Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі Смагулова Қымбат Ерболатқызы тарих пәнінің мұғалімі Инновациялық жобаның атауы


Сабақ барысында мен мынадай кедергілерге тап болдым



бет4/5
Дата17.11.2016
өлшемі1,18 Mb.
#1958
1   2   3   4   5
Сабақ барысында мен мынадай кедергілерге тап болдым:

  • оқушылардың топта жұмыс істеуге дағдыларының аздығы;

  • топ ішінде үлгерімі А деңгейлі оқушылардың өз ойларын тиянақты жеткізе алмаулары;

  • кейбір оқушылардың өздеріне деген сенімсіздіктері байқалуы;

  • оқушылардың уақытты үнемді пайдалана алмаулары.

Сабақ барысындағы кедергілерді шешу жолдары:

  • сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру үшін тренингтер өткізу;

  • оқушыларды өз - өздерін реттеуге үйрету;

  • топ ережесін сабақта еске түсіру;

  • оқу үлгерімі төмен оқушыларын белсендету үшін сынып ішінде міндеттер жүктеу;

  • оқушыларды өз уақыттарын үнемді пайдалануы үшін тапсырмаларды нақты уақыт мерзімі ішінде орындауға үйрету.

Сабақтың нәтижесінде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға икемдерінің пайда болғанын аңғардым, оқушылардың өз - өздерін реттеу тырысып жатқандықтарын байқадым, сынып ішіндегі психологиялық ахуалдың сабақтың аяғына біраз болса да жақсарғаны байқалды. Сынып ішінде мүлде үндемей отырған оқушылар болған жоқ. Оқушылардың бірлесіп оқуының нәтижесінде сабаққа деген қызығушылықтарының артқандығы байқалды және оқушыларға бірлесіп оқу, топпен жұмыс істеу ұнады.

Оқушылардың коммуникациялық қабілеттерін дамытуда «диалогтік оқыту» тәсілі көмекке келеді. Себебі, менің ойымша бала сынып ішіндегі немесе топ ішіндегі диалогқа немесе әңгімелесуге түскен кезде оның ой өрісі кеңейеді және ойлау қабілеті дами түседі, демек оқушының саналы түрде білімденуіне жағдай туындайды. Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесуді үш түрі бар. Олар: әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме. (Мұғалімнің Нұсқаулығы, 39-40 беттер). Сол себептен мен тізбектелген сабақтар топтамасында сыныптағы диалогтық әңгімеге баса назар аудардым, себебі сабақтарымда оқушылармен зерттеушілік әңгімені жүргізген кезде оқушылардың тақырыпты аса қызығушылықпен меңгеріп және тақырыпты түсініп жатқандықтарын байқадым. Ал зерттеушілік әңгімеге түсу үшін мен сабақтың басында әртүрлі әдіс –тәсілдерді немесе стратегияларды қолдандым. «Адамның шығу тегі» тақырыбындағы алғашқы сабағымда сабақтың А кезеңінде оқушыларға бейнероликті көрсете отырып, «Миға шабуыл» әдісін қолдандым (1-суретті қараңыз).



1-сурет

Оқушыларға бейнеролик бойынша «жоғары және төмен деңгейлі» сұрақтарды қоя отырып, сабақтың тақырыбына шықтық. Содан соң «ЖИГСО» әдісін қолданған кезде оқушылар топтық әңгімеге түседі (2-суретті қараңыз).

2-сурет

Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі - төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қолданылады. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Осы орайда «ЖИГСО»-дан кейін мен оларға «төменгі және жоғарғы» деңгейлі сұрақтарды құрастыру тапсырмасын бердім. Бұл сынып ішінде зерттеушілік әңгімені жүргізуді мүмкіндік берді. Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты (3-суретті қараңыз).

3-сурет

Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектесетінін түсіндім. Мысалы, мен сабақтарды өткізіп жатқан 5 «а» сыныбында үлгерімі А деңгейлі оқушы алғашқы сабақта жауап беруге ұялып, өзіне деген сенімсіздігі байқалды. Ал төртінші сабақта ол оқушының ашыландығын және бұл оқушы үшін топтық жұмыста тақырыпты талқылау оған оң ықпалын тигізіп жатқандығын

байқадым (5- суретті қараңыз).

4-сурет
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым - қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.


Выготский когнитивті дамудың оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе жағдайда жақсаратынын атап көрсетеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады. Мектептегі практика кезінде 5 - сыныпқа өткізген сабақтарымда көрініс тапты. Оқушылар өз сабақтарында тақырыпта не оқылатынын, нені білу керектігін, ненің маңыздылығын түсініп сезінді. Оқушылар тақырып бойынша мұғалімге оқушылардың білім деңгейінің қандай екенін түсінуіне ықпал ететінін сабақ барысында бақыладым. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдалануға болады. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынамалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі технологияларды пайдаландым. Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет. Мысалы: түрткі сұрақтарды сабақта А кезеңінде қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Төрт сабағымда әртүрлі түрткі сұрақтарды қойдым.

Мысалы:

- Бұл бейнеролик не жөнінде болды?

- Бұл мұражай көрмесі қандай тақырыпқа арналған?

-Скифтер жөнінде не білесіздер? Скиф тайпасының тақырыппен қандай байланыстылығы бар?

- Табылған жәдігерлер қай тайпаға жатады? Ойыңды дәлелде.



Қайта бағыттау сұрақтары: сұрақты басқа оқушыға қайта бағыттау. «Қазақстан жеріндегі тас ғасыры» тақырыбы бойынша сабақты өткізген кезде үлгерімі А деңгейлі оқушы Әселге: Тас ғасыры не себепті солай аталған? Ойыңды дәлелде деген кезде ол бұл сұраққа толық жауап бере алмады, сол себептен бұл сұраққа нақты жауап бере алатын үлгерімі С деңгейлі оқушы – Арыстанға: «Әселдің жауабын толықтыр», - деп қайта бағыттауға тура келді.

«Қазақстан жеріндегі қола дәуірі» тақырыбы бойынша жүргізілген сабақта оқушылардан үй жұмысын сұрастырған кезде көбінесе сынаұтан өткізу сұрақтарын қоюға тура келді. Мысалы, Диана қола дәуірінің ерекшеліктері қандай? Ойыңды дәлелде. Диана бұл сұраққа жауап берген кезде өз ойын толық дәлелдермен білдіре алды.

Бұнда байқағаным бұндай сұрақтарды қою техникасы оқушыларды жақсы ойландырады және білімдерін жинақтауға көмектеседі.

Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болды. Себебі, кейбір оқушылар осы сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты меңгергендіктерін анықтауға мүмкіндік туғызды, кейбір оқушылардың сұраққа жауап бергеніне риза болуға тура келеді. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын орынды қолдануға тырыстым. Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:

-бірден көп сұрақ қоймау;

-оқушыларға ойлауға уақыт беру;

-орынсыз сұрақтар қоймау;

-ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану;

- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау;

- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.

Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше, өз сабақтарымда диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатынын тәжірибе жүзінде енгізіп, зерттедім. Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беруді жоспарлап, сабақта оларды оқытудың мақсатымен таныстырдым.

Мектептегі зерттеу барысында оқу материалын меңгерту үшін когнитивті іс - әрекетті ұйымдастыру пайдалы, сондықтан түрлі тапсырмаларды диалог арқылы талдауды ұйымдастырдым. Балалардың әрбір сабақтағы іс - әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым - қатынас өте қажет. Диалогтік оқыту арқылы балалардың өзара дамуын қалыптастыру, Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр. Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп көрсеткен. Бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындады. Проблемалық тапсырмаларды шешуде диалог арқылы жұмыстар ұйымдастырылды.

Өткізген сабақтарымдағы оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды. Сабақтарымда «ЖИГСО» әдісін қолдану кезінде Диалогтік оқыту әдісі жақсы жүзеге асып отырды. Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларын бөлісті, пікірлеседі, білімді бірлесіп алды, өз білімін толықтырды. Пікір алмасу оқушылар арасында диалог жүргізу арқылы жүзеге асып отырды. Фриери, мұғалімнің міндеті - оқушының білімін толтыру, көбейту тенденциясымен емес, білімді тауып, дамыту арқылы тереңдетуге бағытталған көзқараспен оқушылармен диалогқа түсу деп санайды (2007 ред., 43-б). Осы мақұлдау жаңашыл болып табылады. Ең алдымен, Л.С. Выготский оқытуда диалогқа басты рөлді беруді ұсынған; ол енгізген «жақын маңдағы даму аймағы» мен Сократтың ұсынған «эленхос» сияқты (Abbs бойынша цитата 2003, 15-бет) түсінігі, диалогтік әңгімеге қатысушылардың біліміндегі кемістіктерді көрсететінін дәлелдейтін теорияның мағынасын анықтайды. Фриери осы теорияны ары қарай дамытуда, оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалог процесінің рөлі мен қатынасын қарастыруда, осындай диалогтың мақсаттарын анықтауда көп еңбек сіңірген. Ендеше, сабақ барысында оқушы мен мұғалімнің арасындағы диалогты ескере отырып, сұрақ-жауап тапсырмалары да ескерілді. Мысалы, екінші сабағымда үй жұмысын тексерген кезде «серпілген сауал» стратегиясын қолдансам, төртінші сабағымда «сұрақты ұстап ал» стратегиясын қолдандым. Мәселен, 5 сыныпта «Қазақстан жеріндегі қола дәуірі» тақырыбын өткенде оқушылар өздеріне үлестірілген ресурстардағы мәлімет жинау үшін диалог арқылы өзара әрекеттесіп, әңгімелесіп бір- біріне өздерінің ой - пікірлерін білдіреді. Тапсырма орындауда топтық әңгімеде оқушылардың әрқайсысы диалогқа түсті өз идеяларын, шешімдерін ұсынды, ауызша, жазбаша дәлелдеді, дұрыс пікірді құптап келісімге келді. Оқушылар өзара әрекетпен нәтижеге жету мақсатында пікір алмасып өздерінің күш жігерін жұмсады. Мұндай тапсырмалар балалар үшін өте қызықты болды. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен оқытуға қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басым болады. Ол әңгімелесудің маңыздылығын, оның білім алуда ажырамас бөлігі екенін зерттеу барысында дәлелдеді.

Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Әр сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырды. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім. Бұл орайда, формативті бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі өте тиімді болып табылады.

Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізкен кезде сынып ішінде біраз кедергілер орын алды: сынып ішіндегі кейбір оқушылардың өзіне деген сенімсіздіктері, балалардың бастапқыда топтық жұмысқа үйренбегендіктері, топ ішіндегі балалардың көшбасшылыққа таласулары, тапсырманы орындаған кезде бастапқы сабақта уақытты үнемдемеулері.

Осы кедергілердің шешімін табу үшін бірқатар жұмыстар атқарылды: мектеп психологымен бірлесіп сынып ішінде оқушыларды топта жұмыс ңстеуге және өздеріне деген сенімсіздіктерін жою үшін тренингтер өткізілді, топ ішіндегі тәртіп дұрыс сақталу үшін, топта жұмыс істеу ережесі құрастырылып, сабақ басында топ ережесін қайталауға оралып отырдық, оқушылардың тапсырмаға берілетін уақытты үнемдеулері үшін әр топқа топ ішінен таймкипер мен бақылаушы тағайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет