Тізбекті реакция Қазіргі теледидардан көрсететін немесе олар туралы газеттерде жазатын ЖҚТБ ауруына шалдыққандар ауруды 90-жылдардың бас кезінде жұқтырса керек. Соңғы бес-он жыл ішінде олар өздерін қалыпты сезінген және тіпті инфекция жайлы ойларына кіріп те шықпаған шығар.
Алғашқы жылы сіздің ықшам ауданыңызда екі-ақ адам ауру жұқтырғанын көз алдыңызға келтіріп көріңізші. Он екі ай өткеннен кейін олардың саны енді төртеу болады. Тағы бір жыл өткенде олардың саны сегізге жетеді, ал тағы бір жыл өткеннен кейін он алты болады. Әзірше бәрі өздерін жақсы сезінеді әрі сырттай денсаулығы дұрыс секілді болып көрінеді. Тіпті ешкім денсаулығымда мәселе бар деп күдіктенбейді де. Жарты жыл өткен соң қырық адам, ал тағы да жарты жылдан соң жүзге жуық адам о дүниеге аяқ басады. Таралудың мұндай жолдары Африка және басқа да елдерде кәдімгідей орын алған.
Осы кезде алғашқы болып ауру жұқтырғандардың бірі жұмбақ сырлы жұқпалы вируспен ауырып, алты апта көрінбей кетеді. Ауруханадан шыққаннан кейін ол біршама шаршағандай болып көрінеді, әйтсе де, бір-екі аптадан соң әдеттегі күнкөрісіне қайтып оралады. Алты ай өткеннен кейін достары оның жүдеп кеткенін және күндердің күнінде ол дем ала алмай тұншыға бастағандықтан, оны «жедел жәрдем» әкетіп бара жатқанын байқайды.
Келесі күні таныстарының біреуі оның халін сұрамақшы болып келгенде, оның өкпе қабынуынан қайтыс болғанын біледі. Бір апта өткен соң оның ағасы сыраханада біреуге дәрігерлер оны ЖҚТБ-дан қайтыс болды деп күдіктенетіндігін айтады. Дәл сол түні сол «клубта» 102-нші адам ауру жұқтырған адаммен қауіпті байланысқа түскен. Егер сіз осылайша өзіңіз тұратын қалада он адамның ЖҚТБ-дан қаза тапқанын білетін болсаңыз, онда сіздің қалаңызда өзін жақсы сезініп жүрген шамамен 250-ден 1000-ға жуық адамның вирусты жұқтырғанын да білуге тиіссіз.