Қосымша зерттеулер
Жарып – сою кезіндегі патологоанатомиялық өзгерістерді ескере отырып, бұған қосымша ретінде диагнозды нақтылау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық мал дәрігерлік зертханасына лабораториялық талдау үшін өлген малдың жүрегін, паренхиматоздық мүшелер бөліктерін, бүйрек перикардиальдық сұйықтық, қуық ішіндегі несебімен, жұлын сұйықтығын, бауырын зерттеуге жібердік.
Машықтанушы студент: Хайрушев А.Р.
ІІІ. Қорытынды.
Осы курстық жұмысымды қорытындылау келе, лептоспирозы – ірі қара, жылқы, қой, ешкілерде жиі кездесетін зардапты аурулардың бірі боп табылады. Ауру қоздырушысы Leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері. Жануар ағзасына алиментарлық жолмен түсуі нәтижесінде туындайды. Аурудың басты таратушы көзі – осы аурумен ауырып жүрген және лептоспираны тасушы көртышқандар болып саналады. Өйткені, бұл тышқандар мал суаратын суаттарды, малдың жемшөбін өзінің несебі арқылы лептоспираны үнемі жұқтырып отырады. Лептоспирлер организмге енген соң қан ағысымен бауырға енеді. Одан кейін олар қанмен барлық органдар мен тканьдерге таралады. Қоздырушының патогендік әрекеті эритроциттердің гемолизін, қан аздықты, тканьдерге жиналып, оларды сарғыш түрге айналдыратын қанның гемоглобиндері мен пигмент құратын билирубиндердің жиналуын тудырады. Өліммен аяқталудың себебі, қан аздықтың салдарынан жүрек жұмысының жеткіліксіздігі мен бүйректердің ауыр зақымдануының нәтижесінен дамитын уремия болады. Аурудың диагнозын нақтылау клиникалық, эпизоотологиялық, лабораториялық және патологоанатомиялық мәліметтеріне сүйене отырып жүзеге асырылады. Осыған сәйкес ауруды жою және болдырмас үшін емдік және алдын алу, профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.
Басты жолы – ауруды болдырмас үшін шаруашылықтарда дезинфекция жұмыстарының уақытылы жүргізілуі, кеміргіштермен күрес, етпен қоректенетін және басқа хайуандарға шикі ет беруге тиым салу, лептоспирозаға қарсы вакцина егу және ветеринарлық - санитарлық талаптарға сәйкес болуын қадағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |