2.1 Стильдік ерекшелігі.
«Стиль» - жазушының өмір шындығын танып білу, сезіну қабілетін, бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға-бітімін танытатын даралық өзгешелігі,жазу мәнері, қолтаңбасы. Көркемдік стиль жазушының өмірлік тәжірибесі негізінде, оның суреткерлік талантының табиғатына сәйкес қалыптасып, дамиды.Жазушының стильі дегенде, біз оның өмір шындығын өзіне тани білу,сезіну, тақырыпты өзінше игеру, өзінше ой толғап, бейнелеп айту-міне, осындай маңызды сипаттар танытатын, басқаға ұқсамайтын суреткерлік шеберлігін, дара қолтаңбасын айтамыз.
Мас болып дене түгіл жаны елжіреп,
Сонда да кейбір кезде ақ бетіне,
Бір нәрсе жүгіруші еді ыстық қандай.
Айға алтын күн нұрынан сәуле бермек,
Шалқыған махаббат-от аспанға өрлеп,
Жүрегін өзі сүйген отты жүрек
Оятпақ тас болса да зарлап тербеп.
Аулақта сүйіскен жан ұшыраса,
Сипаттама суреттеуден жанды құбылысқа айнала бастаған махаббат образы енді екі жасқа қатыстырыла өрбиді. Бұндағы көркемдік бейнелеу құралдары романтикалық жүйеге қызмет еткен.Мысалы:"дене түгілі жан мас" деген ақын қолданысында "дене мен жанға"екі басқа зат түрінде қарау, яғни құбылысқа философиялық қырынан келу бар; келесі ерекшелігі ол да ақын поэтикасында молынан кездесетін әдіс, метафоралық эпитет:
Айға алтын күн нұрынан сәуле бермек,
Шалқыған махаббат от аспанға өрлеп...
«отты жүрек», «у» т.б. т.б.
Поэмадағы махаббат образының «сұм» сөзімен берілетін / яғни «махаббат» ойынын өз мақсатына ақылмен пайдалана білген "тұтқын көңілдің" ішкі есебімен астарлас/ екінші бір мәні, яғни астары, мына жолдарда берілген. Мысалы:
Нояным, бірақ сенен қалауым бар,-
Деді де сұлу ойға тереңдеді.
Мен сорлы көргеннен-ақ сүйген Баян,
Қосылсақ,Баянға ауыр дерт болмай ма?
Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ,
Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма?
Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ
О да бір саған туған жұрт болмай ма?!
Бұнда махаббатқа сауға сұрау, әлеуметтік мәселені араластыру және сезімді логикалық концепцияға құру бар да, Ноянша «жас қанына тұншығып, өзі-өзін ұмыту» жоқ. Мағжан бір махаббатқа екі сипат берген, басына күн түспеген ерке, еркін көңілден туындаған махаббат және тәуелді, еріксіз мәжбүр «тұтқын көңілдің» махаббаты.
М.Жұмабаев поэмалары жаңа мағынадағы контрастық қолданыстарға бай. Ақын мысалды табиғаттың, өмірдің өзінен алған. Мысалы: «дауыл мен гүл» - бірі дерексіз, бірі деректі, бірі дүлей күш, бірі нәзіктік символы. Ақын Баян мен Ноянды дүлей күш- дауыл мен нәзіктік символы-гүлге теңеу арқылы керемет контрастылық сурет жасайды. «Ай мен Күн» - екі бірдей сұлу жанның көркемдігін бір ауыз сөзбен ашады. Бұл сурет одан әрі "күміс күлген күндіз" бен «түнерген қара түн» болып дамиды.
Ақын Баянның пендеуи тірліктегі жан-күйі патриоттық тұлғасына қатыссыз. Бас қаһарманның бағы қайтқан батыр, інісін, сүйген адамын өз қолымен өлтірген "сорлы", қамалаған қалмақтың ортасында мүрдесі көмусіз, жоқтаусыз қалған бейнелері жинақталып келіп, Баянның трагедиялық образ тұтастығын сомдаған. "Батыр Баян" помасы реалистік-психологиялық поэма. Поэмада шешуші деталь ретінде алынған махаббат оқиғасы романтикалық сарында құрылды дегенмен де, қыздың анаға деген, туған жерге деген сағынышты аңсауымен астарланған трагедисы, патриотизмі Баян қайғысындай күрделі құбылыс деп айтуға болды.
Достарыңызбен бөлісу: |