Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы «Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі» кмм ғылыми жоба тақырыбы


I. Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі



бет2/8
Дата13.09.2022
өлшемі38,36 Kb.
#149417
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасы

I. Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі

М.Жұмабаев есімі тарихымызда шығармашылық шеберлігі, стильдік анықтығы т.б. профессионалдық ерекшеліктерімен ғана емес, ұлттық әдебиетіміздің тағдырына арналған патриоттық рухтағы ой бастамаларымен әсіресе құнды. Сонымен бірге ақын өз жырларының ерекше тақырыбы, авторлық концепциясы арқылы, ұлттық поэзиямызды кеңес тұсындағы таптық идеядан қорғауға талпынды. Түрікшілдікті, батырлықты жырлап, ондағы іс- әрекеттерді бүгінгі ұрпаққа патриоттық сезімнің символы етті. Мағжанның өз тұсындағы және рухани болашақтағы құлдырауды болжай білген ақындық гипотезасы- поэмаларындағы бүкіл патриоттық рухтың негізі. Ақын поэмаларының идеясы-ұлтты тапқа бөлмей біртұтас сүю, түркі бірлігі және осы концепция негізінде келер ұрпаққа бағыт, тәрбие, рух беру.


Мағжан шығармашылығының профессионалдық сатыға көтерілуіне образға келер алдындағы үлкен даярлығы мен философиялық терең анализі әсер етті. Осы кезеңде өз шығармашылығының биік дамуында тұрған Мағжан Жұмабаев бұл сұраққа өзіндік ерекшелікпен келді. «Батыр Баян» поэмасын жазудағы ізденісі тарихи деректі көркем туындыға айналдыруда ақынның шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады. Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шындықты жазушылық қиялмен дамытып, өзге деректермен қоюластырған. Мағжан өзі тарихшы ретінде жеке ізденіп деректер жинақтап, поэмасын терең философиялық ой-тұжырымдарға құрады.Бұл-жазушының шығармашылық және суреткерлік жұмысы алдындағы дайындық лабороториясында ой жинақтауы яки шығармашылық қажетіліктен туындайтын құбылыс.
Ақын-алдымен сөз шебері. Ал тарих-ақын үшін деректік негіздердің арсеналы немесе әлем туралы жалпы танымдардың қайнар көзі ғана емес, суреткерлік танымының бір элементі болып қалыптасып кеткен. Бұл, Мағжанның суреткерлік әлемінде, әсіресе философиялық ой-тұжырымдарынан ерекше байқалады. Ақын философиясы жеке басының трагедиясымен астасып жатса, трагедиясы ел тарихынан туындайды. Ежелгі аңыз, тарихи сюжеттер Мағжан поэмаларында мүлдем басқа мағына, басқа мінезге ие. Себебі, адамдар, мінез, көзқарас-бәрі өзгерген, яғни тарих өзді-өзі «пародия» жасауда. Мысалы,Нысанбай ақынның тарихи поэмасындағы, М.Әуезов пьесасындағы, М.Жұмабаев поэмсындағы Кенесары бейнесі осыған дәлел.
Мағжан поэмаларының астарына өз тұсындағы тарихи проблемалар негіз болған. Яғни ақын шығармаларының қай планында болмасын өз тұсындағы тарихи, рухани мәселелерді көтеріп, қозғап, қатыстырып айтып отырады. Мағжанның да тіршілік тауқыметін мойындай отырып: өзін жалған жасампаздыққа жеңдірмеуі; шынайылылықты тек табиғаттан іздеуі; әдебиетті саясаттың емес, сұлулықтың, көркемдіктің құралы деп тануы; адамдардың ой-сана, жан-дүние еркіндігін аңсауы, т.б. оның адамдық таза, биік рухының көрінісі.
М.Жұмабаев поэмасының тақырыбы, сюжеттік құрылысы жағынан сан қилы бастаудан бағыт алған: әлеуметтік теңсіздік,мәңгілік тақырып, патриотизм мен махаббат т.б.
Мағжан-тарихи сюжеттерді өңдеп, көркем туынды жасауда өзіндік ерекше стильі бар ақын. Ақын туындысында тарихи сюжет пен шығармашылық ой-идея бірлігі тұтас образды сомдаған. Тарихи тұлғалар Мағжан шығармашылығында жаңа образға еніп, дәріптеліп, ұрпаққа жәдігер болып жатталады.
Ақынның тарихи сюжетті негіз еткен «Батыр Баян» поэмасының діңгегі-туған ел тарихының шындығы. Бұл поэмада жанрға тән асқақтықты- намысшылдық, алаш еліне деген сүйіспеншілік, сертке беріктік (қалмақ қызының мінезі) , нәпсіні тыйып ұстаудағы адами ерік-жігер, ақыл азабы, және жалғыздық құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет