Бүкіл әлемнің өліп қалуы мүмкін бе? ЖҚТБ бәрімізді бірдей өлтіре қоймас. Кез келген топта, қалада немесе халықта нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатындар арасында ЖҚТБ ауруы тез таралады. Тәуекел етуге аса асықпайтындар арасында баяуырақ, ал тәуекелге бел байлауға құштар емес адамдар арасында өте баяу таралады. Қанша адамның ауруды жұқтыратыны және қаншалықты тез екендігі тек аталған топтардың әрқайсысына қанша адам жататындығына байланысты. Егер біз үнемі нар тәуекел деп өмір сүру салтын ұстанатын адамдарды осы райынан қайтуға көндірсек, ең болмағанда ЖҚТБ-ның таралуын бәсеңдетер едік. Угандада АҚТҚ-ны жұқтырған жас келіншектердің саны 22%-дан 7%-ға дейін азайған. Ағартушылық іс адам өмірін сақтайды, бірақ бүкіл қоғамның жүріс-тұрысын өзгерту — уақытты талап етеді.