Павлодар қаласының білім бөлімі №5 сәбилер бақшасы мемелекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны «Мен жүзуді білемін»



бет5/17
Дата07.02.2022
өлшемі1,18 Mb.
#91708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Негізгі оқу материалы.

Балабақшада жүзуді оқыту кезінде жалпы дамытушылық және арнайы күш жұмсау жаттығулары, су ішіндегі жаттығуларды үйрену, жүзу техникасын зерттеу, суға жай секіру, судағы ойын және ойын-сауық қолданылады. Осы жаттығулар қандай да бір кезеңде пайдаланылады. Мысалы, сумен жаттығуды үйрену бірінші сабақтарда қолданылып, кейін пайдаланылмайды. Ал жалпы дамытушылық, көбінесе арнайы күш жұмсау жаттығулары және жүзу техникасы зерттеулері, оқытудың барлық кезеңінде орындалады.




Жалпы дамытушылық және арнайы күш жұмсау жаттығулары.

Жалпы дамытушылық және арнайы күш жұмсау жаттығуларының пайдасын айтсақ, біріншіден, олар жалпы күш жұмсаудың дамуына ықпалын тигізеді, икемділікке тәрбиелейді, қимылдың үйлесімділігі, күш және буынның қозғалғыш сапасы желісті жүзуді үйретуге қажет. Жалпы дамытушылық күш жұмсау жатығулары дененің бұшық еттерін нығайтады, дұрыс мүсінді өндіреді, ең маңыздысы жүзушінің аяқ пен қолының күшін дамытады. Арнайы күш жұмсау жаттғуларының қимылдардың түрі мен сипаттамасы жүзу техникасында жақсы. Жүзу кезіндегі негізгі жұмысты атқаратын бұлшық ет тобын дамытады. Жүзу тәжіребиесінде жалпы дамытушылық және арнайы жаттығулар жиынтығы құралады. Суда орындауға арналған ол - оқу материалына кіреді. Әдетте жиынтық қыздырылған және тыныс алу, түрлі жүру, секіріспен жүгіру және қолдың қимылымен жаттығуларды орындаудан басталады. Содан кейін дененің бұлшық еті, иық белбеуі, аяқ пен қолдың еңкейуі, отыру, дененің және жамбастың айналым қимылын, кеудені жерден көтеру және т.б. жаттығуларын дамыту үшін келеді. Аяқ пен қолдың үлкен тербеліс аралағымен сермеуші жұлқұну қимылдарын және иілгіштік жаттығуларын бұлшық ет қыздырылған соң орындау қажет. Жиынтыққа құрғақ жерде ұқсас қимылдау техникасы жаттығулары енгізіледі, мысалы, аяқ пен қолдың бөлек қимылы тыныс алумен үйлестірілген. Қимылдар, сипаты жағынан жүзу техникасына жақын және оларды суда үйренуіне әкеледі, сондықтан жиынтықтың әрқайсысы әдетте ұқсас қимылдау жаттығуларымен аяқталады. Мысалы, құрғақ жерде жалпы дамытушылық және арнайы жаттығулар жиынтығы, арқада және кеудеде құлаштап жүзу тәсілдері жүзуді оқыту бағдарламасында қарастырылған.


Жиынтық 1. (Оқытудың алдында және 5-6 шы сабақтарда кеудеде және арқада құлаштап жүзуді үйрету кезінде орындалады).
1. Жүзу, жүгіру, еңкею, отыру.
2. Бастапқы қалып – отыру, бір аяқ бүгілген. Өкшені және табанның ұшын қолмен алып, оны оңға, солға айналдыру. Әр аяқпен 20 рет орындау.
3.Бастапқы қалып- отыру, артына қолмен таяну, аяқ түзу, аяқ ұшы созылған. Алдымен аяқпен қосылған қимылды жасау,содан кейін құлаштап жүзу кезіндегі сияқты болады. Жамбастан, табанды кішігірім сілтеу жаттығулары тез жылдамдықта орындалады.
4. Бастапқы қалып- тұру, қол жоғары, қол білезігі байланысқан (бас екі қолдың арасында). Аяқ ұшына тұрып, жоғары көтерілу: барлық қол, аяқ, дененің бұлшық етіне қатты күш салып; кейін босату. Күш салуды 5-6 рет қайталау. Осы жаттығу дұрыс сырғанауды орындап, жүзу кезінде денеге қатты күш салып ұстауды үйренуіне әкеледі.
5. Бастапқы қалып- тұру, қол шынтаққа, қол білезігі иыққа бүгіліп тұр. Қолдың шеңберлі қимылы оңға және солға. Алдымен бір мезгілде, кейін әр қолмен ауыстыра 20 рет орындау.
6. Тиірмен. Бастапқы қалып- тұру, бір қол жоғары көтерілген, екінші төмен түсірілген. Қолмен шеңберлі қимыл алға, артқа жасау алдымен баяу, кейін тез жылдамдықта. Жаттығуларды орындау кезінде қол түзу болу керек.
7. Бастапқы қалып- тұрған бойда, аяқ иық аралығында. Алға еңкею (өз алдына қарау), бір қол алда, екінші қол белдің артында. Осы қалыпта қолмен шеңберлеп, қолды алға, артқа қозғаймыз. (Тиірмен) 1 мин. ағымында орындау.
8. 7-ші жаттығу бекітілген резеңке серіппесімен орындалады. (құрғақ жерде судың кедергісін өту).
9. Резңкелік серіппемен жаттығулар арқада құлаштап жүзу үшін керек.
Жиынтық 2.(кеудеде және арқада құлаштап жүзу кезінде орындалады).
1. 4-ші жиынтықтың жаттығуларын істеу, бір қалыпта кеудеде жатып (немесе арқада): қол алға созылулы.
2. Бастапқы қалып – тұрған бойда, аяқ иық аралығында. Алға еңкею (өзіне алға қарау); бір қол тізеге тіреледі, ал екінші қолды алға қарай созу. Құлаштап жүзу сияқты, бос қолмен қимыл жасау.
3. Сол жаттығуларды 3 қалыпта қолдың тоқтауымен, қол ауада, есу ортасында, аяғында. Әр тоқтау кезінде кемінде 3 рет аяқтың және иықтың бұлшық етіне күш салу қажет.
4. 5-ші жиынтықтың жаттығуын бірінші жүру мен жүгіруді байланыстыра орындау.
5. 6-шы жиынтықтың жаттығуларының біріншісін бір орында жүрумен байланыстыра орындау.
6. Құлаштап жүзу сияқты, бір қолмен қимылды тыныс алумен үйлестіру. Бастапқы қалып - тұру, аяқ иық аралығында. Алға еңкею, бір қол тізеге тіреледі, басқасы жамбаста есудің қалпында аяқ жағында болады. Қол жоғары созылған жаққа басты бұру және оған қарау. Дем алуды және демді ішке тартуды қол қимылымен бір мезгілде орындау. Қол жамбаста, есу біткенде, келесі демді ішке тарту орындалады. Осыны әр қолмен 15-20 рет орындау.
7. Қолмен қимыл жасау, тыныс алу мен құлаштап жүзуді үйлестіру. Бастапқы қалып –тұрған бойда, аяқ иық аралығында. Алға еңкею, бір қол алға қарай созылулы, екінші қол артқа созылулы. Артқа қарай созылған қолды алға қарай созып,кезекпен қайталап отырады. Артқа қарай созылған қолға басты бұрып, оған қарап жүзу. Тыныс алып және қолдың есу қимылын бір мезгілде дем шығарумен бастау.
8. «Сөре секіру», Бастапқы қалып – тұрған бойда, аяқ табан аралығында. «Сөреге» командасымен аяқты тізеге бүгіп, алға еңкейіп, қолды төмен түсіру. «Шеру» командасымен қолды алға қарай жоғары сермеп, аяқпен итермелеп, жоғары секіру қимылын жасау.
Жылжу кезінде бастың үстінде қолды байланыстыру және қол арасынан басты алып тастау. Аяқ ұшына тік түсіп,тік тұру қалыпында 5-6 рет қайталау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет