Павлодар облысының білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімі



бет23/46
Дата06.02.2022
өлшемі0,91 Mb.
#78614
түріКнига
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46
Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Осылайша гуманитарлық бағытта сабақ беріп жүрген мұғалімдер үшін аса тиімді және сабақты өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Өз мақсатыма жету үшін сабақтың құрылымын, одан өзім қалай сабақ беруіме емес, оқушылардың оқу ептілігін дамыта отыра, оқушылардың қалай оқитынын назарда ұстай отыра, әр сабақта оқушылардың белсенді қатысуын, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастыруды, бір - біріне кеңес беруді, өз алдына мақсат қоюды, алынған нәтижелерді қадағалап, идеялармен эксперимент жасап және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге баратын жеке тұлға тәрбиелеу.
Оқудың дамуы барысында оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы қажет, сонда ғана оқушылар тәуелсіз білім алады, өздігінен реттелетін болады, білім сапасы да арта түседі. Сондықтан да оқытудың әдіс - тәсілдерін шебер пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға яғни жиырма бірінші ғасырда қажеттi дағдыларды: тез тіл табысқыштық, креативтілік, аналитикалық ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлу қажет.
Мұғалім жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланғанда, сыныпта ынтымақтастықты жүзеге асырып, іздену арқылы жаңадан жаңаны шығарып, логикалық ойлауды ұтымды пайдаланып отырса, бірлесе жұмыс істесе, яғни іс - әрекет пен білімді меңгерсе, өз еңбегіңнің жанғаны деп ойлаймын.
ӘБ-нің жыл бойы атқарылған жұмысы барысында кездескен қиыншылықтар да болды. Оқушыларымыз қалалық олимпиадаларға, мәнерлеп оқу сайыстарына т.б. сайыстарға қатысқанымен, жүлделі орынға ие болмады. Сондықтан, келесі 2016-2017 оқу жылына алдымызға мынадай мақсат қойып отырмыз.
Мақсаты:

  • Жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру.

  • Жан-жақты дамыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.

  • Дүниетанымы дамыған, еліміздің әдет-ғұрпын құрметтей білетін, жан-жақты білімді де саналы парасатты тұлға тәрбиелеу

  • Оқушыларды сайыстарға, ғылыми жобаларға қабілеттеріне қарай іріктеу.

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту бағытында жасалған педагогикалық ғылым мен іс-тәжірибедегі жетістіктерді оқып үйрену.

  • Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін шыңдауын және өзін-өзі жетілдіруін қамтамасыздандыру

  • Қазақ тілінен оқушылардың білімі мен біліктілікті, дағдыны сапалы игеруді қамтамасыз ету жолында оқу-дамыту ортасын құру.

  • Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты тереңдету арқылы оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

  • Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттыру.

Дарынды оқушылармен жұмысты жандандыру
Күтілетін нәтижелер:

  • оқушыларды өз бетінше талдауға

  • өз қызметіне мақсат қоюға

  • жоспарлауға, жинақтауға

  • қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге

  • сыни тұрғыдан шешім қабылдауға

  • өзін-өзі бағалауға

  • өзін-өзі реттеуге

  • өзін-өзі түсінуге

  • өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге

  • нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

  • өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет