«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»



бет4/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Лептоспироз

1.2. Вакцина егу профилактикасы

Вакцинология термині вакцина дайындайтын, сынайтын, қолданатын және вакциндеуден кейінгі қалыптасатын иммунитетті зерттеумен айналысатын ғылымдар арасында кеңінен танымал.

Вакцинология - вакциналар мен иммунитет туралы ғылым.

Вакцинация - вакцина көмегімен белсенді иммунитет түзу тәсілі.

Европада эпидемия кезінде вакцина алғаш рет қолданылған. Ол вакцина құрамына қоректік ортада шайылып, формалинмен инактивтелінген лептоспира суспензиясы енген.

Кеңестер Одағында адамдардың лептоспирозына қарсы вакцинаны А.А. Варфоломеева мен Г.Н. Ковальский ендірген.

Адсорбенттер қосылған (ашудас, алюминий сульфаты, алюминий гидрооксиді) Pomona, Icterohaemorrhagiaе сероварларының лептоспироздық вакциналарын H.C. Ellinghausen ұсынды.



C.I. York және I.A. Baker тауық эмбрионында өсірілген лептоспиралардың Pomona штамынан дайындалған вакцинаны ұсынған.

Моновалентті формолглициринді вакцина Ресейде лептоспироздан сәтсіз шаруашылықта сынақтан өткізіліп оң нәтиже алынған.

Ресей және ТМД елдерінде лептоспироздың алдын алу үшін келесі вакциналар ұсынылады:

- ірі қараның қарасаны мен лептоспирозына қарсы ассоцирленген вакцина;

- жануарлар лептоспирозына қарсы «ВГНКИ» поливалентті вакцина;

- жануарлар лептоспирозына қарсы концентрленген вакцина;

- шошқаның лептоспирозы мен парвовирустық инфекциясына қарсы ассоцирленген вакцина;

- шошқаның парвовирустық ауруларына, лептоспирозына, Ауески ауруына және хламидиозына қарсы концентрленген инактивтелінген вакцина;

- жануар лептоспирозына қарсы лиофильденген вакцина;

- лептоспироз және құтыруға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина («Лепторабизин, ЛБ»);

- құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина (Эурикан RL);

- құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық біріктірілген инактивтелінген вакцина (Nobivac RL)

- ит обасы, аденовирустық инфекциясы, парво- және короновирустық энтериті, лептоспирозына және құтыруына қарсы вакцина («Мультикан»);

- ит обасы, инфекциялық гепатиті, аденовироз, парвовирустық энтериті және лептоспирозға қарсы поливалентті вакцина («Гексаканивак»);

- обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, параинфлюенцияға, лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина («Dyramun»);

- обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, короновирусқа, парагрипп және лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина («Dyramun» МАХ 5-СV/4L);

- ит обасына, аденовирозына (тип 2), парвовирозына, респираторлық инфекциясына (тип 2), лептоспирозына және құтыруына қарсы поливалентті біріктірілген вакцина (Eurican DHPPI2 LR);



- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі поливалентті инактивтелінген вакцина («Нарвак»);

- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі поливалентті инактивтелінген вакцина («Биовак L»);

- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі бивалентті инактивтелінген вакцина («Nobivac Lepto»).

Уыттылығы жоғары,антигендігі мен иммуногендік қасиетке ие лиофилденген вакцина Помона және Тарассови лептоспираларынан Болгарияда дайындалған.

Кешендi иммундеу жануар ағзасына едәуiр оң әсер бередi. Кешендi препарат компоненттерiнiң бiрiнiң иммунизаторының әсерiнiң әлсiреуi олардың дозаларының қажетті мөлшерде сақталмауынан болады.

Лептоспироздың арнайы алдын алу шараларында келтірілген әдебиет көздерінен алынған мәліметтерді жинақтай отырып, қысқаша мынадай тұжырымға келуге болады:

- серовар және серотоп бойынша лептоспиралардың өндірістік штамдарын таңдап алу лептоспирозға қарсы сапалы вакцинаны өндірудің басты шарты болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет