етін ветеринарлық-санитарлық экспертиздің ережелеріне сәйкес пайдаланылады. Лептоспирозаға шалдыққаны күдікті болған етті әбден қайнатып, пісірген соң малға беруге болады.

Лептоспирозамен ауырған малдардың сүтін пісіріп тазартады. Содан кейін малға беруге болады. Ал, ауруға шалдықты деп күдіктенген малдың сүтін шек қоймай-ақ пайдалануға болады. Лептоспироза ауруынан сақтануды көздеп, жаңадан әкелінген малдарды 30 күн бойына, карантинге қояды. Жақын жердегі су жағасындағы жайылымға мал жаюға тиым салынады. Зиянды кеміргіш жәндіктермен үнемі күрес жүргізіледі. Етпен қоректенетін және басқа хайуандарға шикі ет беруге тиым салынады.

Лептоспирозаны емдеген шаруашылықтарда ауру шыға қалған жағдайда бұл ауруды қабылдағыш малдарға түгелдей жыл сайын, бір мәртебе вакцина қолданудың ережесіне сәйкес, лептоспираға қарсы жұмсалатын вакцина егіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет