Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп таралды. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.