Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері. Жылуөткізгіштік, конвекция,сәуле шығару.
Сабақтың мақсаты:
-Ішкі энергия, ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін білу, жылуөткізгіштік,конвекция, сәуле шығару құбылыстарын сипаттап, түсіндіре алу, өмірдегі қолданысын айқындау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
- танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Әдіс-тәсілдер: Проблемалық оқыту, есептеу тәсілдері, АКТ.
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г , Перельман Я.И.
"Занимательная физика" интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы, термометр, тиын, жүн мата,металл және ағаш таяқшалар,жұқа жазу қағазы, кнопкалар, құрғақ отын,термометр стикер, маркерлер, бағалау парағы,
Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгерді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Амансындар ма, балалар? Сабаққа келмегендер бар ма?
Сендерге берілген стикерлердің түсіне сай топтарға бөліне қойындар.
Тақырыпқа шығу үшін оқушыларға тиын алып шығу ұсынылады, енді оны өз киімдеріне ұқаландар.
-Ал енді осы тиынмен қандай өзгеріс болды?
-Ендеше ол дененің немесі өзгерттіндер?
-Тағы қандай тәсілдер арқылы осы ішкі энергияны өзгертуге болады?
|
Стикерлерге сай үш топқа бөлінеді. Эксперимент барысы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа: Ішкі энергия,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері тақырыбына шығады. Ішкі энергияны басқаша қалай өзгертуге болатыны туралы ойларын ортаға салады. Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Топтық «Тыңдап отырған үштік» диалог арқылы ішкі энергия 22,23 беттегі мәліметті алдымен жекелей оқып,жұпта әңгіме жүргізеді,3-ші оқушы тыңдап отырады, ауысып келесі топқа барып әңгімелейді.
Әңгімелеуіне сай смайликпен бағалайды
|
Топтарда оқулықтың 22,23 бетіндегі мәліметті пайдаланып ішкі энергия анықтамасы, оның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды ішкі энергияны қандай тәсілдермен өзгертуге болатынын өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады: Дененің ішкі энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясын айтады. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы да артады. Жүйенің ішкі энергиясын өзгертудің екі тәсілі бар: қоршаған денелермен жылу алмасу және механикалық жұмыс істеу.
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
«Ойлан,Бірік,Бөліс» жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару туралы оқып, жұптық талқылап, білімдерін флипчартқа түсіндіріп, оны басқа топтарға таныстыруға жағдай жасаймын.
Орындаған тапсырмаларын бас бармақ арқылы бағалауды ұсынамын.
|
5,6,7 параграфтағы мәліметтерді басшылыққа алып, оқып түсінгендерін флипчартқа түсіреді, басқа топтарға таныстырады.
Әр топты бас бармақпен бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық,
|
Пробл. эксперимент орындап, мағынасын түсіндіреді:
І топ- Таразы тепе-теңдігін қол тигізбей жанып тұрған шам немесе мұздың көмегімен бұзуға бола ма?
ІІ топ-Екі термометр алып, бірінің басын түтінмен қаптап, қарайтқан. Екі термометрді күннің көзінің астында қойып, температуралары бірдей бола ма анықтау
ІІІ топ-ыстық суы бар стақанның төменгі қабырғасында, стақанның үстінде ,ішінде температурасын өлшеп түсіндіру тапсырманы орындап, қорытынды шығаруға бағыттайды
|
Пробл. эксперимент орындап, мағынасын түсіндіреді:
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ДжТОЖ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
«Миллион кімге бұйырады?» Ойыны арқылы білімдерін жинақтайды
|
Әр топқа 1 сұрақтан қойылып, 3 топтан шапшаң жауап берген 3 ойыншы ортаға шығарылып,миллиондық сұраққа жауап береді.
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
СТОү, ДжТОЖ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Шығармашылық тапсырма
Жұмыртқаны қағаз қорапта пісіруге бола ма? болады және болмайды пікіріне сәйкес екі топқа бөлініп,пікірлерін дәлелдейді
|
Болады және болмайды пікіріне сәйкес екі топқа бөлініп,пікірлерін дәлелдейді
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.
Сабақтың мақсаты:
-Жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгеру, оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау, өлшем бірліктерін анықтау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
- танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г , Перельман Я.И.
"Занимательная физика"интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы, әуе шары, стақан, ыстық су, алюминий, күміс қасықтар.
Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгерді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Сергіту сәті.
Топқа бөліну:жылы және суық жыл мезгілдерінде туғандарға бөлінеді.
Тақырыпқа шығу үшін суреттер таратылып, топтастыру ұсынылады. Осы суреттерге ортақ не екенін анықтауға бағытталған және сабақ мақсатын айқындайтын сұрақ қоямын:- Осы суреттер неге таңдалды? Бұл құбылыстарда ортақ әрекет не? Жылу берілу кезінде энергияны қандай физикалық шамамен өлшейді?
|
Суреттерді екі топқа (жұмыс және жылу берілу) топтарына топтастыра келе, оларға ортақ іс-әрекет ол ішкі энергияны өзгерту екенін анықтайды. Сабақтың мақсаты жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық ұғымдарын меңгеру, осы шамаларды анықтайтын формуламен есептер шығара алу біліктерін қалыптастыру екенін айқындайды. Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Топтық «Бірге ойлаймыз» диалог арқылы жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді екенін анықтауға, анықтамасын және формуласын, формуланы түрлендіріп заттың меншікті жылу сыйымдылығы қалай анықтауға болатынын шығарады, флипчартқа түсіріп қорғауға тапсырма береді.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалауды ұйымдастырады.
|
Топтарда оқулықтың 43-44 бетіндегі мәліметті пайдаланып жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы туралы түсінгенін өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады: Жылу мөлшері дененің температурасына, массасына және заттың тегіне байланысты екенін айқындайды.
Q =cm(t2-t1) =Дж
Осыдан
Басқа топтарға жылу мөлшері туралы флипчарттарымен таныстырады. Топтар бір-бірін бағалайды.
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
«Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?» әдісімен жылу мөлшерінің тәуелділігін тәжірибе арқылы тексереді. Орындаған тапсырмаларын бас бармақ арқылы бағалауды ұсынамын.
|
Үнсіз қадаммен жұптарға бөлініп, басқа топтарға өз тәжірибесін жетекшілікке алып, алдыңғы теориялық білімдерін нығайтады.
Әр топты бас бармақпен бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Үстелдеріне бекітілген стикерге сәйкес жұптарға бөлініп «Әуе шары» әдісімен әр жұпқа деңгейлік есептерді шығаруға тапсырма беремін.
Таймкипер топтың есептерді шығару шапшандығын бағалайды.
|
Әр жұп А,В,С деңгейінің есептерін шығарған жұп шарды босатып жібереді.
Таймкипер бағалайды
А-1 ұпай
В-2 ұпай
С-3 ұпай
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық,
|
«Детальдарды қосу» әдісі арқылы ішкі энергия, оны өзгерту тәсілдері туралы тұтас ұғым шығару
|
«Детальдарды қосу» әдісі арқылы жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылығы туралы тұтас ұғым шығару
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
ДжТОЖ,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Шығармашылық тапсырма:Стақанға ыстық шай құйғанда стақан ішіне күміс қасық салады, алюминий қасық салынса да солай бола ма?
|
Болады дегендер бір топқа, жоқ дегендер екінші топқа бөлініп, пікірлерін дәлелдейді тапсырманы орындау арқылы,
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы.
Сабақтың мақсаты:
-Отын жанғанда энергияның бөлінуін түсіну, отынның меншікті жану жылуы және оның өлшем бірлігін, отын жанғанда бөлініп шығатын энергияны есептеу формуласын білу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
-танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г, құрғақ отын,термометр, стикер, этил спирті,алюминий ыдыс, су, маркерлер, бағалау парағы,
Оқыту нәтижесі: Отынның меншікті жану жылуы ұғымын меңгерді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Қағазға жазылған отын түрлерінің қайсына жататынын анықтап, соған сәйкес топқа бірігеді: газ, сұйық, қатты.
Этил спирт, қатты отынды жағып және жетелеуші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына шығып, сабақ мақсатын шығарады
|
Газ, сұйық, қатты отын түрлеріне сәйкес 3
топқа бірігеді. Сабақтың мақсаты отын түрлері, отын энергиясы, отынның меншікті жылуы ұғымдарын меңгеру, осы шамаларды анықтайтын формуламен есептер шығара алу біліктерін қалыптастыру екенін айқындайды. Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
«Бірік, ойлан, бөліс» әдісімен Отынның энергиясы тақырыпты өздігінен меңгеріп, топта талқылап, басқа топтарға таныстыру
|
Топтарда оқулықтың бетіндегі мәліметті пайдаланып отын энергиясы, отынның жылу мөлшері, меншікті жану жылуы туралы түсінгенін өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады: Жылу мөлшері дененің массасына және заттың меншікті жану жылуына байланысты екенін айқындайды.
Q =qm =Дж
Топтар бір-бірін бағалайды.
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Алған білімдерін қолданып, есептер шығарады:
І топ-104,108,111,114
ІІ топ-105,109,113,112
ІІІ топ-107,117,120,121.
|
Топтарда есептерді шығарып, басқа топтарға есептердің шығарылуымен бірге талдау жасайды. Есептердің дұрыстығын бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Эксперименттік тапсырма арқылы алған білімдеріне талдау жасайды:
І топ-7 г құрғақ отын көмегімен алюминий ыдыста 44 г су қыздырылды Термометр және мензурканы пайдаланып, ыдыспен қоршаған ортаны жылынуына қанша жылу кеткенін анықтау
ІІ топ-Термометрді пайдалана отырып, суды қайнату үшін спиртовкада қанша спирт жағуы тиіс. Спиртовканың ПӘК-і 40 %.
|
Екі топқа бірігіп, эксперименттік тапсырманы орындап, нәтижесін түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық,
|
«Кезбе тілші» әдісімен Табиғат ресурстары журналының тілшісі сұхбат алады.
|
«Кезбе тілші» әдісімен бір оқушы тілші ретінде тағайындалып, сұхбат жүргізіп:Отын түрлері, энергиясы туралы тұтас ұғым шығарады
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
ДжТОЖ,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Шығармашылық тапсырма:Отын энергиясы:кешегі күні, бүгін болашағы- тақырыбында«табиғат ресурстары» журналына мақала жазу
|
«табиғат ресурстары» журналына мақала жазып, ерекшелеген мақаланы оқып, баспаға жіберу
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы.
Сабақтың мақсаты:
-механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу заңын тұжырымдай білу, энергияның айналу процесінің маңыздылығын ұғыну,бұл заңның ашылу барысында ашылған жаңалықтарды анықтау.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
-танымдық белсенділіктерін арттыру, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г , Перельман Я.И.
"Занимательная физика" интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы,сурет қиындылары,бейнеклип,алюминий ыдыс, ыстық және суық су, термометр, таразы, кірлер.
Оқыту нәтижесі: Энергияның сақталу заңын, оның қолданылу аясын, маңыздылығын түсінді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Механикалық, электр және биологиялық энергия мысалдары келтірілген сурет қиындыларын топтастырып, топтарға бөліну. «Таным таразысы» тапсырмасы арқылы алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру. Интернет ресурстан http://www.youtube.com/watch?v=0Uk8IjnKX_g бейнеклипін көрсету арқылы сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын шығару
|
Сурет қиындыларын жинақтау арқылы топтарға бірігеді. «Таным таразысы» тапсырмасы арқылы өз білімдерін тексереді. Бейнеклип көргенін тұжырымдап әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Топтық «ДЖИГСО» диалогы арқылы мына Механикалық және жылу процесіндегі энергияның сақталу және айналу заңы тапсырмасын орындауға бағыттаймын. Ол ПРЕС әдісі арқылы жүзеге асады (10 слайд):
1 топ - P/П – point of view / өз ойын
2 топ- R/Р — reason / себептер, E/Е — example / мысалдар
3 топ- S/С — summary / қорытынды
|
Топтарда оқулықтың бетіндегі мәліметті пайдаланып, ПРЕС әдісі арқылы жүзеге асады (10 слайд):
1 топ - P/П – point of view / өз ойын
2 топ- R/Р — reason / себептер, E/Е — example / мысалдар
3 топ- S/С — summary / қорытынды шығарады, басқа топтарға өкіл жіберіліп,сол топтың мәліметімен өз постерлеріне түсіріп, толықтырады.
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Деңгейлік есептер шығару,
А деңгейі-3,5,6;
В деңгейі-3,5; С деңгейі-6. Әр топ А есебін шығарса қызыл шарды, В есебін шығарса-көк, С есебін шығарса- жасыл шарды босатады.
|
Топтарда есептерді шығарып, басқа топтарға есептердің шығарылуымен бірге талдау жасайды. Есептердің дұрыстығын бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Эксперим. тапсырма:
І топ-Массалары бірдей алюминий ыдыстардағы бірдей массадағы ыстық және суық суды арастырғанда қандай температура орнайтынын термометр көмегімен анықтау. Суды құю әдісі осыған әсер ете ме?
ІІ топ-таразы, кір және термометр көмегімен стақанның 60-70 градустағы 50 г су құйғандағы температурасын анықтау.
|
Екі топқа бірігіп, эксперименттік тапсырманы орындап, нәтижесін түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық,
|
«Энергия FM»-радиобағдарламасы арқылы оқушылардың білімдерін жинақтауға жетелеймін, ол үшін радиожүргізуші әр топтан 1 оқушыдан әр түрлі энергия сақтау ұйымдарының мамандарымен сұхбат жүргізеді
|
«Энергия FM»-радиобағдарламасы арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау үшін бір оқушы тілші ретінде тағайындалып, сұхбат жүргізу үшін әр топтан шыққан энергия сақтау ұйымдарының мамандарымен әңгіме-сұхбат жүргізеді.
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
ДжТОЖ,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Шығармашылық тапсырма:Суды мұзбен қайнату мүмкін бе?-ия дегендер 1 топқа, жоқ дегендер екінші топқа бірігіп , өз пікірлерін дәлелдейді.
|
ия дегендер 1 топқа, жоқ дегендер екінші топқа бірігіп , өз пікірлерін дәлелдейді.
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердiң балқуы және қатаюы. Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы
Сабақтың мақсаты:
-Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруінің себебін анықтай алу, қатты денелердiң балқуы және қатаюы,меншiктi балқу жылуы ұғымдарын меңгеру, балқу және кристалдану температурасының графигін түсініп, сала білу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
-танымдық белсенділіктерін арттыру, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г , интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы, сурет қиындылары,нафталин бөлшегі, алюминий ыдыс, ыстық және суық су, термометр, таразы, кірлер.
Оқыту нәтижесі: Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеру себебін айта алады, қатты денелердің балқу және қатаю процесін тұжырымдай алады, меншікті балқу жылуын есептей біледі өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Суреттердің қиындылары арқылы топ құрылады да әрбір топ өздерінің агрегаттық күйлері туралы айтады:
қатты, сұйық, газ.Сабақ тақырыбына шығу үшін мұздың еруі бейнеклип көрсетіліп,сұрақтар қойылады: Бұл көріністен не байқадыңдар? Бұл өзгеріс ненің әсерінен болды?Сонда бүгінгі сабақта біз нені меңгереміз?
|
Сурет қиындыларын жинақтау арқылы топтарға бірігеді. Бейнеклипте көргенін тұжырымдап әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Ал енді газ күйіндегі оқушылар өздеріне ұнаған қатты немесе сұйық тобына қосыла қойындар: І топ- Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы.Балқу және қатаю температурасы;
ІІ топ-Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы. Тақырыбын өздігінен меңгеріп, «галерея» әдісімен басқа топқа таныстыру
|
Тақырыбын өздігінен меңгеріп, «галерея» әдісімен басқа топқа таныстырады:
І топ- Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы.Балқу және қатаю температурасы;
ІІ топ-Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы.
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Алған білімдерін қолданып, есептер жинағынан:
І топ-195,209,229
ІІ топ-198,210,227 есептерін шығару
|
Топтарда есептерді шығарып, басқа топтарға есептердің шығарылуымен бірге талдау жасайды. Есептердің дұрыстығын бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Эксперименттік тапсырма:
І топ-Таразы,кірлер және термометрдің көмегімен нафталин бөлшегінің ыстық суда 95-100С ери ме екенін анықтау, еру графигін құру;
ІІ топ- Таразы,кірлер және термометрдің ыстық су және спиртовкадағы спирттің көмегімен мұзды ерітіп, қайнату үшін қанша спирт жағу керек екенін анықтау, Спиртовка ПӘК-і 40%.Графигін салу.
|
Екі топқа бірігіп, эксперименттік тапсырманы орындап, нәтижесін түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық,
|
«Қораптағы сұрақ» әдісімен сабақ бойы алған білімдерін жинақтайды. Алдымен әрбір оқушы 1 сұрақтан қағазға жазып қорапқа салып, қарамай содан соң сол қораптаң 1 сұрақ алып соған жауап береді
|
Алдымен әрбір оқушы 1 сұрақтан қағазға жазып қорапқа салып, қарамай содан соң сол қораптаң 1 сұрақ алып соған жауап береді
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
ДжТОЖ,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Шығармашылық тапсырма: Табиғат кереметі: Балқаш өзенінің батыс жағы 0 градуста кристалданса, шығыс бөлігі одан төмен температурада қатаяды. Себебі неде?
|
Шығармашылық тапсырманы топтарда талқылап, өз пікірлерін дәлелдейді.
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Будың пайда болуы. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар.Ауаның ылғалдылығы
Сабақтың мақсаты:
-Будың пайда болу себебін білу,булану және конденсация ұғымдарын меңгеру, қаныққан және қанықпаған булардың ерекшеліктерін тани білу.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;
-танымдық белсенділіктерін арттыру, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г ,интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы,электрондық таразы,суық және ыстық суы бар стақандар, сұйық май, спирт,желдеткіш.
Оқыту нәтижесі: Будың пайда болу себебін айта алады, булану және конденсацияны түсіндіре алады, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды, шығармашылықпен ойлай алады.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
5 мин
|
СТОү, ОЖЕСО,
|
Тақырыпқа шығу үшін флипчарттан сурет көрсетіп. Осы суреттен сабақ мақсатын айқындайтын сұрақ қоямын:- Осы суретте қандай құбылысты байқадыңдар?
Булану тек осы тәсілмен жүре ме? Конденсациялану шарты қандай? Бүгінгі сабақта біз нені меңгереміз?
|
Сурет желісімен қойылған СТО сұрақтарына жауап бере отырып сабақ тақырыбын шығарып, сабақ мақсатын айқындайды.
|
Түсіну
|
10 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
«Керектісін тап» әдісімен: І топ-булану және конденсация, ІІ топ-қаныққан және қанықпаған булар,ІІІ топ- ауаның ылғалдылығы тақырыбын , галерея әдісімен :І топқа-ІІ,ІІІ топ,ІІ топқа-І,ІІІ,ІІІ топқа-І,ІІ қонаққа барып басқа тақырыптарды меңгереді
|
Керектісін тап» әдісімен: І топ-булану және конденсация, ІІ топ-қаныққан және қанықпаған булар,ІІІ топ- ауаның ылғалдылығы тақырыбын өздігінен меңгеріп, «галерея» әдісімен басқа топқа таныстырады:
І топқа-ІІ,ІІІ топ,ІІ топқа-І,ІІІ,ІІІ топқа-І,ІІ қонаққа барып басқа тақырыптарды меңгереді
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Алған білімдерін қолданып, есептер жинағынан: І топ-252,256,263,315,
ІІ топ-253,257,264,318
ІІІтоп-254,266,267,321 есептерін шығару
|
Топтарда есептерді шығарып, басқа топтарға есептердің шығарылуымен бірге талдау жасайды. Есептердің дұрыстығын бағалайды.
|
Талдау
|
13 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Эксперименттік тапсырма:
І топ-таразыға массалары бірдей, бірінде суық су екіншісінде ыстық суы бар стақандар қойылады,тепе-тендігі бұзыла ма?
ІІ топ-таза қағаз бетіне шөткемен, 1 сызық су,сұйық май және спирт жағады, өзгеріс бола ма?
ІІІ топ-екі қағазға біріне 1 тамшы, екіншісіне 2 тамшы су тамызып,желдеткішпен суыту, қорытынды шығару
|
Екі топқа бірігіп, эксперименттік тапсырманы орындап, нәтижесін түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
3 мин
|
АКТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық,
|
«Физикалық лото» ойыны арқылы сабақ бойы алған білімдерін жинақтайды, мұғалім әрбір оқушыға саны бар стикер жабыстырып кетеді, лотодан шыққан санға сәйкес оқушы жауап береді
|
«Физикалық лото» тапсырмасы арқылы өз білімдерін жинақтайды, берілген сұраққа толық, мазмұнды жауап беру шарт.
|
Бағалау
Рефлексия
|
4 мин
|
ДжТОЖ,
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Шығармашылық тапсырма:Адам 100 градустан аса ыстық температураға шыдайды? Иә дегендер, қарама-қарсы пікір айтқандар келесі топты құрап, өз пікірлерін ортаға салып , дәлелдеуге тырысады
|
Иә дегендер, қарама-қарсы пікір айтқандар келесі топты құрап, өз пікірлерін ортаға салып , дәлелдеуге тырысады
|
Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайнау.Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты:
-Қайнау құбылысын сипаттап, түсіндіре алу, меншікті булану жылуы анықтай алуға, физикалық шамалар тәуелділік графигін сала білуге үйрену.
Сабақтың міндеттері:
- күнделікті тұрмыста кездесетін физикалық құбылыстарды көре білуге және оны дұрыс түсінуге, экспериментальды іскерлігін дамыту;
- танымдық белсенділіктерін арттыру, білімді тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, ОжОЖТ, ОЖЕСО, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Әдіс-тәсілдер: Проблемалық оқыту, есептеу тәсілдері, АКТ.
Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия, Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия, 8 сынып Б.М. Дүйсембаев., Г.З. Байжасарова., А.А. Медетбекова-Алматы, Мектеп-2012 ж, Есептер жинағы, Физика,В.И Кем,Б.А.Кронгарт-Мектеп 2012 ж, экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г , Перельман Я.И.
"Занимательная физика"интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы, құрғақ отын,термометр,пробирка, шприц, резеңке түтігімен, резеңке груша, су.
Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы қайнау, меншікті булану жылуы ұғымдарын меңгерді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.
Сабақтың кезеңдері
|
уақыт
|
Кіріктірілген модульдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
|
3 мин
|
СТОү, ОжОЖТ, ОЖЕСО
|
Амансындар ма, балалар? Сабаққа келмегендер бар ма?
Сендерге берілген стикерлердің түсіне сай топтарға бөліне қойындар.
Тақырыпқа шығу үшін эл.оқулықтағы бейнематериалды көрсетіп, СТОү сұрақтар қоямын:
1)Құтының үстіңгі жағынан нені байқадық?
2)Көпіршіктер қайдан пайда болды?
3)Көпіршіктер неге үлкейіп жоғары көтеріле бастады?
|
Стикерлерге сай үш топқа бөлінеді. Эксперимент барысы туралы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпқа: қайнау,меншікті булану жылуы тақырыбына шығады. Ішкі энергияны басқаша қалай өзгертуге болатыны туралы ойларын ортаға салады. Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.
|
Түсіну
|
12 мин
|
ОжОЖТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық
|
Топтық «Бірге ойлаймыз» диалог арқылы қайнау,меншікті булану жылуы туралы ақпаратты 75-79 бетті алдымен жекелей оқып,топта талқылап, флипчартқа түсіріп, таныстыруға тапсырма береді.
|
Топтарда оқулықтың 75-79 бетіндегі мәліметті пайдаланып қайнау, оның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады: Сұйық ішінде бу көпіршіктердің қарқынды пайда болатын кебуді қайнау деп атайды. Қайнау атмосфералық қысымға тікелей байланысты
|
Қолдану
|
10 мин
|
ОжОЖТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық
|
Эксперименттік тапсырма арқылы қайнау процесінің мағынасын түсінуге жетелеу.
І топ: Пробиркаға құйылған судың бетіне резеңке груша қойылады, су қайнаған кезде грушаны сығып, не болғанын түсіндіріндер.
ІІ топ: Пробиркада суды қайнатып бетін шприцпен жалғасқан резеңке тығынмен тығыз жабу қажет. Біраздан соң ауаны шприцпен сорып алғанда не болғанын түсіндіріндер.
Орындаған тапсырмаларын бас бармақ арқылы бағалауды ұсынамын.
|
1,2,3 абзацтағы мәліметтерді басшылыққа алып, оқып түсінгендерін флипчартқа түсіреді, басқа топтарға таныстырады.
Әр топты бас бармақпен бағалайды.
|
Талдау
|
12 мин
|
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық
|
Есептер жинағынан есептер шығаруға тапсырма беріп, шығарылу жолын түсінуге жетелеймін
І топ:295,299 а,300
ІІ топ:296,299ә,304
|
Есептерді шығарып , шығарылу жолын түсіндіреді.
|
Жинақтау
|
3 мин
|
оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,
|
«Ыстық орындық» әдісі арқылы қайнау, меншікті буланы жылуы туралы білімдерін жинақтауңа ынталандырады
|
Ыстық орындықта отырған оқушы сұрақ қояды, қалғандары жауап бере отырып, білімдерін жинақтайды
|
Бағалау
Рефлексия
|
5 мин
|
АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Ежелгі грек ғалымы Герон ойлап тапқан мына қондырғы Герон шары деп аталады. Осы құрылғының құрылымы, жұмыс істеу принципін түсіндіріп,қазіргі заманның қандай құрылғысының атасы деп айтуға болады?
Стикер таратып, сабақты қорытындылауға жетелейді
|
Шар жан-жаққа айналатындай бекітілген, су қайнаған кезде бу түтік арқылы шарға еніп, ол шарды айналдырады және сыртқа шығады, мүнда будың ішкі энергиясы шардың механикалық энергиясына айналады. Бұл қазіргі заман реактивті қозғалтқыш атасы деуге келеді.
Стикер арқылы сабақты қорытындылайды
|
Достарыңызбен бөлісу: |