Судағы жаттығуларды меңгеру.
Осы жаттығулар жүзудің жай техникалық элементтерін бір мезгілде зерттеумен орындалады. Жақсы техниканың негізі – судағы дененің дұрыс қалпы және дұрыс тыныс алу (суға дем шығару). Судағы жаттығуларды меңгеру 5-6 сабақ аралығында жүзе алмайтындарға және өз бетімен жүзушілерге орындалады. Оларды меңгеріп, балалар суға басымен батуды және көз ашуды, судан шығу, су бетінде дұрыс жату, суға дем шығару және бетте сырғанап, денені көлденең қалпында ұстауды үйретеді. Суда белдікке немесе кеудеге дейін тұрып, дайындық жаттығуларын шағын жерде орындайды: көбіне тыныс алуды тоқтатып жасайды. Балалар суға үйренгеннен кейін, барлық дайындық жаттығулары сабақ бағдарламасынан алынып тасталады. Тек қана сырғанау және суға демді шығару жаттығулары әрқашан орындалып жетілдіріледі.
Судың тығыздығымен, кедергісімен таныстыратын жаттығулар. Осы топтың жаттығулары балаларды суға алақанмен тіреу сезімін, білекпен, табан мен жіліншек (есу қимылына қойылым үшін керек), судан қорықпауға үйретеді, тәрбиелейді.
1. Алғашқыда адыммен, кейін жүгірумен суда жан-жақа қозғалу.
2. Бұрылыспен жүру және бағытты өзертумен, судан қалқып шығу, су бетінде жату. Осы жаттығулар балаларға салмақсыздық жай күйін сезінуге және көлденең қалпында су бетінде кеудеде, арқада жатуды үйретеді.
1. «Қалтқы» Бастапқы қалып - кеудеге дейін суда тұру. Терең тыныс алып, отырған қалыпта, баспен суға бату. Аяқты өзіне бүгіп, тізені қолмен құшақтап, осы қалыпнда 10-15 с. тұру керек, бастапқы қалыпқа оралып, су бетіне қайқиып шығу.
2. «Шаян» дем алып, тыныс алуды тоқтатып судың бетіне жату. Белде бүгіліп, аяқпен қолды босаңсыту. Су түбінде тұру.
3. «Қалтқымен» судан қалқып шығу. Кейін жату қалпын қабылдау (аяқ пен қол түзу). Ойша 10-ға дейін санап, су түбінде тұру.
4. Суда белдікке дейін тұрып, иекті суға батырып: екі қолды екі жаққа созып, басты артқа қарай ауытқытып, аяқты су түбіне тіреп, ақырындап желкеге дейін суға бату. Баспен аяқты көтеріп, бірінен кейін екінші білезігінің көмегімен арқада жату қалпын қабылдау. Егер аяқ батса, белді қолмен ұстап, шағын есу білезігінің көмегімен денені тепе-теңдікте ұстау.
5. Қолмен жиекке немесе хауыздың түбіне таянып, бетті суға түсіру. Жаттығуларды бірнеше рет қайталау. Суға дем шығару. Демді ішке қарай тарту кезінде тыныс алуды тоқтата білу және суға дем шығаруды орындау. Жүзу кезінде ырғақты тыныс алудың қойылымының негізі болып табылады.
1. «Жуыну» дем шығару кезінде өзінің бетіне су шашырату.
2. Бастапқы қалып - су түбінде. Ауыз су бетінде болғандай алақанмен тізеге таянып, денені алға қарай еңкейту. Ауыздан терең демді ішке тартып, бетті суға түсіріп, суға демді баяу шығару. Басты бастапқы қалыпқа көтеріп, қайта демді ішке тарту. Суға демді шығару кезінде судан ауыз көрініп түрғандай, бастың көтерілуі мен суға бетті түсіруді үйлестіру қажет. Осы жаттығу қалыпты тыныс алу кезінде қайталанылады: бірінші сабақтарда 10-15 рет, келесі сабақтарда 20-30 рет қатарынан орындалады (демді ішке тартып, оңға және солға бастың бұрылуымен).
3. Бастапқы қалып - тұрған бойда, аяқ иық аралығында. Алға еңкейіп, қолмен тізеге таяну. Демді ішке тарту қалпында, жақ су бетінде жатыр. Ауызды ашып, демді ішке тартып, бетті суға бұрып, дем шығару.
4. Қолмен жиекке немесе су түбіне таянып, кеудеге жатып, көлденең қалыпты қабылдау. Дем шығарып, бетті суға түсіру. Осы қалыпта 10-15 рет суға демді шығару, бас бұрылысымен бір жаққа бұрылып демді ішке тарту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |