Павлодар қаласы «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей- интернат» ММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі
Камзанова Гульнара Екпиновна
«Тұлғалық – бағдарлы оқыту негізінде оқушының танымдық қабілетін дамыту»
Қазіргі кезеңде егеменді Қазақстанның өсіп-өркендеу барысында жас буынның білім алуына ерекше көңіл бөліп отыр және осыған орай мемлекет білім беру үдерісінің талаптарын да күшейтті. Ең бастысы, түлектердің бәсекелестікке қабілетті, тұлғаны әлеуметтендіру,өз елінің патриоты мен белсенді азаматтық позициясымен тәрбиелеу.
Жұмыстың өзектілігі: бүгінгі таңда адами капиталды дамыту міндеті тұр, бұны әр оқушыны тұлға ретінде жан-жақты дамыту деп түсінеміз. Лицей дарынды мектеп аталғандықтан, соған сәйкс білім беру қызметі мен ата-аналар сұранысын қанағаттандыру мәселесі бірінші орында тұрады. Әрқайсысына жеке көңіл бөліп, дамыту сатыларынан өткізу қажет. Ол тиімді және оңтайлы оқыту технологиясы қолданамыз. Сол себепті осы оқытуға таңдау жасалды.
Мақсаты: оқушының оқу іс-әрекетін тұлғалық-бағдарлы оқыту технологиясын қолдану негізінде ұйымдастыру арқылы адами капиталдың өсуін қамтамасыздандыру.
Білім алушылардың танымдық қабілетін арттыруда тұлғалық-бағдарлық оқытудың маңызы зор. Барлық оқушылардың білім деңгейін бір жүйеге, қалыпқа түсіру үшін көптеген жұмыстар, яғни қадамдар жасалды. Осы жерде Иган бойынша тәжірибелі көмекшісінің моделі, құнды нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттерін басшылыққа алуға болады.
Тәжірибені талдау
Күтілетін нәтижелерді анықтау
Әрекетті талдау
иімділігін анықтау
Тиісті стратегияны таңдау
Проблеманы анықтау
Мақсат кою
Мақсаттың тиімділігін анықтау
Өзекті проблемаларды анықтау
Іс-әрекет жоспарын әзірлеу
Құнды және сапалы, тұрақты нәтижеге жету үшін әр оқушының жеке жұмыс жасап, көңіл бөлуге бағытталған көптеген оқыту технологияларымен танысып, саралап, соның ішінде тұлғалық- бағдарлы оқытуды таңдау басшылыққа алынды.
Зерттеушілер тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі оқушының өзін-өзі
тануына, өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне қажетті тұрақты
жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқушыларды саналы әрекеттер жасауға ұмтылдырады деп есептеді. Осыған байланысты тұлғалық-бағдарлы жүйенің басты ерекшеліктері аталды. Олар:
-тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесінде оқушы өзіне іштей және сырттай
үңіле отырып, өзін басқа оқушылармен салыстыруға, өзінің қылықтар мен
мінез-құлықтарын бағалауға, өзін және басқаларды мінездің жағымды және жағымсыз белгілері жиынтығы ретінде емес, тұтастай қабылдау мүмкіндігіне ие болады;
-өз күш-жігерін ұштай отырып, оқу және өмір сүру жағдайларына тұрақты
ықпал ете отырып, өзін басқаруға үйренеді;
-өзінде байқалған жеке эмоционалдық кедергілерді жеңіп шығуға
үйренеді;
-қоршаған ортамен үйлесімді қатынас жасау жолымен тиімді қарым- қатынас жасауға үйренеді.
Тұлғалық-бағдарлы оқыту нәтижесінде қалыптасатын оқушы тұлғасы моделі:
-проблемалық жағдайлардан шығу жолын өз бетінше таба алатын,
шығармашылық ізденіс талап ететін іс-әрекетті жүзеге асыра алатын тұлға;
-қоршаған ортаға үйлесімді ене алатын және диалогке қатыса алатын жан-жақты интеллектісі бар және мәдени деңгейі жоғары тұлға;
-өмірде «Мен-концепциясын» өз- өзін жүзеге асыру, өз - өзін байқату, өз-
өзін -жандандыру, өз -өзін реттеуге қабілетті тұлға. Аталмыш модельге жету үшін жүйелі де ауқымды іс-әрекеттер жүргізу керек.
Тұлғалық-бағдарлы оқытуда оқушы білімді өзіне шын мәніндегі
қажеттілік ретінде қабылдауын ұйымдастыруға басты назар аудару қажет.
Білімді өзінің қажеттілігіне айналдыру үшін:
1.сабақ үдерісінде білім алушы үшін маңызды, өмірден алынған мәселені қою;
2. мәселені шешуге қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру;
3.мәселені шешу үшін белгілі бір білім мен біліктерді жоспарлау және қолдануды жүзеге асыру;
4.шығармашылық, зерттеу және ізденіс іс-әрекеті нәтижесінде дайын өнім алу;
5.жасалған жұмысты қорытындылау, өзінің алған нәтижелерін көрсету және таныстыру. Бұл міндеттерді орындау барысында алынатын нәтижелерді екі түрге бөлуге болады:
сыртқы нәтиже – іс жүзінде көруге, саналы түсінуге, өмірде тәжірибеде
қолдануға болатын нәтижелер. Бұларға жататындар: тұсаукесер, плакаттар,
оқулық, жадынамалар және т.б. жасау болып табылады.
ішкі нәтиже - өзіне білім, білік, құзыреттілік пен құндылықтарды
біріктіретін іс-әрекет нәтижесі болып табылады.
Оқу іс-әрекеті құрылымын былайша анықтауға болады:
1.оқу есептері - оқушы нені меңгеруі қажет, соны көрсетеді;
2.оқу әрекеттері – оқушы меңгеруі тиіс оқу материалын өзгерту, бұл оқып-
үйренілетін нәрсе қасиетін анықтауы үшін оқушы жасайтын нәрсе;
3.бақылау әрекеті – оқушы әрекетті дұрыс жасауына сілтемелер;
4.бағалау әрекеті – оқушы нәтижеге қол жеткізгендігін немесе
жеткізе алмағанын анықтау.
Аталмыш әрекеттердің жүзеге асуын мынадай іс-әрекеттерден көруге болады. Оқушыға маршрут картасын қолдануға болады. Алдымен мен кез келген тапсырмаға қол жеткізу мүмкіндігін және олардың шығармашылығын іске асыру немесе қиындықтар туындаған кезде оқушы өтуге тиісті кезеңдерді түсіндіру кезінде пайдалы болатын карта. онда бақылау сұрақтары қамтылады, мысалы, «Өзіңе қажеттінің бәрі бар ма?» және «Саған тапсырма түсінікті ме?».
Оқушыларды осы картамен қызықтыру үшін, олардың жауапкершілікпен қарау керек екендігін сезіндіру үшін өздерін осы картаны жасауға қатыстыру қажеттігі бар. Келесі қадам оқушылармен маршрут картасын қолданылуы мен оларға арналғанын талқылау. Бұл мұғалімге оқушыларда өзінің жеке түсінігін дамыту үшін дағдыларды қалыптастыра отырып, түсіндіруіне аз уақыт кетіруге мүмкіндік береді; сондай-ақ тапсырмалар арқылы даму қарқынын мүмкін болатын жекелеуді жасай отырып, бір нәрсеге өз бетімен жұмыс істеу, бір нәрсеге жүгінуіне мүмкіндік береді. Енді таныстырамыз. Маршрут картасындағы бақылау нүктелері:
«Өзіңе қажеттінің бәрі бар ма? Қиыншылық!
Жауапты оқушы:
Тапсырманың құрылысын анықтау.
Менен не талап етіледі?
Сапалы оқу нені білдіреді?
Шеңбер бойынша жемісті қозғалыс:
Мысалдардың орындалу үлгісін қара.
Үш оқушымен кеңес.
«Ойлау құралдарын» пайдалана отырып, кідіріп ойлан.
Дәлел келтір (дәлел келтіруге қабілетті, өте жақсы жетістіктерге жететін оқушы, 3 және 4-сұрақтарға байланысты).
Уәждеме (оқушылардың орындай алатын максималды мөлшерін орындауға дәлелі).
Мұнда оқушылар мұғалімнен көмек сұрай алады.
Қауіпті жағдай.
Оқушылар сұрақ қоюлары мүмкін: Неге? Қалай? т.б.
Мәре сызығы: Жарайсың, сен қабілетті оқушысың!
