Келесі қадам: алдағы сабақтарымды жоспарлаған кезде сабақта қолданылатын әдіс –тәсілдерді тиімді қолдануды ары қарай жалғастырамын, оқушылардың топта бірлесіп жұмыс істеулерін одан әрі жетілдіру бағытдағы жұмысты жалғастырамын. Сабақтарымда диалогтік оқытуға баса назар аударамын.
Сабақтың нәтижелілігіне жету үшін сабақ барысында бағалауды тиімді қолдануды тырысамын. Бұрын дәстүрлі сабақ кезінде оқушылардың бағаларын өзім қойып жүрдім, ал қазір бұл жағдай өзгерді. Енді оқушыларым сабақта өзін, бірін –бірі бағалайды. Оқушылардың бағалауды дұрыс және әділ болу үшін оқушыларға критерийлер беремін немесе олар өздері критерийлерді менімен бірге құрастырады. Нақты айтатын болсақ, сабақ барысында бірнеше тапсырмаға арнап критерий жасалынады.
Мысалы:
кесте №1 Топ ішіндегі жұмысты бағалау парағы
Балдарды әр бағанаға 0-3-ке дейін қою.
8-9 балл -5 5-7 балл-4 3-4 балл-3 3-тен кем -2
Топ № ______
Оқушының аты
|
Бағалау критерийлері
|
Қорытынды баға
|
Мұғалім
мен топ мүшелерінің жауаптарын тыңдай біледі
|
Топтың жұмысына белсене қатысады
|
Сыныптың жұмысына белсене қатысады
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кесте №2
Тұжырымдамалық картаны бағалау парағы
Балдарды әр бағанаға 0-3-ке дейін қою.
8-9 балл -5 5-7 балл-4 3-4 балл-3 3-тен кем -2
Топ атауы
|
Бағалау критерийлері
|
Қорытынды баға
|
тақырыпқа сай безендендірілуі
|
мазмұн-дылығы
|
Уақыт талабына сай қорғалуы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауызша жауапты бағалау критерийлері:
1. Сұраққа жауаптың логикалық түрде айтылуы, анықталған білімдер оқулықтағы ашылу көлемі мен тереңдігіне сәйкес келеді.
2. Жауап берген кезде ғылыми терминдерді қолдануы;
3. Жауапта себеп-салдар және функционалдық байланыстардың айқындауы;
4. Әлеуметтік өмір субъектілерінің іс-әрекетін бағалай алуы, өзінің пікірі мен дәлелдемелерін қорғай алуы;
5. Сөз байлығы, өз ойын нақты және көркемділікпен жеткізе алуы.
Рефератты бағалау критерийлері:
1. Мазмұны тақырыпты ашады;
2. Тақырыпты ашқан кезде материалды логикалық түрдек түсіндіруі, қорытындының болуы;
3. Рефераттың ресімделуі талаптарға сәйкес келуі;
4. Автор рефератты демонстрациялық материалды қолдану арқылы қорғауы;
5. Автордың қорғау сапасы (реферат материалын толықтай білуі; мәтінді оқиды; сұраққа нақты және қысқа жауап береді және т.с.с.)
Кестені орындалуын бағалау критерийлері:
1. Кесте бағаналарын толық толтыруы;
2. Кестедегі жазбалар қысқа да сауатты орындалған, бағаналардыың атауларына сай толтырылған;
3. Жұмысты ресімдеудің эстетикасы.
Эссені бағалау критерийлері:
1. Автор өз пікірін дәлелдеу үшін нақты және айқын фактілерді келтіруі;
2. Мәселеге сай дәлелдемелердің болуы.
3. Автордың ойлары қазақ тілі нормаларының сақталуына сай баяндалған.
Оқушылар сабақта өздерін бағалаған кезде оқу нәтижелігінің табысты болуына қол жеткізе алады. Яғни, оқушы нәтижеге жету үшін қалай оқу керек және жұмысты қалай орындау керек екендігін түсінеді. Бұл тұста оқушылардың танымдық құзыреттіліктерінің артқандығын байқауға болады.
І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады.
Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.
Осылайша, оқушылар сабақ кезеңдерінде
оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
проблеманы шешу жолын іздестіреді
жаңаны өздері табады
ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады. / 7, 17 б./
Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырма, Мысалы: «Фишбоун» стратегиясы арқылы көтерілістегі басты мәселелерді қарастыруға көмектеседі.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.
*Ақпараттық ізденісті жоспарлау
*Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.
*Ақпаратты өңдеу
*Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.
*Логикалық операцияларды пайдалану.
Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар
*Жазбаша қатынас
*Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.
*Өнімді топтық қатынас
*Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.
Сабақта инновациялық технологияларды қолдану жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
Сабақтың мазмұны
Ø Оқу жағдайын ескеру
Ø Әдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
Ø Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
Ø Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
Ø Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс – тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
Ø Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру
Ø Оқушымен жанама қарым – қатынас
Ø Жұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
Ø Қойылған мақсатқа жету
Ø Тақырып бойынша өзгерістер енгізу
Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер) /5, 22-25 б./
Оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс – тәжірибесінде қалай қолданады?
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, сындарлы оқыту теориясы оқушының фукционалдық құзыреттіліктерін дамытуда аса маңызы бар технология.
Чех педагогы Ян Амос Каменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды. Ян Амос Каменский ойын құптай отыра, өз сабақтарымда ойын түрлерін жиі жүргіземін.Тіл сабақтарында сөздің мағынасын терең ұғынуға, зейінін, ойлауын байланыстыра сөйлеуін дамытуда мына ойындарды пайдаланамын: «Алтын қақпа», «Ойлан», «Жалғастыр», «Кім шапшаң», «Ұйқасын тап» т.б. («Алтын қақпа» ойынының жүргізу жолын ұсынып отырмын.)
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, бірлескен оқу, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.
Мысалы: 1. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»
жүздер
|
территориясы
|
ұраны
|
Жүздерге енетін тайпалар
|
Ұлы жүз
|
|
|
|
Орта жүз
|
|
|
|
Кіші жүз
|
|
|
|
2. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»
1. Территориясы______________________________
2. Қоғамдық құрылысы ________________________
3. Ішкі саясаты _______________________________
4. Сыртқы саясаты ____________________________
5. Құлау себебі _______________________________
6. Қорытынды _______________________________
3. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері
|
Көтерілістің ортақ белгілері
|
1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері
|
4. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)
Қабанбай , Бөгенбай
5. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн. Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.
Мұғалімнің ой - өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік. Себебі халық бізге өз балаларын үлкен сеніммен тапсырып отыр емес пе?
2.1 Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдарының әдістемесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерудің нәтижесі
Мақсаттарға жету үшін, балалардың келесі қасиеттерді дамыту керек:
Мұқият тыңдау, өз ойын жинақтай білу, белсенділік, өз тілегімен тыңдау қабілетін дамыту. Бала тек оқытушыны тыңдап қана қоймауы керек, кез келген адамды тыңдай білу керек, бұл ақпарат өте қажет болуы мүмкін.
Балаларды өзі білетін ақпаратты басқаға жеткізе білуге үйрету маңызды; Басқалар оны түсінгендей өз ойын дұрыс қалыптастырып айта білуі керек.
Жақсы ұйымдастырушы болуға; шешім қабылдай білуге, өзіне жауапкершілік алуға үйрету;
Басқа балаларды өзінің серіктесі ретінде қабылдай білуді, жолдасын тыңдай білуге үйрету;
Бір-бірін қорғай білуге, бір-бірімен дос, жолдас болуға үйрету.
Оқытушы осы қабілеттерді баланың бойында дамыту үшін оған қажетті ортаны жасай білуге керек. Баланың жалпы іс-әрекетке оңай қатысуы және белсенді болуы үшін жайғдай жасауы керек. Жұмысты бастар алдында бізге не қажет, жұмыс соңында қандай нәтижеге қол жеткізу қажеттігін білу өте маңызды. Оқытушы нәтижесінде балалардан нені талап ететінін білуі керек.
Мұнда қарым-қатынас жасай білуі, мейірімділігі, сенімділік білдіру деңгейі өте маңызды. Оқушы оқытушы тарапынан өзіне сенім білдірілетін, қажетті нәтижеге жете алатынын білуі керек. Тиісті нәтижеге қол жеткізгенде балалардың ойлай білуі өте маңызды. Ойлай білу үрдісін іс-әрекетімен қоса білу, өзінің тәжірибесімен байланыстыра білу, кездескен мәселелерді өздігімен шеше білу –бұл маңызды қасиеттер «SbS» бағдарламасында тәрбиеленеді.[5]
Тәжірибенің нәтижесі:
Оқушыларыдың білім сапасы кесте№1
Оқушылардың ізденушілік, логикалық ойлау, коммуникативті құзыреттіліктерінің эксперимент бойы дамуы кесте№2
Жаңа инновациялық технологияларды қолданудың нәтижелілігін ҰБТ –дан көруге болады
Тәжірибе бойынша зерттеу, практикалық жұмыстар:
Оқушылардың тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.
Адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілеттіболатындығымен дәлелдеуге болады.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс – тәсілдерді өз сабағымда қолданамын.Сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызамын. Түрлі әдіс-тәсілдің көмегімен өткізген әр сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды берілген мәліметтерден өздігінен білім алуға үйретеді.
Сабақта әр баланың маршруттық парағы болғандықтан әр баланың жұмысын байқауға болады және онымен қатар түзету, жеке дара жұмыстар өткізуге өте тиімді. Әр сабақта құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар пайдаланамын.
Төмендегі тапсырмалар оқулықтан тыс мәліметтерді дұрыс пайдалануды үйретеді:
Себебі:
барысы:
Тарихи маңыздылығы:
Жетекшілері
Ұлт азаттық көтеріліс
әрекеттері
Зерттеу барысында өткізген диагностика:
Қасиеттері
|
Эксперимент басы 8-сынып
|
Эксп. ортасы
9-сынып
|
Эксперимент соңы
10-сынып
|
Зерттеу,іздену жұмысына қабілеті бар
|
20%
|
40%
|
70%
|
Берілген тапсырман орындай алады
|
20%
|
60%
|
80%
|
Тұйық мінезді
|
30%
|
20%
|
5%
|
Өзіне баға бере алады
|
20%
|
50%
|
90%
|
Зияткерлік құзыреттіліктің даму динамикасы
Сынып
|
Зияткерлік құзыреттіліктер
|
Қалыптасу деңгейлері
|
Жоғары
|
Орта
|
Төмен
|
7 «а»
сынып
|
Хронологиямен жұмыс (оқиғалардың мерзімін, жүйелілігін білу)
|
16%
|
24%
|
60%
|
52%
|
28%
|
20%
|
Терминологияны білу және оны дұрыс қолдану
|
18%
|
27%
|
55%
|
46%
|
45%
|
9%
|
10 «а»
сынып
|
Хронологиямен жұмыс (оқиғалардың мерзімін, жүйелілігін білу)
|
20%
|
35%
|
45%
|
55%
|
29%
|
16%
|
Терминологияны білу және оны дұрыс қолдану
|
25%
|
35%
|
40%
|
52%
|
38%
|
10%
|
Оқу-тәрбие үрдісінде қолдана бастаған зерттеушілік әдістің қажеттігі оқушының білім алуында қоршаған ортасына қызығумен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізу оның жеке талабын қанағаттандыруға және көкейінде жүрген сұраққа жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы қз бетінше қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес , өзі үшін жаңа білімнің көзін ашады.
Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.
Шығармашылық әрекет
зейіні
Есте сақтауы
ойлауы
интеллектісі
Сыныптан тыс уақытта да шығармашылық бағыттағы жұмыстарды атап айтқанда «Дебат үйірмесі», «Павлодар Ертіс өңірінің тарихы», «Ақыл – ой шарықтау Одиссеясы» бағдарламаларын құрастырдым. Инновациялық Еуразия университетінде өткен «Қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі инновациялық технологиялар» атты Педагогикалық оқуларға қатысып, жинаққа жұмысым енді. Сондай қала, облыс деңгейінде ашық сабақтар мен коучингтерді, шебер кластарды өткіздім.
Осындай шығармашылық бағыттағы жұмыс түрлері оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, интеллектуалдық сайыстарға қатысуына зор ықпалын тигізеді. «Ақбота» марафонында, «Ақыл-ой шарықтау Одиссеясында», «Ғылымға жасалған алқашқы қадам», «Сәтбаев оқулары», «КИО», «Тарих ата» сайыстарында оқушылардың жүлделі орындарға ие болғанынан байқауға болады.
Коммуникативтілік құзыретіліктердің даму деңгейлері
(мәтінмен жұмыс істей алу)
|
2013-2014
оқу жылы
5 «а» сынып
|
2015-2016 оқу жылы
7 «а» сынып
|
2013-2014 оқу жылы 8 «а» сынып
|
2015-2016 оқу жылы
10 «а» сынып
|
Мәтіннен ақпаратты таба алу дағдысы
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
30%
50%
20%
|
35%
55%
10%
|
35%
60%
5%
|
40%
60%
|
Ақпаратты бағалай алу дағдысы
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
30%
47%
23%
|
35%
42%
23%
|
39%
41%
20%
|
46%
36%
18%
|
Қатені анықтай алу және түзету дағдысы
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
45%
35%
20%
|
50%
35%
15%
|
62%
26%
12%
|
68%
27%
5%
|
Коммуникативтілік құзыретіліктердің даму деңгейлері
|
2013-2014 оқу жылы
5 «а» сынып
|
2015-2016 оқу жылы
7 «а» сынып
|
2013-2014 оқу жылы 8 «а» сынып
|
2015-2016
оқу жылы
10 «а» сынып
|
Өз ойын жеткізе алу:
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
42%
40%
18%
|
45%
40%
15%
|
45%
42%
13%
|
52%
38%
10%
|
Оқу тобында жұмыс істей алу:
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
50%
35%
15%
|
52%
33%
15%
|
58%
30%
12%
|
62%
30%
8%
|
Сұрақтарға жауап бере алу:
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
60%
28%
12%
|
62%
28%
10%
|
67%
25%
8%
|
70%
27%
3%
|
Сұрақтарды қоя алу:
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
50%
26%
24%
|
50%
29%
21%
|
52%
30%
18%
|
57%
25%
18%
|
Пікірталас жүргізе алу:
1. Жоғары деңгей
2. Орташа деңгей
3. төмен деңгей
|
10%
45%
45%
|
16%
50%
35%
|
30%
55%
15%
|
30%
60%
10%
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық сабақтардың өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Іс тәжірибемізді қорыта келе, мұғалімдерге мынадай ұсыныс жасаймыз:
Тарих сабағында инновациялық технологияларды қолдану оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттырады;
Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарының артуына әсер тигізеді.
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға
ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті. Әрбір нақты сабақтың сапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының іс-әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс-тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзыреттілігі арқылы айқындалады.Өз білімімді жетілдіру мақсатында инновациялық технологияларды қолданудың маңыздығын түсіне отырып қолданып келемін.
Осы инновациялық технологияларды сабақ барысында қолдану мынадай нәтижелерге қол жеткізді:
-зерттеу барысында оқушылардың коммуникативтілік құзыретіліктерінің дамығандығы байқалды,
-оқушылар өздерінің пікірлерін, азаматтық позицияларын ашық, айқын білідіре ала бастады,
- тарихи оқиғалара баға беру арқылы, оқиғалардың себеп - салдарын, тарихтағы орны мен нәтижелеріне сыни көзбен қарау арқылы оқушылардың логикалық ойлау, аналитикалық құзыреттіліктері дамыды,
- оқушылардың заңды, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктері өсті,
- сабақта алған білімдерін практикада қолдана алуға үйренді, яғни оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасқандығы байқалды,
-зерттеу барысында сыныптағы тұйық балалардың азайғандығы байқалды, тіпті сөйлеу дағдыларында тілдік ақаулары бар балалардың ашылып, өз ойларын жеткізуге үйренгендіктері байқалды.
Достарыңызбен бөлісу: |