Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы «Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі» кмм ғылыми жоба тақырыбы



бет7/8
Дата13.09.2022
өлшемі38,36 Kb.
#149417
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасы

Қорытынды

XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының поэма жанрындағы эпикалық кеңістікте киіктей самғап, кең тыныстаған, алысқа шапса алқынбас хас жүйрік ақындардың бірі-Мағжан Жұмабаев болатын.


Сондықтан ақын шығармашылығының белгілі бір шоқтығы болып есептелетін керемет те құдірет көркем поэмасы-«Батыр Баян». Бұл поэманы көз алмастан бастан аяқ оқып шығып, ондағы шағын сюжеттің терең мазмұнына, адам сезімінің шексіздігіне, ақынның тіл шеберлігіне, уақиғаны тарихпен байланыстыра білуіне, адам образын берудегі сан қырлы теңеулеріне, тіл жеткісіз шебер берілген психолгиялық жағына да тәнті болып танданамыз.
Қазақ әдебиеті әлемі 20 ғасырда жан-жақты дамыды. Халық тарихының даму кезеңдері руханият әлемінің өзекті мәселелеріне айналып, ұлттық әдебетімізге жаңалық, өзеріс,тақырып ұстанымдар әкелді. Ұлттық проблема негізінде туындаған жаңа идеялар, жаңа үлгі, жаңа мотив, жаңа түр әкелді. М.Жұмабаев поэмаларының өзіндік жаңалығы болды. Сондай поэманың бірі осы жобада сөз болған –«Батыр Баян» поэмасы. М.Жұмабаев поэма табиғатына психологизмді де шебер үйлестіре біледі. Халықтық поэзия мен ақын-жыраулар поэиясындағы романтикалық стильді ақындық өзіндік жаңа үлгідегі ізденістермен дамытты. Сонымен бірге ауыз әдебиеті элементтерін поэма жанрында шебер қолданды.
«Батыр Баян» поэмасы-ақынның романтикалық стиль қалыптасып, шыңдалған тұста жазылған туындысы. XX ғасыр басындағы М.Жұмабаев поэмасының ішкі мазмұнына тарихи сюжеттер де негіз болған. Ақын бұл сюжеттерге романтикалық сипат дарытып, өз қоғамы мен уақыты тұрғысынан өңдеп, жаңа көркемдік шындыққа айналдырған. Ақын өз шығармаларын әдебиет жанры арқылы ғана дамытып қана қойма, осы арқылы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті байланысын нығайтты. Батыр Баян поэмасында көтерілген проблемалар заман құбылыстарымен тығыз байланыста берілді. Үш тараудан тұратын бұл жобада осы айтылып отырған мәселелердің бәрі қамтылады. Тарихи оқиға, ел тағдыры, адам тағдыры бәрі поэмада өзінше бір ерекшелігімен астасып жатқан құнды дүние. Көркемдік қабат пен ақынның шеберлік әлемі. Әлемдік әдебиет ұғымында «тұтқын», «кісен», «шынжыр» т.б. сөздер арқылы қолданып жүрген құбылыс, Мағжан Жұмабаев шығармашылығында «кісен», «абақты» образдары арқылы көрінеді.
XX ғасырдың басында қиын қыстау заманда өмір сүрген Мағжан Жұмабаев сол кезеңдегі қазақ халқының орыс боданынан босап, жеке шаңырақ болуына күрескен азаматтардың бірі. Әрине, сол кезде Мағжан сияқты зиялыларды абақтыға жауып қолын кісендесе де, патриот азаматтардың қызыл тілін тия алмаған. Ескіні жырлау арқылы жаңаға жол беру мағжанның үрдісі. Батыр Баяндай ерін танып, ұмытпаған халықтың ерлікке, еркіндікке деген күш жігері артатыны сөзсіз. Мағжан Жұмабаевтың эпостық поэмасындағы негізгі түйінді ой халықты жігерлендіріп, рух бере отырып, тарихымыздың алтын діңгегінен айырылмау болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет