Мәселені қабылдамау Батыс елдеріндегі мен араласып жүрген адамдар ауру адамды өздері кездестірмейінше, ЖҚТБ мәселесін шындап қабылдамайды. Сіздің жан досыңыздың өлім үстінде жатқандығын білу — естен тандырарлықтай жайт. Бұл «дұрыс емес» ауру деп ол туралы ешкімнің сөйлескісі келмейтіндігін байқаудан зоры жоқ шығар. Ол қатерлі ісік (рак) ауруына шалдықпаған, сондықтан да АҚТҚ-ны жұқтырған адамның басқалар үшін тіршілігі жойылады. Мұны ешкімнің де білгісі келмейді.
Алайда Руанда, Бурунди, Зимбабве, Оңтүстік Африка немесе Уганда секілді елдерде бәрі керісінше: мұнда әрбір отбасы ЖҚТБ-ның не екенін басынан кешкен. Адамдар үнемі осы аурудан қайтыс болып жатады: жолдың шетінде өздерінің өнімдерін тізіп қойған табытшыларға немесе ЖҚТБ-дан қаза тапқандарды көметін орын болмай, Африканың көптеген қалаларындағы зират басында жылап-еңіреген адам топтарына қараудың өзі де жеткілікті. Бірақ ЖҚТБ адамды таңғалдыратын жылдамдықпен тараған жерлерде басқа да мәселе бар: адамдар жантүршігерлік ақиқаттан теріс бұрылып, шындықты мойындамайды.
ЖҚТБ адамды білдірмей өлтіреді, өйткені АҚТҚ-ны жұқтырушы өзінің сырқаты жайлы тым кеш біледі. Бірақ мәселе адамдардың көпшілігі гомосексуал не нашақор еместігіне қарамастан, АҚТҚ-ның күн сайын 14 000-ға жуық адамға жұғып отыруында.
ЖҚТБ-дан мәңгілікке көз жұмып жатқан адамдардың көпшілігі некеге тұрғанға дейін ала жіпті аттамай, пәктігін сақтап келгендер. Олар ауруды өздерінің серіктерінен не дәрігерлік жәрдем алған кезде құрамында АҚТҚ бар қанды немесе лас ине мен дербес инені (шприц) қолданғаннан жұқтырған. Үндістан тәрізді елдерде көптеген адамдар ЖҚТБ туралы уайымдамайды, өйткені әзірше … олардың ешбіреуінің танысы бұл аурудан қаза тауып жатқан жоқ. Бірақ мәселе мынада: сіз достарыңыздың біреуі ауруды жұқтырғанын естіген кезде, сол ауруды тағы жүз адамның жұқтырғанын және олардың көп ұзамай о дүниеге аттанатынын болжай аласыз. Істің нәтижесі бірден бола қоймайды.