Ал 11-сыныпта Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын өткенде, автор туралы естеліктерді, ғылыми ой-пікірлерді слайдтар арқылы көрсетіп, анализ, синтез, салыстырма, қорытынды жасап, өзара пікір алмасты. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуға байланысты сыныптағы қарым-қатынас сипаты мен ондағы болып жатқан әлеуметтік үдерістер жетістіктерге себепші болады. Өлеңдері мен поэмасын талдау барысында өзара пікір алмасты, өйткені сыныпты «талқылау жөніндегі серіктес» стратегиясы бойынша бөлінген. Бұл жерде үш оқушыдан топқа бөлінеді және тұрақты топ құрады, мұғалім: «осыны талқылау жөніндегі серіктестеріңмен талқылаңдар» деп айтатын кезде, оқушы кіммен жұмыс жасайтынын біледі. Атап айтқанда, егер оқушы осындай әдістеме бойынша жұмыс жасай білмесе, жұмыстың бастапқы сатысында осындай талқылаулар мақсатын қайта талқылау және жүйелі түрде талқылау жөніндегі серіктестер әдістемесінің мақсаты туралы оларға ескерту қажет.Енді қаншалықты оқып түсінгендерін, жан-жақты әдеби талдаулар жасау үшін постер арқылы таныстырылым жасауға ұсыныс жасалады,осы кезде әрқайсысының танымдық қабілеттерін жаңа идеялармен байланыстыруға талпыныс жасайды. Зерттеуші Выготский танымдық дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында » жұмыс істесе, жақсаратынын атап көрсеткен, іс-әрекет барысында коллаборативті топ жұмыс жасады,яғни мұндай топ ортақ мақсатқа жетуге байланысты тапсырмалармен жұмыс жасайтын оқушыларды қамтиды. Сонымен қатар диалогтік оқытуда аса көңіл бөліне қоймайтын сұрақтардың өзіндік ерекшеліктеріне назар аудардым,сол себепті оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әдістерін пайдаланылды:
№
|
Сұрақ қою тәсілдерінің түрлері
|
Сауалдар
|
1.
|
Түрткі болу
|
1.Аталмыш поэманы оқыдыңыздар ма?
2. Шығармаларын біріктіретін ортақ идея,түйін туралы не айта аласыздар?
|
2.
|
Сынақтан өткізу
|
1.Автор поэмада адам мен табиғаттың үндестігін қалай суреттеген?
2. Жазушы шығармасында символизмді қалай көрсеткен?
3.Автордың шеберлігін танытатын тұстарына байланысты шолулар жасай аласыздар ма?
|
3.
|
Басқаға бағыттау
|
1.Құстарды не үшін алды деп ойлайсыздар?
2.Сіздердің ойыңызша, автор өз мақсатына қандай жолдармен жетті, тыңдарманның қызығушылығын қалай оятты?
|
Осы типтес сұрақтардың тәсілдері оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырады, ізденістер, анализ, синтез арқылы танымдық қабілеттерін дамытады. Сауалдарға жауап бергенде мынадай жағдайлар байқалды: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы оқытуға ынталандырады;шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды; білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады; әңгіме ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді; бір-бірінен үйренуге,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Рефлексия кезінде «Сұлу терек» әнін тыңдай отырып, Сәкен Сейфуллиннің әлеміне қорытынды жасау үшін «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланып, қорытынды жасалды. Бұл іс-әрекетке қатысушылар оқулықтың жаттанды сөзін қайталамай, өздері әдемі әуенді тыңдап отырған сәтте: «Көз алдарыңызға дара да дана, Көкшетаудай кербез Сәкен Сейфуллиннің қандай бейнесі келеді?» деген сауалға бір сөйлеммен қалай сипаттауға болатынын және бірінің ойын бірі қайталамауға тапсырма берілді.Оқушылар: Бұл жерде «Күту:сұра және күт» стратегиясы пайдаланды. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап беру үшін жеткілікті уақыт берді, бұл конструктивті диалог құруды жеңілдетті, себебі оқушыға ойлану мен жауап сапасын жақсартуға қосымша уақыт берілді.Мынадай құнды ойлар айтылды: «Халық арасында «Сәкеннің сәнін берсін» деген даналық сөз барын баршамыз білеміз.Арқаның кербез сұлу Көкшетаудың ауасымен тыныстаған «Сұлу теректің» әдемі қимылын Сәкен ағамыздың өз шығармаларында адам мен табиғаттан ғажайып бір үндестік тапты десек артық айтпаймыз» немесе «Адам - табиғат перзенті. Қаламгердің туындыларында бостандықтың символы ретінде құстарды алып,олар сұлу теректе ұяларын салса, мәуелі сұлу теректен әсем әуендер шығып тұрса, айналадан әсемдіктің лебі есері сөзсіз, мұны автордың шығармаларын оқығаннан кейінгі және әуеннің арасындағы гармония дейміз...».Сөздік қорды дамыту үшін мынадай жұмыс түрлері қолданылды. Мәтіндермен жұмыс жасайды. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман - эпопеясынан өз қалаулары бойынша мәтіннен үзінді таңдап алады, бір жағынан, шығарманы оқиды, екінші жағынан, сөздіктермен жұмыс жасайды, міндеттер: сөздердің мағыналарын түсінеді, сөздіктер арқылы әр түрлі қырынан таниды, сол сөздердің қолдану аясын басқа сөйлемдер ішінде көреді, жазылу емлесін көреді, тест ішінде өзара бір-бірінен айыруға машықтанады. Жұмысты орындау реті мынадай:
Аты-жөні
|
Бөлім,беті, сөздер саны
|
Синоним
|
Омоним
|
Фраз.
|
Түсіндір.
сөздік
|
Қосымша
мысалдар
|
М-1
|
IV том, «Қастықта»
211-бет, 150 сөз
|
55 сөз
|
25 сөз
|
10 сөз
|
43 сөз
|
45 сөйлем
|
Б-2
|
III том, «Қоршауда»,
310-бет, 182 сөз
|
21 сөз
|
11 сөз
|
12 сөз
|
7 сөз
|
20 сөйлем
|
У-3
|
IV том, «Жұтта»,
351-бет, 120 сөз
|
14 сөз
|
10 сөз
|
-
|
30 сөз
|
24 сөйлем
|
Х-4
|
IV том, «Шайқаста»
287-бет,166 сөз
|
32 сөз
|
11 сөз
|
13 сөз
|
18 сөз
|
20 сөйлем
|
К- 5
|
II том, «Оқапта», 248-бет, 180 сөз
|
11 сөз
|
15 сөз
|
6 сөз
|
14 сөз
|
13 сөйлем
|
Бұл жұмыстың түрі әр оқушының талдау, жинақтау, іріктеу, ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерін дамытады, лексикалық қорын байытады, жұмыс жасау деңгейін көрсетеді (оқушылардың жұмыстары қосымшада тіркелген). Тест тапсырмалары ішінде лексика бойынша өз білімін көрсетуге ықпал жасайды. Бұл да тұғалық-бағдарлы оқытуға негізделген деп есептеуге болады. Әр оқушы өз мәліметтерімен алмасады, өзара талдау, қорытындылау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар оқушының білім деңгейін дамыту үшін белгілі бір жылдың тест жинағын алып, актив сөздер мен пассив сөздерді теріп алып, жазбаша түрде сөздіктермен талдау жұмыстарын жасайды.Сонан кейін мұғалімге тақырып бойынша ауызша тапсырады. Жинаған мәліметтерімен алмасады, танысады, өзіндік қорытындыларын шығарады.
Сонымен, тұлғалық –бағдарлы оқыту біздің мектептің өзіндік ерекшелігіне, статус жағдайына сай келеді.Ең басты дүние әр оқушыға тұлға деп қарап, оның дамуына жан-жақты жағдай жасауына тікелей ықпал жасайды. Бір жылдың көрсеткіштерімен ғана салыстырсақ та, даму, өсу динамикасы көрінеді. Жоғарыда аталған міндеттер жүзеге асып жатқаны бұл оқыту технологиясының тиімді, икемді, оңтайлы екенін дәлелдейді. Инновациялық, яғни жаңашыл дейміз, дегенмен қазіргі заманауи оқыту технологиясының қай-қайсысын алсақ та, ескеретін бір жағдай бар, әр мұғалім сабақ беретін сыныптың педагогика – психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа отырып, сонымен қатар оқушылардың диагностикасы мен жеке бас ерекшеліктеріне сүйене отырып, таңдау жасайды.
Күтілетін нәтижелер:
-оқушылардың білім сапасын, танымдық қабілетін, өзін-өзі реттеуін арттыруға бағытталған іс-әрекеттер шығарылды;
-мұғалім тұлғалық-бағдарлы оқытудың тиімді де оңтайлы әдістерін біледі және тәжірибе жүзінде сәтті қолданады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері», ДББҰ. 2012. - 83-бет, 98-100 беттер
Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. 2004. -218-бет
В.В.Сериков. Образование и личность. Теория и практика
проектирования педагогических систем. М. «Логос», 1999 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |