Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Ағашорын ауылы «Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі» кмм ғылыми жоба тақырыбы


III. «Батыр Баян» поэмасының жанрлық түрі



бет6/8
Дата13.09.2022
өлшемі38,36 Kb.
#149417
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мағжан Жұмабаевтің «Батыр Баян» поэмасы

III. «Батыр Баян» поэмасының жанрлық түрі

Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндкегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да, еркін енгізген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қалыптастырды. [19.102]


XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының поэма жанрындағы эпикалық кеңістікте киіктей самғап, кең тыныстаған, алысқа шапса алқынбас хас жүйрік ақындардың бірі - Мағжан Жұмабаев болатын.
Сондықтан ақын шығармашылығының белгілі бір шоқтығы болып есептелетін керемет те құдірет көркем поэмасы-«Батыр Баян» Бұл поэманы көз алмастан бастан аяқ оқып шығып, ондағы шағын сюжеттің терең мазмұнына, адам сезімінің шексіздігіне, ақынның тіл шеберлігіне, уақиғаны тарихпен байланыстыра білуіне, адам образын берудегі сан қырлы теңеулеріне, тіл жеткісіз шебер берілген психолгиялық жағына да, характер жағына да тәнті болып танданамыз.
«Батыр Баян»- шоқтығы биік шығарма. Бұл махаббат жайлы лирикалық сөз де, отан алдындағы борыш хақындағы эпикалық жыры да, әділеттілік үшін жанын пида еткен жанның биік трагедиясы да деп аяқтайды.
Мағжан поэмасының бірінші тарауында ақынның әлеумет алдындағы азаматтық парызы, ақын сөзінің өлмей-өшпей, «қанды ор» сияқты заман-заманға ауысатындығын, ұрпақтар зердесінде сақталатындығын, өлеңмен баяндай келіп, қазақтың кең жазира даласын, оның әсем табиғатын терең сүйіспеншілікпен жырға қосады:
Қыз бен жігіт арасындағы махаббатына ден берген көріктілік, құпиялық мәнін сездіртеді. «Сылдырап»-деген үн келістілігі де, «сылқ-сылқ күлген» дыбыс сипаты да өріле келіп Ноян махаббатының өршуін мына жолдар арқылы айқындайды:
Жас ноян қызды көріп от боп кетті,
Көздері қызыл жалын шоқ боп кетті.
Жер мен көк,ай, жұлдызды тұман басып,
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті.
-деп нағыз адамның психологиялық ішкі сезімін шеберлікпен көркем етіп суреттеуі арқылы оқырманының көңілін жігіттің қызға деген махаббатының шынайы, таза екендігіне аударады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет