Рецидивті қылмыс. 2014 жылы 4 137 ашылған қылмыстардың жалпы санынан бұрын сотталған тұлғалар жасаған қылмыс 758, үлес салмағы 18,3%-ды құрады.
2012 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (22,7%) мұндай қылмыстар үлесінің төмендеуі байқалуда, бұл ретте 2012 жылы 4 489 ашылған қылмыстар-дан бұрын сотталғандар 1 018 қылмыс жасады.
Р/с
№
Аудан, қала атауы
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жылғы
9 ай
1
2
3
4
5
6
1
Ақтоғай ауданы
8,6
10,7
8,3
27,7
2
Баянауыл ауданы
5,8
5,3
0,9
31,5
3
Железин ауданы
10,5
9,8
6,9
34,8
4
Ертіс ауданы
15,3
33,3
21,2
49,3
5
Качиры ауданы
14,8
16,1
10,1
45,6
6
Лебяжі ауданы
7
9,9
15,6
15,3
7
Май ауданы
8,1
16,9
6,6
44
8
Павлодар ауданы
15,3
12,3
6,4
31,9
9
Успен ауданы
4,7
3,6
5,9
34,7
10
Шарбақты ауданы
26
24,8
14,6
18,9
11
Ақсу қаласы
33,7
29,7
23,1
26,3
12
Екібастұз қаласы
24,7
24,7
19,2
50,3
13
Павлодар қаласы
25,7
30,3
22,8
50,2
Облыс бойынша барлығы
22,7
25,1
18,3
42,8
Көрсеткіштердің төмендеуіне мыналар әсер етті:
ауырлығы орта және ауыр дәрежелі қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталғандар тұлғаларға қатысты әкімшілік қадағалаудың орнатылуы;
әкімшілік қадағалау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкер-шілікті енгізу;
бұрын сотталған тұлғаларға қатысты алдын алу қызметі алгоритмінің жұмыс істеуі.
Ішкі факторлар:
экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыс деңгейінің төмендеуі;
әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, елді мекендер инфрақұрылымын өзгеруі;
жол жүрісі қатысушыларының көліктік тәртібінің төмендігі;
автомобиль жолдары және көше-жол торабының жағдайы, автокөлік құралдардың ұлғайған санын есепке алумен олардың өткізу қабілеттілігі;
қолайсыз психологиялық климат және отбасында және оқу орны бойын-ша жасөспірімдермен тәрбие жұмысының төмендігі;
құқыққа қайшы тәртібі үшін жасөспірімнің жеке жауапсыздығы;
қоғамға қарсы бағыттағы қатынас ортасы ішіндегі ересектердің ықпалы;
ішімдік сусындарын, есірткі және психотропты заттарды қолдануы;
интернетте агрессиялық ойындардың ықпалы;
ерекше ұстау тәртібі бар білім берудің арнайы ұйымдарының болмауы;
қылмыстық заңнаманы ізгілендіру.
Ішкі факторлар:
«Универсалды полиция» пилоттық жобасын енгізу;
жол жүру қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті бұзуды жою, есепте тұрған тұлғалардың және кәмелет жасқа толмағандардың тәртібін бақылау бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларды жүргізудің тиімділігі;
жастардың қоғамдық құрылымдарын құру;
жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және жол жүру ережелерін бұзуды тіркеусанының болмауы және жеткіліксіздігі.
SWOT – талдау.
Күшті жақтары:
«Универсалды полиция» пилоттық жобасын (2012 жылғы 1 сәуірден) енгізу;
жол жүру қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бұзушылығын жою, есепте тұрған тұлғалалардың және кәмелет жасқа толмағандардың тәртібін бақылау бойынша мақсатқа сай бағытталған жедел-алдын алу іс-шараларды жүргізудің тиімділігі;
жастар қоғамдық құрылымдарын құру;
есепте тұрған тұлғаларға бақылауды күшейту және алдын алу ықпалы;
Осал жақтары:
жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және жол жүру ережелерін бұзуды тіркеусанының болмауы және жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:
үгіт жұмысын жүргізу арқылы жол жүрісі қатысушыларының көлік тәр-тібі деңгейін көтеру, көрнекі үгіт құралдарын шығару, жол жүру ережелерін бұзушылықтарын анықтауға азаматтарды тарту;
заманауи техникалық құралдарды бақылауды және жол жүруді реттеуді енгізу;
автомобиль жолдарын жаңғырту және кеңейту, оларды жаңа талаптар жағдайына жеткізу;
қосымша білім беру ұйымдарды, аула клубтары жүйесін кеңейту;
құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;
бостандықтан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға берілетін жұ-мыс орындар квотасы көлемін кеңейту;
Қатерлер:
автомобиль жолдары және көше-жол тораптарын дамытуға автокөліктің өсу қарқынының сәйкес келмеуі;
девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді зиянды ортадан оқшаулап ұстаудың ерекше тәртібі бар білім беру ұйымдарының болмауы;
криминогендік ахуалдың шиеленісуіне әкелетін экономикалық құлдырау, рецидивті қылмыс деңгейінің өсуі;
бостандықтан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік оңалмауы (тұрақты баспананың, жұмыстың болмауы).
Проблемалар:
жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және жол жүру ережелерін бұзудың тіркеусанының болмауы және жеткіліксіздігі;
орта және жоғары буындағы мектеп, сондай-ақ колледж білім алушы-ларын адамгершілік-этикалық бағыт бойынша, құқықтық тәрбие бойынша тәрбие жұмысының әлсіздігі.
Азаматтық қорғау.
Павлодар облысының әр түрлі табиғи жағдайлары, оның қауіпті табиғи құбылыстарға, атап айтқанда көктемгі су тасқындары, орман және дала өрттері, дауыл желдеріне, температураның күрт төмендеуіне және т.б. құбылыстарға болуын алдын ала анықтайды.
Соңғы 3 жылдың ішінде (2012-2014 жылдары) облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 4 199 төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ) тіркелді, соның ішінде 244 ТЖ, нәтижесінде 491 адам зардап шекті, олардың ішінен 173 адам қаза тапты. Жалпы материалдық залал 923,4 млн. теңгені құрады. 2012-2014 жылдары бөлінісінде ТЖ және адам өлімі санының өсуі байқалады.
2015 жылғы 9 ай ішінде облыс аумағында 2 278 ТЖ тіркелді, соның ішінде 97 ТЖ, нәтижесінде 67 адам зардап шекті, олардың ішінен 37 адам қаза тапты. Өрт саны 743-ті құрады, 22 адам қаза тапты, материалдық залал – 83,3 млн. теңге.
Ең көп таралатын қауіптердің жиі қайталануы тұрмыстық, өндірістік және ландшафт өрттері болып табылады. 2012-2014 жылдары облыста 3 934 өрт тіркелді, 500 млн. теңге мөлшерінде материалдық залал тигізді. Қаза тапқандар және зардап шеккендердің ең үлкен пайызы оқиғалар мен ТЖ-ның осы түріне келеді.
Павлодар облысы аумағына 2012 жылдан бастап ғарыштық мониторингті енгізу оң жағдай болып табылады, бұл табиғи өрттерге жедел әсер етуге, бастапқы даму сатысында өрттің әрі қарай өршуіне жол бермей, оларды жоюға мүмкіндік туғызады. Соңғы жылдары 905 термиялық таңбалар табылды, олардың 673-і (74,4% оқиға) расталды және жойылды.
Қауіптің басым факторы облыс халқы үшін қардың еруіне және Шығыс Қазақстан облысының бөгені Үстіңгі Ертіс каскадынан табиғатты қорғау су өткізумен байланысты маусымдық су тасқындары болып табылады. Соңғы жылдары су тасқыны кезеңінде адам өлімі болған жоқ.
Келеңсіз құбылыстардың болу мүмкіндігі туралы АЕМ тұрғындарына уақытында хабарлау мақсатында 50 мыңнан аса адам халқы бар 62 АЕМ 2012-2014 жылдар ішінде жергілікті хабарлау жүйесі орнатылды.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде негізгі проблемалық учаскелер Баянауыл ауданының Теңдік және Қараащы ауылы, Ақсу қаласы, Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылы. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының су басу қаупі Ақмола облысы Сілеті бөгеннен су жіберумен байланысты.
Облыс аумағында барлығы ағымдағы су тасқыны кезеңінде жергілікті көлемдегі 3 ТЖ хабарланды: Баянауыл ауданында, Екібастұз өңірінде, Ақсу қаласында; ТЖ болдырмау жөнінде іс-шаралар жүргізілді.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ. Павлодар облысының шалғайдағы АЕМ 15 өрт сөндіру бекеті құрылды, аумақты су тасқынынан қор-ғау үшін 4 гидротехникалық ғимарат бар. Су тасқыны мен су басуға, өртке қар-сы іс-қимыл жасау инфрақұрылымын қамтамасыз ету деңгейі 35%-ды құрады.
SWOT – талдау.
Күшті жақтары:
ғарыштық мониторингті енгізу;
орманды дала алқаптарын және шалғайдағы елді мекендерді өртке қарсы қорғау ауданаралық құрылымының пилоттық нұсқасын іске асыру;
құтқару қызметтерін жоспарлы жинақтау және заманауи техника мен жабдықтармен көмек көрсету.
Осал жақтары:
шалғайдағы АЕМ өрт сөндіру бекеттерін қалыптастырудың төмен қарқы-ны;
су тасқыны сипатындағы және залал болатын ТЖ пайда болу қатерінің төмендеуіне бағытталған іс-шараларды жергілікті атқа-рушы органдардың орындамауы;
Мүмкіндіктер:
жергілікті атқарушы органдардың облыстың ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша жұмыс жүргізу;
су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын жақсартуға, адамдардың өлімін болдырмау және олардың пайда болу жағдайында залалдың төмендеуіне бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау.
Қатерлер:
өрт кезінде адам өлімінің көбеюі.
су басу және су тасқынынан адам өлімінің мүмкіндігі.
өрт, су басу және су тасқынынан залалдың көбеюі.
облыстың жекелеген АЕМ халықты хабарландыру жүйесінің болмауы.
Проблемалар:
су тасқыны кезеңінде су басу қаупі бар елді мекендерді қорғаудың инженерлік құралдарының (топырақ үймелері, бұрып апаратын арналар және т.б.) болмауы.
тұрмыстық және табиғи өрттерден АЕМ 2.1.4 Инфрақұрылым
2.1.4.1 Байланыс және коммуникация
Павлодар облысы электр және пошта байланысының барлық түрлерімен, сондай-ақ телерадиохабар берудің кеңейтілген желісімен қамтылған.
Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 26 кәсіпорын жұмыс істейді.
Электр байланысы, радио және телехабар тарату қызметтерін 26 байланыс операторы көрсетуде (Павлодар қаласында – 20 кәсіпорын, Екібастұз қаласында – 5, Ақсу қаласында – 1), олардың бірі жалпы пайдаланымдағы байланыс қызметтері нарығында, ал 4 оператор ұялы радиотелефон байланысы қызметтерін көрсету нарығында жұмыс істейді.
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде облыста үй шаруашылықтарын телефон және ұялы байланыс, теледидар және Интернет желісіне кең жолақты кіру қызметтерімен толық қамту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Р/с
№
Көрсеткіш атауы
2012
жыл
2013
жыл
2014
жыл
2012 ж. қарағанда 2014 ж.
1
2
3
4
5
6
1
Телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда, %
34,5
35,8
34,6
100
2
Интернет желісіне тіркелген кең жолақты кіретін абоненттердің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда, %
11
13
13
118
Телефон байланысы желілерінің көбеюі есебінен 2014 жылы Интернет желісіне тіркелген кең жолақты кіретін абоненттердің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда, 2012 жылмен салыстырғанда 18 %-ға ұлғайды.
Ауыл тұрғындарын телефон байланысының жоғары сапалы қызмет-терінің кең спектрмен қамтамасыз ету, телефон орнатуға сұранысты қанағат-тандыру және кезектілікті жою, әуе байланысы желісін оңтайландыру үшін 2014 жылы СDMA-450-дің 10 базалық стансасын жөндеу жүргізілді және орнатылды (Май, Ольховка, Прииртышск, Алексеевка, Амангелді, Байет, Тай, Майқоңыр, Қазы, Октябрьск).
«Кселл» АҚ және «КаР-Тел» ЖШС ұялы байланыс операторлары Павлодар облысының халық саны 1 000 және одан аса адам санымен елді мекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету бойынша лицензиялық міндет-темелерді орындады.
Бүгінгі күні облыстың 1 000 адамнан аса санымен барлық елді мекендері ұялы байланыспен қамтамасыз етілді.
Цифрлық сауаттылық – адамның өз білімі мен икемділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті және кәсіби қызметте пайдала-нуы. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін көтеру ақпараттық қоғамның баршаға ашықтығын арттырады.
6-дан 15 жасқа дейінгі балалардың цифрлық сауаттылық дағдыларына оқып-үйрету тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру мекемелерінде жүргізіледі.
Білім беру сапасын жақсарту мақсатында облыста мектептерді заманауи компьютерлік техникамен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл 2012 жылдан бері оқушылардың бір компьютерге санын 9-дан 6-ға дейін, ауылдық жерде – 8,8-ден 4,9-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Халықтың цифрлық сауат-тылық көрсеткіші 2014 жылы 65%-ды, 2013 жылы 60%-ды, 2012 жылы 55%-ды құрады.
Ертеректе, 16-дан 74 жасқа дейінгі халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығын арттыру «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүзеге асырылды. Бағдар-лама шеңберінде білім беру ұйымдары базасында барлығы 137 897-ден аса адам оқытылды, оқытуға 43 компьютерлік сынып сатып алынды.
2009 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылды. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап компьютерлік (цифрлық) сауаттылықты көтеру курстары жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.
Аталған көрсеткіш облыс бойынша 2014 жылы 66,5%-ды, 2013 жылы 60%-ды, 2012 жылы 55%-ды құрады.
SWOT – талдау.
Күшті жақтары:
дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым;
облыстың барлық қалалары мен аудандарында талшықты-оптикалық байланыс желісінің бар болуы;
жергілікті телефон байланысының 100% цифрлануы.
Осал жақтары:
облыстың елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен то-лық қамтамасыз етпеу;
облыстың елді мекендерін Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен кіруді толық қамтамасыз етпеу;
облыстың елді мекендерін ұялы байланыспен толық қамтымау;
ақпараттық қоғамды дамыту.
Мүмкіндіктері:
облыс телекоммуникациясының дамыған және жаңартылған желісі;
өңір тұрғындарының ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушы-лығы.
Қатерлер:
телекоммуникациялардың заманауи және сапалы қызметтерімен одан әрі қамту және оларды ұсыну үшін ауылдардағы халықтың төмен тығыздылығы және елді мекендердің бір-бірінен шалғайлығы;
халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіншілігінің жоқтығы.
Саланың проблемалары:
облыстың 40 елді мекені ұялы байланыспен қамтамасыз етілмеген;
6-74 жастағы халықтың жалпы санынан компьютерді пайдаланушылар-дың төмен үлесі. 2.1.4.2 Құрылыс
Құрылыс Қазақстан Республикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады, сондай-ақ экономика дамуының басты басымдықтары-ның бірі болып қалуда. Құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері
Р/с
№
Көрсеткіш атауы
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
1
2
3
4
5
1
Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар, млн. теңге
7 355,4
6 708,0
13 361,7
2
өткен жылға қарағанда, %-бен
112,5
87,1
188,8
3
Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге
85102,3
90103,8
110 863,8
4
өткен жылға қарағанда, %-бен
124,5
101,5
116,8
5
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жалпы ауданның шаршы метрі
123 685
161 853
201 133
6
өткен жылға қарағанда, %-бен
164,7
130,9
124,3
соның ішінде:
7
жеке құрылысшылар, жалпы ауданның шаршы метрі
45 802
54 300
78 570
8
өткен жылға қарағанда, %-бен
102,6
118,5
144,8
Облыстың ЖӨӨ құрылымында құрылыс 5,0%-ды иемденеді (2014 жыл). Тұтас алғанда, республика бойынша құрылыс саласында Павлодар облысының үлесі 4,8%-ды құрайды.
Облыста мемлекеттік тұрғын үй құрылысы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын (бұдан әрі – «Өңірлерді дамыту 2020») іске асыру есебінен жүзеге асырылады.
Павлодар облысында үш жыл ішінде 2012-2014 жылдар аралығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 486,6 мың ш.м. пайдалануға енгізілді, бұл 2009-2011 жылдардың үш жылдық кезеңінің көлемдерінен 62%-ға жоғары (299,5 мың ш.м.).
2012-2014 жылдар ішінде тұрғын үй енгізу Павлодар облысының қалалары мен аудандары бөлінісінде
ш.м.
Р/с№
Қала/аудан
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
1
2
3
4
5
1
Павлодар облысы
123 685
161 853
201 133
2
Павлодар қаласы
78 141
103 375
134 601
3
Ақсу қаласы
8 180
1 651
12 478
4
Екібастұз қаласы
24 503
42 939
48 830
5
Ақтоғай ауданы
583
148
6
Баянауыл ауданы
3 152
1 578
7
Железин ауданы
2 890
3 385
8
Ертіс ауданы
543
799
552
9
Качиры ауданы
4 510
2 553
2 509
10
Лебяжі ауданы
486
1 920
437
11
Май ауданы
142
303
12
Успен ауданы
779
13
Шарбақты ауданы
576
414
14
Павлодар ауданы
3 714
2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өсті және 110,9 млрд. теңгені құрады.
2014 жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен барлығы 201,1 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2013 жылғы деңгейден 1,2 есе артық. Құрылысқа салынған инвестициялардың ең көп көлемі Павлодар мен Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Ақсу қаласында белгіленген, ең аз – Успен және Лебяжі аудандарында, сондай-ақ Ақтоғай ауданында.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2014 жылы Павлодар мен Ақсу қалаларында 3 ипотекалық тұрғын үй, 8 жалға берілетін үй салынды, жалпы ауданы – 76,4 мың ш.м.
Коммерциялық тұрғын үй құрылысы шеңберінде 2014 жылы Павлодар және Екібастұз қалаларында жалпы ауданы 30,2 мың ш.м. 4 тұрғын үй енгізілді.
Статистикалық зерттеудің деректері бойынша 2014 жылы облыста жаңа баспананы сатуға орташа баға өткен жылмен салыстырғанда 16,3%-ға өскен және бір ш.м. 183,6 мың теңгені құраған (республика бойынша – 215,5 мың теңге).
2015 жылғы қаңтар-тамызда пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға төмендеді және 55,3 мың ш.м. құрады.
Бір тұрғынды 18 шаршы метр көлемінде тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы әлеуметтік нормасы кезінде облыс бойынша орташа есеппен 1 тұрғынға 22,6 шаршы метрден келеді, бұл орташа республикалық мәннен 1,7 шаршы метрге жоғары.
2015 жылы Павлодар облысының әкімдігі мен «Еуразиялық топ» ЖШС («ERG») 2015 жылғы 24 маусымдағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды «ERG» Группасының қазақстандық кәсіпорындарының ІV тобының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға ниет білдіру туралы жасады.
2015 жылы «ЗЖБИ ТемірТас Павлодар» ЖШС темірбетон бұйымдары зауытының базасында темірбетон бұйымдарын шығаратын үй салу комбинатын құру үшін оны жаңарту бойынша жобаны аяқтады.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде облыста әлеуметтік инфрақұрылым-ның 1 215 объектісін паспорттау жүргізілді, бұл паспорттауға жататындар санын 6%-ға арттырды. Облыс бойынша барлығы 1 558 әлеуметтік инфрақұры-лым объектісі есептеледі. Мүгедектерге қол жеткізу элементтерін құру серпіні
Р/с№
Көрсеткіш атауы
2013 жыл
2014 жыл
2013 жылға қарағанда 2014 жылы
1
2
3
4
5
1
Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы са-нынан мүгедектер үшін қол жеткізу қам-тамасыз етілген әлеуметтік инфрақұры-лым объектілерінің үлесі
68,7
81,3
12,6
2013 жылдан бастап 2015 жыл аралығында бейімдеу іс-шараларын өткізу қажет болған объектілердің облыс бойынша жалпы саны – 480 объекті. 2015 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша 446 объекті бейімделді (92,7%). Бейімдеу жұмыстары 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізу қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2013 жылы 68,7%-дан 2014 жылы 81,3%-ға дейін өсті, 2015 жылғы 9 ай ішінде 117 объекті бейімделді, бұл 92,7%-ды құрады.
SWOT – талдау.
Күшті жақтары:
облыс өңірлерінің тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілгендігі;
құрылысты арзандатуға мүмкіндік беретін қолданыстағы үй салу комбинаттарының бар болуы;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұры-лымы, байланыс және ақпарат объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) жүзе-ге асыру;
объектілердің құрылысын санитарлық нормалар мен ережелердің талап-тарына сәйкес жүзеге асыру.
Осал жақтары:
мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі;
облыстың құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрылыс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетсіздігі;
құрылыс салу телімдері үшін коммуникациялар салуды қаржыланды-рудың жетіспеуі;
ауа-райы – климаттық жағдайларға байланысты басқа өңірлермен салыс-тырғанда құрылыс құнының жоғары болуы;
әлеуметтік инфрақұрылым мекемелері жалға берілетін ғимараттарда орналасқан;
бейімделуге жататын ғимараттар кеңестік кезеңде салынған құрылыс-тарға жатады;
бейімделу іс-шараларын жүргізуге бюджеттік қаражаттың жете бөлінбеуі.
Мүмкіндіктері:
«Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасын іске асыру;
құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту үшін айтарлықтай әлеуеттің бары;
«Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ секілді қаржылық институттарды дамыту;
мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға интеграциялау және әлеумет-тендіру, олардың тіршілік әрекеті жағдайларын жақсарту.
Қатерлер:
саланы қаржыландыруды қысқарту және оның салдарынан халықтың баспанаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігі;
облысқа одан әрі көші-қон ағыны, бұл қолжетімді баспанаға мұқтаждар-дың санына әсер етеді;
құрылыс материалдарының қымбаттауы, бұл тұрғын үй құнына әсерін тигізеді;
мүгедектердің өз конституциялық құқықтарын іске асыруда шектелуі, мәдениет, спорт, сауда және т.б. әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бару мүмкіншіліктерінің жоғы;
мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында әлеуметтік шиеленіс тудыру.
Сала проблемалары:
жеке тұрғын үй құрылысын орнықты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;
кезектіліктің өсуі халықтың ауылдық жерлерден қалаларға көші-қонымен байланысты.
Қол жеткізуді қамтамасыз етуде мынадай негізгі проблемалар қалуда:
мекемелер баланс ұстаушының жалға берілетін ғимараттарында орналас-қан, бейімдеу жұмыстарын жүргізуге баланс ұстаушылардың бәрі дайын емес;
бейімделуге жататын ғимараттардың көбі 60-70 жылдары салынған құры-лыстарға жатады, бұл қол жеткізу бойынша күрделі және ағымдағы жұмыстар-ды жүргізуді қиындатады.