«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»



бет9/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Лептоспироз

2.4. Патологоанатомиялық өзгерістері.

Өлексені тексергенде терінің әртүрлі учаскелерінен некроз ошақтарын, көзге көрінетін кілегей қабықтардың сарғаюын және ауыз қуысының кілегейлі қабығында ойық жараларды табады.

Ішін жарғанда көп жағдайда барлық тканьдердің сарғаюы мен тері асты клечаткасында, ішектің сірлі және кілегейлі қабықтарында, өкпеде, жүректе, бүйректе, талақта қан құйылымды көруге болады. Жұтқыншақ, мойын, омырауы ісінеді. Бастың сол түйіндері үлкейіп кетеді, айналасында жалқаяқ жиналған. Шажырқайдың сол түйіндері қанталаған. Көкірек және құрсақ қуыстары сарысуға толы. Бауыры үлкейген, сары-қоңыр түсті. Өт қабы үлкейіп, қара көк өтке толады. Өкпесі ісіңкі, қан құйылған, бронхтары көбікке толы. Жүрек еті балбыр, бозғылт тартқан, қуысында ұйымаған қан бар. Талағы өзгермеген, тек еті сәл жұмсарған. Бүйректері ісіңкі, сыртқы қабықтары сұрғылт тартқан, қабығы қолмен оңай сыпырылады Жалбыршақ қарын тығыздалған азыққа толы.

Аурудың созылмалы түрінде негізгі өзгерістер сол түйіндері мен бүйректерінде болады. Сол түйіндері, бүйректері үлкейеді, бұжырланады. Кілегей қабықтары өлі еттенеді.



2.5. Диагноз

Диагноз - клиникалық, патологоанатомиялық, індеттік деректердің және лабораториялық зерттеулердің негізінде құйылады. Малдың тірі кезінде жаңадан жиналған несеп пен қан, ал өлгеннен кейін бауыр, бүйректер және кеуде мен іш қуыстарының транссудаттары тексеріледі. Аурудың 5-7 күнінен бастап микроагглютинация (РМА) және макроагглютинация реакциялары бойынша қан сарысуы тексеріледі. РМА-ның ерітілгендігі 1:400 көрсеткіші бойынша, анықтау – диагнозы оңды деп саналады. Қажет болған жағдайда қанның реакциясын (РСК) компонентпен байланыстырып, бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. Тексеруді лептоспирдің типтелген штамдарының жиынтығымен жүргізіледі. Сарысу титрі РМА-да 1:500 және одан жоғары немесе РА-да 3-4 кресі бар малдарды лептоспиртасушылар деп қарайды. Серологиялық диагноз қойғанда лептоспирдің қоздырушысы деп ең жоғары титрдегі антителдер табылған серологиялық топтың лептоспирлері саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет