Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Смагулова Қымбат Ерболатқызы тарих пәнінің мұғалімі Инновациялық жобаның атауы


    Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер



бет2/5
Дата17.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#1958
1   2   3   4   5

1.    Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.

Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны — диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:


  • сабақта белсенділік жоғарылайды;

  • сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;

  • дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;

  • оқуға қызығушылықтары артады.

«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үдерісі болып табылады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:

  • нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

2.    Сын тұрғысынан ойлауға үйрету,

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:



  • шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен

қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға

құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,  үйренушінінің

сеніміне негізделген құрылым.

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының әдістерін қолдану төмендегідей нәтиже береді:

  • білім алушының белсенділігін арттыру;

  • пәнге қызығушылығын ояту;

  • өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;

  • зерттеуге икемділігін дамыту;

  • сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;

  • білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;

  • басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға үйретеді.

Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау – оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау «оқыту үшін бағалау» және «оқытуды бағалау» деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс-әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т.б. бағаланады. Ал, суммативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.



Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:

  1. Бақылау;

  2. Алынған мәліметтердің интерпретациясы;

  3. Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.

 4.    Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында.

Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.

5.    Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету – оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

“…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады” (Плутарх). Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.



6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген.  Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан» сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады. Бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25 000 сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі.

Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану – бұл мұғалімнің жан-жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық

Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Алайда, әр мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізудегі мақсаты – заман талабына сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыра алуы қажет.

Мақсат негізіндегі міндеттері:


  • жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;

  • шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;

  • өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;

  • өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі.

Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүм­кіндігі. Сондықтан да біздің балала­ры­мыз­дың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.



    1. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жеке тұлғаны дамытудың жолдары

Білім беру сапасының дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру еліміздің мектептерінде оқытудың белсенді және инновациялық әдістері мен педагогкалық технологияларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына, құзіреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана себебін тигізеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «белсенділік», «инновация», «әдіс», «тәсіл», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық техналогия» ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.

«Инновация» деген латын сөзінен аударғанда (жаңару, жаңа, өзгеру, жаңа нәрсені енгізу, жаңашылдық) деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерде: инновация- «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашыл әдістеме» деген мағынада пайдаланады. [46]

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақта әңгімені жүргізудің үш түрінің қолданылуымен өтеді, сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін. Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі арасындағы қарама-қайшылықты болдыртпауға тырысамын. Оның үстіне негізгі проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп, сол проблемаларды шешу оқушылардың өздеріне жүктеймін.

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.

Біріншіден, инновациялық әдістерді қабылдау оқушыға оңай соқпайды, өйткені ол үнемі белсенділік танытуы керек.

Екіншіден, компьютерлік сауаттылық қажет, компьютер, проектор, теле-видео апаратурамен жұмыс барысында тәжірибелік үрдіс негізгі фактор болу керек, ондай бағытта жұмыс істеу әзірге өкінішке орай мүмкін болмай отыр.

Үшіншіден, калейдоскопиялық жағы – оқушының жаңа әдіспен ұйымдастырылған сабақтың түрлеріне белсене қатысамын деп, сабақ барысында ашылатын ең негізгі проблеманың мәнін түсінбеуіде мүмкін. Сол себепті инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау қажет.

Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулеріне сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. [75]

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Теориялық білімді игерту мен жаңғырту және жаңа жағдайға іс жүзінде лайықтап қолдануға үйреткенде ғана оқушылардың алған білімімен біліктілігі шынайы да нақтылы қалыптасады.

А.М. Саранов «Инновациялық білім беру жүйесін дамытудың теориялық негіздері» атты еңбегінде «инновациялық процесс- жаңаны құру, тарату және қолдануға бағытталған процес, оның қурылымы жаңаны пайдалану идеяларынан туындайды»- деп атап көрсетеді. [46]

Ұстаз өзінің әрбір сабағын отаншылдық тәрбиемен ұштастырады. Ал тарих сабағының әрбір минуты отаншылдық тәрбиемен үндеседі. Жас ұрпақты тәрбиелеу миллионның санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбие қалыптастыруда, Қазақстан тарихының орны мен мүмкіншіліктері шексіз. Қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын, сал-дәстүрін, әдет-ғұрпын өзге ұлт өкілдерін қинап байлап – таңбай, керісінше басқа ұлт мәдениетіндегі ұқсастықтарды тауып, байластыра жүргізген жөн. Саналы патриот, еліміздің тәуелсіздігін баянды қорғау мен сақтауды тиіс екенін естен шығармайды.

Қазіргі таңда сабақты оқушыларға қызықты өткізуі әр мұғалімнің шеберлігі деп білемін. Мысалы: топқа бөлу, пікір – талас, саяхат, фильмдерден үзінді және тағы басқа.

Қазақстан Республикасының он екі жылдық орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Құзіреттілік - әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Педагогика ғылымындағы құзірет, құзіреттілік ұғымдары адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс дегенді білдіреді.

Құзіреттілік- адам баласының сапалық белгісі.

Тұлға құзырлығын қалыптастыруға тиісті құзіреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдері жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді.[86]

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Республика халқына Жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңарту мен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, технологиясын қалыптастыру- өмірдің талабы болып отыр.

Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter-аралық, action-әрекет.

- Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

- Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;

- Өздерін-өздері бағалау;

- Іс-әрекет барысында білім алу;

Оқушы өз ойын еркін айту үшін, мұғалім мына тәсілді қолдануы тиіс.



  • Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп;

  • Ешқашан «жауабыңыз дұрыс емес» демеу қажет;

  • Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін олар ой не ғажайып пікір болады. Мысалыға: 5 «а» сыныбына қосымша сабақтан «Қазақ халқы үшін киіз үйдің маңызы» деген тақырыпта ашық сабақ өттім. Бірінші үй тапырмасын сұраған кезде мен қазақтың ұлттық ойыны «Ақсүйек» ойыны арқылы Қазақстан Республикасы үй тапсымасын сұрадым. Түн дегенде оқушылар көздерін жұмады, сол кезде қасиетті жілік тоқпан жілікті қоямын, күн дегенде оқушылар көздерін ашып алдында жілік тұрған оқушы орнынан тұрып қойылған сұраққа жауап береді. Сөйтіп 7-8 оқушыдан сұрадым. Жаңа сабақ түсіндіру барысында мен Киіз үйдің тарихын, маңызын, атаулары, ішкі жиhаздары туралы түсіндірмей тұрып. Біз интерактивті тақтаны пайдалану арқылы Абай ауылына саяхатқа шықтық. Біз ауылға келгенде әжені кездестірдік. Әже қазақ халқы үшін маңызы не?- деп сұрақ қойдық, сол кезде әже рөлінде сабақты түсіндіріп кеттім. Түсіндіріп болғаннан кейін енді сыныпқа қайтайық деп сыныпқа оралдық. Енді біз осы саяхаттан алған әсеріміз, тәрбиеміздін эссе жазамыз. 10 мин. Оқушылар өз ойларын жеткізді. Арасында үлгерімі төмен оқушыларда бар,олардыңда сабаққа деген қызығушылығы оянып сабаққа жақсы араласып отырды, алдағы уақытта үлгерімі төмен оқушыларды болдырмауға тырысамын. Сабақты бекітіп, үйге тапсырма бердім.

Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық интерактивтік технологиялары – жеке тұлғаның ақпараттық –коммуникативтік құзырлығын қалыптастыру негізі
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына,қарым–қатынасына ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау –құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияныпайдалану дағдыларын қалыптастыру жəне оқушы əлеуметінің ақпараттықсауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тəрбиелеу, яғниақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу жəне тасымалдау істерін қамтамасыз ететінматематикалық жəне кибернетикалық тəсілдер мен қазіргі техникалыққұралдар жиыны. Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу əдістерімен механизмдерін жəне оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Оқытудың ақпараттық –коммуникациялық жəне интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс –əрекеттердің мазмұны менформасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды,мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты –коммуникациялық технологияларкеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпараттық – коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқытуүрдісінің функциялары: оқыту, тəрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдаужəне шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық – коммуникативтік жəне интерактивтіктехнологиялары бағыттарыy мына 4 бөлікке бөлуге болады: а) электронды оқулықтар; ə)телекоммуникациялық технологиялар; б)мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу – тəрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: өз пəні бойынша оқу – əдістемелік электронды кешендер құру, əдістемелік пəндік Web –сайттар ашу; жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; Бағдарламалау ортасында инновациялық əдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық жəне гипермəтіндік технологиялар). Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нəтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондықпошта, телеконференция, оn–line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін –өзітолықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негізделген, оқупроцесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесінұйымдастыру. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік əрекет өзара түсіністікке, өзара əрекетке,қатысушының əрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру жəне сұқбаттасып қарым–қатынас жасауды дамытуды ұсынады.

Бүгінгі күні инновациялық əдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігіндамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсатболып айқындалады. Əсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерініңқуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пəндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы жəне Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыруформалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық жəне телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолданудыжүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру жəне қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мəдениетін жəне ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мəселесі бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып отыр.

Ақпараттық – коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Ақпараттық –коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс жəне кəсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан–жақты қолдану қабілеті.

Ақпараттық құзіреттілік: – сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; – өз бетінше мақсат қоюға жəне оның негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға жəне жүзеге асыруға; – ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайтақарауға сақтауға, түрлендіруге жəне тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; – логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей жəне жанама дəлелдеу, аналогия бойынша дəлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; –өзінің оқу қызметін жоспарлау жəне жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік: - нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ жəне басқа тілдерде ауызша жəне жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; – коммуникативті кміндеттерді шешуге сəйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға жəне қолдануға; – əдептілік ережелеріне сəйкес өзіндік пікірін білдіруге; – нəтижелі өзара іс–əрекетті, түрлі көзқарас жəне əртүрлі бағыттағыадамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзегеасыруға; – жалпы нəтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.

Тарих сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мəдениетiн қалыптастыру қазiргiтаңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мəселелердiң бiрiне айналып отыр. Сабақта ақпараттық –коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс –əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен естумүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен əртүрлі тəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой–өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы. Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушыныңөзіне керекті мəліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқутраекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық–білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақытаралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқуорнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады. 
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмысістеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс –əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстардытез орындау мүмкіндіктері артады.

Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай –ақигерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалыққұрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкентабыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі – пəндік білім, екіншісі – компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өзбетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикаменұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мəліметтерінкомпьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасауқабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияныпайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.

Білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі – оқушының өзбетімен жұмыс істеуіне, уақытын үнемдеуге көмектеседі, білім- білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді, қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды, қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімді, қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктерін оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және «он-лайн» сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Интерактивті тақтаны тарих сабақтарында тарихи тұлғалардың суреттерін, тарихи фильмдерді көру, қазақтың күйлерін тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады.

Сабақты интернет желісінеқосылған компьютер арқылы басқару – еркін сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, оқушының ойлау қызметін белсендіреді.Сондай-ақ, оқу материалдарын безендіру құралы ретінде ұсынуға мүмкіндік жасайтын, Flash технологиясының міні өте зор. Бұл оқу құралын оқушы қолдана отырып, өз білімін толықтыра алады.

Оқу құралында интерактивті тапсырмалар мен тестер арқылы оқушы өз білімін тексеріп, өзінің тиісті білімінің нәтижесін ала алады. Сонымен қатар, бұл оқу құралының негізгі бетіндегі «Тарихи оқиғалардың бағасы» батырмасын шерте отырып, қолданушы өзінің ойын жазуына болады.

Бұл кітап «Тарихи тұлғалар», «Глоссарий» және «Хронология» анықтамалық бөлімдерден тұрады және интерактивті тапсырмалар мен тестерді орындауға көмегін тигізеді. Оқу құралы көптеген иллюстрациялық материалдарды карталарды және анықтамалық ақпараттарды құрайды.

Ақпараттық құралдарды тарих сабағында пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі – «Қазақрадиосы» мен теледидардағы «Алашалыптары» , «Жиһанкез» , «Тарихтолқынында» атты бағдарлама материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру арқылы, дәстүрлі мұғалім→мектеп→ оқушы жүйесінің орнына оқушы → компьютер → комьютерлік оқыту бағдарламалары → мұғалім жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, мұғалім мен оқушы рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді.Компьютердің иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.

Сондықтан, «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдаланукерек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық – коммуникациялық технологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.

Қазіргі уақытта сабақтарды мультимедиа арқылы модельдеу, жеке тұлғаның компьютер арқылы қатысымға түсу мүмкіншілігін туғызу арқылы тілдік қатысымға еркін түсе алатындай білікті, қабілетті тұлғаны қалыптастыру мақсаты қарастырылады.

Олай болса компьютер – мультимедиалық білім алудың негізі.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданаалатын, тарих пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Бұл технологияның  тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетіменізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Қорыта айтқанда, ақпараттық-коммуникативтік технология-
оқу материалын терең түсінуге, оқу мотивациясының артуына,
алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына, білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді. Сондай-ақ, ақпараттық – коммуникативтік технологияларды оқу үрдісінде қолданудың нәтижесінде оқушылар жинақталған тәжірибиесін сыртқа шығарып, оны өмірінде пайдалана алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзектілі мәселе.

2. Оқыту үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану негізінде жеке тұлғаны дамытудың зерттеу эксперименті нәтижесі


    1. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдарының әдістемесі.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту болып табылады.

Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай:

-    оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру;

-    бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту;

-    оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

-    оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу;

-    оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

-    эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Оқушыларымның пән бойынша функционалдық сауаттылықтарын ашу сабақта тиімді болатын әртүрлі жаңа әдіс тәсілдерді қолданамын. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Сабақтарымды блум таксономиясы негізінде құра отырып, жеті модульдің ықпалдасуына, оқушылар арасында тиісті психологиялық ахуалдың болуына, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы мен дамуына ерекше назар аударамын. Өзім бұл тұста өзімді бағыттаушы көшбасшы ретінде сезінемін.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және ізденушілік қабілеттерін дамыту мақсатында сабақ барысында СТОү және ОмОЖТ модульдерін сабақтың А,В,С кезеңдерінде қолдандым. Мысалы, сабақтың А кезеңінде үй жұмысын тексерген кезде «Ыстық орындық», «Серпілген сауал», «Сұрақты ұстап ал» стратегияларын қолдандым. Бұл стратегияларды қолданған кезде маған сынып ішінде зерттеушілік әңгімені жүргізу мүмкіндігі туындады. Өзім де оқушыларым да, жоғары және төмен деңгейдегі сұрақтарды орынды қолдануға үйрендік. Сабақта тілдік қарым-қатынас жұптық, топтық, ұжымдық жолмен жүзеге асырылды. Себебі бұл сабақ тақырыбының мәнін оқушылар диалог жүргізу негізінде меңгеріп, олардың тақырыпты түсінулеріне өз септігін тигізеді.

Оқушыларды топта жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыландыру және тақырыпты бірлесіп түсінуге жағдай жасау мақсатында мен сабақтарымда «ЖИГСО», «Зигзаг», «Инсерт» стратегияларын сабақтың кезеңінде қолданылды. Бұл стратегияларды қолданған кезде сынып ішіндегі талантты және дарынды оқушылардың жұмысы көрінді. Себебі бұл оқушылар сыныптастарына тақырыпты меңгеруге көмектесті. Дарынды және талантты балаларды оқыту үшін деңгейлі тапсырмалар (тест, «жоғары және төмен деңгейдегі сұрақтарды құрастыру»), эксперт тобын құрастыру, топты ұйымдастыру және басқару қарастырылған.

Сабақтардағы тапсырмаларды жоспарлаған кезде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытуды ескердім, осыған орай сабақтың С кезеңінде сабақта кері байланысты жасаған кезде оқушыларға «Досыңа смс жаз», «Табыстар баспалдығы», «Сұрақтары бар қорап» тапсырмалары ұсынылды.

Жоспарда оқу мен оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану модулін барлық сабақтарымда да сабақтың А кезеңінде тақырыпты ашқан кезде мысалы, «Миға шабуыл», «Кластер», «Анаграмманы шешу» тапсырмаларын берген кезде қолдандым. Соңғы сабағымда оқушылар тақырыпқа сай жұмбақтарды шешкен кезде интербелсенді тақтаға жұмбақтардың жауаптарын жазды.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулін тиімді қолдана білдім. Сабақтың әр кезеңінде оқыту үшін бағалаудың «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Шапалақ», «Екі жұлдыз, бір тілек» т.б. пайдалана отырып, оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін анықтауға мүмкіндік берді. Критериалдық бағалау да сабақтарымда көрініс тапты.

Сабақтар барысында басқару және көшбасшылық модулін қолданған кезде талантты және дарынды оқушылардың топ жұмысын басқаруда, кейбір тапсырмаларды орындаған кезде бастаманы өз қолдарына алғандығы байқалды.

Менің ойымша, болашақта тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын құрастырған кезде сынып ішіндегі оқу үлгерімі А деңгейіндегі оқушылармен жұмыс істеуге баса назар аудару қажет.

Бұндай оқушылармен жұмыс істеген кезде олардың шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің қалыптасуына арналған тапсырмаларды іріктеу қажет.

Жалпы алғанда, мен өз тәжірибеме енгізіп жатқан өзгерістер оқытудың тиімділігіне бағытталып жатыр, яғни оқушыларымның білім, білік, дағдыларының кеңеюіне әсер етеді деп ойлаймын.

Сабақта әр модульді пайдаланған кезімде оқушылардың құзыреттіліктерін арттыруға тырысамын. Оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктерін дамытуға интерактивті әдістер көмекке келеді. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарды 5 «а» сыныбында өткіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабақтың тақырыбы «Адамның шығу тегі».

Мақсаты: оқушылардың алғашқы адамдардың пайда болу үдерісі мен даму кезеңдері және адамның пайда болуы жөніндегі ілімдер туралы түсініктері қалыптасады.

Бұл сыныпта менің пәнім оқу бағдарламасы бойынша бірінші рет енгізіліп жатқандықтан, сыныптағы балаларды және олардың оқудағы мүмкіндіктерін біле қоймадым. Сол себептен мен сабақтарды бастамас бұрын психологпен бірлесе отырып, сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін бірқатар жұмыстарды атқардым. Ең алдымен, мектеп психологымен бірлесе отырып, сыныпта зерттеушілік жұмысты жүргіздім. Сыныптың социометриясын істедім, сондай–ақ оқушылардың ерекшеліктерін және оқуға деген уәждерін білу үшін арнайы сауалнамаларды өткіздім.

Социометриялық әдістемені өткізген кезде мен бұл диагностика арқылы оқушылардың сыныпта өзара қарым-қатынасқа түсу деңгейін, өзара бір - бірімен достасу және араласу деңгейін анықтадым.

Жалпы сыныптың ішіндегі оқушылардың өзара қарым - қатынастары, ұйымшылдықтары жақсы, бірақ сыныптағы кейбір оқушылар сынып ішіндегі біраз оқушыларды жеке қасиеттеріне байланысты қабылдай алмайтындықтары анықталды. Сондай-ақ, сынып ішінде көшбасшылыққа ұмтылатын оқушылардың саны көп. Осыған байланысты бұл балалар арасында біраз келіспеушіліктер бар. Сыныптың ішінде үш бала нақты көшбасшылар болып табылады және бұл оқушыларды сыныптың ішіндегі көп оқушылар таңдады: 1.Манап Алмас – 8 рет (40% ) таңдалды; 2. Капенов Мадияр – 7 рет (35% ) таңдалды; 3. Дүйсенбек Даяна – 7 рет (35%) таңдалды. Бұл оқушылар оқу озаттары және басқа оқушыларға деген ықпалдары үлкен болып табылады. Ал сынып ішінде қабылданған балалар, яғни бұл балалармен көбі дос болғасы келеді, бір партада отырғылары келеді: Қажығалиев Айтмухамед, Сайлаубаева Аяжан, Қазбек Мадина, Тургунбаева Аида.

Бірақ сыныпта қабылданбай қалған оқушылар да бар, бұл оқушыларды сыныптастары тек қана бір немесе екі рет таңдады: Хабибулла Нұрсұлу, Оспанова Дильназ, Аскарова Дильназ, Сұлтан Ахметов Оразалы, Амангелді Диана. Бұл оқушылардың ішінде өздеріне деген бағалаулары жоғары оқушылар бар: Хабибулла Нұрсұлу, Сұлтан Ахметов Оразалы, Амангелді Диана.

Сондай - ақ, оқуға деген уәждері төмен оқушылар да бар: Оспанова Дильназ, Аскарова Дильназ, Қажығалиев Айтмұхамед. Бұл оқушыларда өздеріне деген сенімсіздіктері байқалады. Сенімсіздіктері бар оқушылардың өзіне деген сенімдерін арттыру мақсатында оларға топта міндеттер жүктелді. Мысалы, таймкипер – тапсырмаға берілген уақытында орындалуын бақылайды, бақылаушы – топ ішінде әрбір топ мүшесінің өзіне берген міндетін сай жүргізуін қадағалайды.



Сабақта ынтымақтастық ахуалды туғызу үшін «Амандасу» тренингісін өткіздім (1-суретті қараңыз), бұдан соң сыныпта үйлесімді және ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін топ ережесін құрдық.

1-сурет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет