1.1. Тарихи дамуы.
Ауру тарихы. Адам және жануар лептоспирозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы А. Weil; 1888 жылы Н.П. Васильев адамның жұқпалы сары ауруының клиникалық картинасын нақты сипаттады.
Содан соң, осы ғалымдар құрметіне бұл ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында Е. Дьяченконың Кубаньдағы ірі қара иктерогемоглобинуриясының клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды.
Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған адам қанымен зақымдалған теңіз шошқаларының бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spirochaeta icterohaemorrhagiaе деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырушыны Leptospira деп атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді
К.П. Студенцов (1966) мәліметтеріне қарағанда лептоспирлер пішініне байланысты С және S әріптері тәріздес. Осыған орай лептоспира атауы гректің екі сөзінен құралған:
Leptos – ұсақ, spira – иір. Spirochaetaceae тұқымдасының leptospira туысына жатады. Халықаралық жіктеуге сәйкес, лептоспир туыстары екі түрде: лептоспир – паразиттер (L.interrogans) және лептоспир – сапродиттерден (L. biflexa) құралады. Қазіргі уақытта L.interrogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L. Biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді.
А.И. Протасов (1968) зерттеулерінде лептоспирлер аздап жарық сәулесін сындырады, сондықтан оларды микроскоптың «қараңғы бөлімінде» қарайды. Олар нәзік спиральмен қоршалған жіңішке жіп болып көрінеді, активті қимылы бар. Олардың мөлшері 4-15х0,2-0,4мкм, шеттері (бір немесе екі жағы) қайырылған және домалақтанған жуандауы бар. Лептоспирлер 26-280С температурада және РН 7,2-7,4, үй қояндарының немесе қойлардың қан сарысуы қосылған әртүрлі қоректік ортада культивирленеді. Лептоспирлер ұзақ уақыт төменгі температурада, тіпті суыққа қатырғанда да сыртқы ортада сақталады. Өзен мен көлдердің суларында 200 күнге дейін өмір сүргіштігі сақталады. Тура түскен күн сәулелері мен кептіру оларды 2 сағатта, 550С дейін қыздыру – 30 мин. Кейін, 760С және одан да жоғарғысы – кенеттен өлтіреді, 20% спирт, 2% тұз қышқылының ерітіндісі, фенолдың 0,5% ерітіндісі, формалиннің 0,25% ерітіндісі микробтарды 5 минуттан кейін өлтіреді.
А.П. Шатров пен А.Ф. Кирпичев (1971) деректеріне сүйене келсек, бұл індеттің пайда болуы Қазақстан жануарларының Солтүстік Кавказдан, Украинадан, Роспов облысынан әкелінуімен байланыстырады. Қазақстанда қойлардың лептоспирозы 1943 жылы тіркелген.
Т.Телеуғалиев (1970) жазбалары бойынша бұл ауруды гемоспоридиоз ауруларынан ажырату керек. Гемоспоридиозда талақтың көлемі ұлғаяды, ал лептоспирозда талағы әдеттегідей болады. Лептоспирозда аурудың кілегей қабығы өлі еттенетін болса, гемоспоридиозда ол кездеспейді.
Т.А. Кононов (1973) бойынша шошқа аурудың жіті және жетілеу түрімен ауырғанда олардың сол түйіндері сәл ғана ұлғаяды, қызыл сұр тартады, пышақпен тілгенде ойдым-ойдым боп қанталағаны байқалады. Көмекей бездерінде өлі еттенген сары түсті участоктар пайда болады.
Талақ сәл үлкейген, етегі нүкте тәрізденіп қанталаған. Бауыры сарғаяды немесе қызыл - қоңыр түсті болады. Бүйректері сәл үлкейеді. Қызыл - сұр түсті. Аурудың созылмалы түрінде бүйректерінің үстіңгі жағы нүкте тәрізді қанталайды. Етінің түсі солғын қызыл кейде сәл сарғыш тартады.
Э.С. Плотников (1975) негіздеріне назар аударар болсақ, сауылатын малдар сүт беруін азайтады немесе біржолата тоқтатады. Буаз малдар іш тастайды немесе бұзаулар нашар болып туады. Ал ауырған малдан туған бұзауда алғашқы күннен-ақ дене температурасы көтеріледі, тәбеті жоғалып мұрнынан кілегей ағады, конъюктивиясында ірің пайда болып, қатты арықтайды.
Б. Көпбосынов (1978) мәліметінше лептоспирозбен тек жануар ғана емес адамда ауырады екен.
С.А. Амреев, Л.П. Баяринова зерттеулеріне қарағанда 1998 жылы бұл ауруға 806 адам шалдыққан. Бұл дегеніміз дерттің жылдам ұшығатынын көрсетеді.
Т.Сұлтанқұлов (1978) пікірінде шаруашылықта лептоспироз ауруы анықталғанда ауру малды бөлектеп оған қан сарысуын тері астына 10-12мл дейін инемен жібереді. Қалған барлық малды вакцина мен әр жеті күннен кейін 2 рет егеді. Аурудың клиникасы білінбесе және күдікті болса малды союға болады. Мұндай малдың етін мал дәрігерлік экспертизаның ережелеріне сәйкес пайдаланылады. Ал сүтін жақсылап қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Ауырған малға 40%-к глюкоза ерітіндісін қанына жібереді. Асқазанның жұмысын жақсарту үшін глаубер тұзын (200-1000г дейін) суға езіп ішкізеді. Бір аптаға дейін әр киллограмм салмағына 60000 ЕД есеппен стрептомин береді. Жылқыға емдік мақсатпен әр киллограмм салмағына (0,005-0,01 кг қан тамырына) нарсульфазал жібереді. Ауру малдың тұрған жерін әктің 10-20%-к ерітіндісімен немесе 2%-к креолин, 1-2%-к формалин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Жаңадан келген малды 30 күн карантинде ұстайды.
А.А. Конопаткин (1984) жазбаларында лептоспираның морфологиялық құрылысы білік жіпке тізгендей бірімен-бірі қабыса бұйраланып, өте ұсақ спирал тәрізді көрінеді. Лептоспираның ұзындығы 5-тен 18 метрге, 2-0,2-ден 0,3 метрге дейін болады. Бұл микроорганизмнің басы қармақ сияқты иіліп келіп, ұшы түйме тәріздес сүмбіленеді. Лептоспиралардың тағы бір қасиеті олар анаминдік бояумен боялмайды, Романовтың әдісі бойынша көк - сұр түске боялады. Ал күміс жалатылса қоңыр немесе қара түске айналады.
Б.Ф. Бессарабов (1984) лептоспироз кезінде ауырып айыққан малдарда берік және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады дейді. Кейде ол стирилсіз. Активті иммундау үшін поливалентті ВГНКИ депонирленген вакцинасын қолданады, онда елдің қай аймағында болсын ең жие кездесетін лептоспирлердің әр түрлі сероптары үйлескен екі варианттары шығарылғандары пайдаланылады.
Б.И. Антонов (1986) дерегінде ауруға диагнозды-клиникалық, паталого-анатомиялық, індеттік деректердің, бактерологиялық, серологиялық, гистологиялық және лабораториялық зерттеулер негізінде қояды. Малдың тірі кезінде жаңадан жиналған несеп пен қан, ал өлгеннен кейін бауыр бүйректер және кеуде мен іш қуыстарының транссудаттары тексеріледі. Аурудың 5-7 күннен бастап микроаглютинация (РМА) және макроаглютинация реакциялары бойынша қан сары суын тексереді. Тексеруді лептоспирдің типтелденген штамдарының жиынтығымен жүргізеді. Сары су титрі РМА-да 1:500 және одан жоғары немесе РА-да 3-4 кресі бар малдарды лептоспир тасушылар деп қарайды.
Серологиялық диагноз қойғанда лептоспердің қоздырғышы деп ең жоғары титрдегі антительдер табылған серологиялық топтың липтоспирлері саналады.
П.В. Житенков (1989) мәліметтері бойынша бұл ауруда жарып сойған кезде барлық органдар өзгерістерді анық көруге болады.
Айталық, терінің әртүрлі учаскелерінен некроз ошақтарын, көзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюын және ауыз қуысының кілегейлі қабығында ойық жараларды табады. Ішін жарғанда көп жағдайда барлық тканьдердің сарғаюы мен тері асты клетчаткасында, ішектің сірілі және кілегейлі қабықтарында, өкпеде, жүректе, бүйректе, жолақта қан құйылуларда көруге болады. Сол түйіндері үлкейген және сарғайған. Бүйректер үлкейген. Олардың сыртында кішкентай сары ошақшалар көзге түседі, қыртыс және іш қабықтарының шекаралары байқалмайды. Қуықтың кілегейлі қабығы қан құйылумен тұмшаланған. Бауыр екі есе ұлғайған, босаңдаған, кесілген жері саз түсті.
И.А. Бахулов (1993) зерттеулері бойынша аурудан сәтті шаруашылықтарға малдарды тек қана лептоспирозды серологиялық тексерулердің нәтижесі теріс деп танылғанда сәтті шаруашылықтан әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |