«Патологиялық анатомия» пәні бойынша Курстық жұмыс Тақырыбы: «Лептоспироз»



бет7/14
Дата19.12.2021
өлшемі141 Kb.
#103372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Лептоспироз

Патологоанатомиялық диагноз:

  1. Некроз

  2. Веноздық империя

  3. Лимфоденит

  4. Бронхопневмония

  5. Бауырдың гипертрофиясы

  6. Копростаз


Қорытынды:

Өлексенің сыртқы және ішкі патологоанатомиялық өзгерістеріне қарап, малдың лептоспироз ауруымен ауырып өлгендігі анықталады.



2.2. Этиологиясы және патогенезі.

Жұқпалы аурудың негізгі көзі – ауру мал және ауырып жазылған мал. Бұл малдар бірнеше ай бойына лептоспира тасушы болып жүреді де, аурудың қоздырғыштарын несеппен сыртқа шығарады. Лептоспира тасығыштық қасиет түлкіде 514 күнге дейін, сиырда 210 күнге дейін, кеміргіш жәндіктерде өмір бойы сақталынады. Бұл жағдайда ауруды жұқтырудың көздері, лептоспироза мен лептоспироза тасығыш ауру малдың несебімен былғанған суаттар мен жем-шөпте болады. Негізінен аурудың жұғуы алиментарлық жолмен болады. Бірақ малдардың суға түсуі кезінде немесе ауру жабысқан заттарға жұғысуынан терісінің және кілегей қабықтарының зақымданған жері арқылы малдың немесе лептоспира тасығыштардың шикі етін жегендіктен ауруға шалдығады. Лептоспираның көп таралуына себепкер болатындардың бірі осы аурумен ауырып жүрген және лептоспираны тасушы көр тышқандар болып саналады. Өйткені, бұл тышқандар мал суаратын суаттарды, малдың жем - шөбін өзінің несебі арқылы лептоспираны үнемі жұқтырып отырады.

Лептоспирлер организмге енген соң қан ағысымен 12 сағаттан кейін көп мөлшерде жабуға болатын, өсіп-өнетін жері бауырға енеді. Одан кейін олар қанмен барлық тканьдер мен органдарға таратылады. Бактеремия дене температурасының көтерілуіне себепші болады. Организмде жиналған антителдер антигеннің әрекетінен қорғанысы бар және ирелеңді жолдарында өсіп өнетін бүйректерден босқа барлық органдар мен тканьдерден басқа барлық органдар мен тканьдердегі лептоспирлерді біртіндеп зиянсыздандырады. Лептоспирлердің ұзақ уақыт несеппен бөлініп шығуы осымен түсіндіріледі. Қоздырғышының патогендік әрекеті эритроциттердің гемолизін, қан аздықты, тканьдерге жиналып, оларды сарғыш түрге айналдыратын қанның гемоглобиндері мен пигмент құратын билирубиндердің жиналуын тудырады (желтуха). Бауыр қатты зақымданса тағы да сарғаюға себеп болатын өттің біразы тура қанға құйылады. Сондықтан сарғаю лептоспирозда аралас типті (гемолитикалық-паринхимиялық) болады. Гемоглобиннің біразы несеппен шығады. (қызыл несеп). Пайда болған интоксикация қан ұю мен мен некроздар арқылы білінеді. Лептоспирлердің плацента барьері арқылы енуі ұрықтың өсуі мен іш тастауға әкеп соқтырады. Бірақ буаздықтың екінші жартысында инекцияланған ұрықтар тірі қалуы мүмкін, өйткені, енді олар қорғаныс анти денелерін жасай алады. Өліммен аяқталудың себебі қан азаюдың салдарынан жүрек жұмысының жеткіліксіздігі мен бүйректердің ауыр зақымдануының нәтижесінен дамитын уремия пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет