"Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 444 қаулысы
Жалпы қаулы 8 тарау және 32 баптан тұрады.
1-тарау. Негізгі ережелер
2-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік басқару
3-тарау. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы
4-тарау. Мемлекеттік бақылау және қадағалау
5-тарау. Микроорганизмдер коллекциясы
6-тарау. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мамандардың құқықтық мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау
7-тарау. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми қызмет және білім беру қызметі
8-тарау. Қорытынды ережелер
24. Биотехнологиялық өндірістердің ағынды суларын тазарту жүйелері атап беріңіз
Ағынды су – деп бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік,
ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы баска ағындылар) арқылы өткен су. Әр түрлі өнімдерді пайдалану және оларды көп мөлшерде өндіру адамның әрекеті қатысында жүреді, бірақ нәтижесінде бұл әрекеттен түрлі органикалық және бейорганикалық, соның ішінде токсинді қосылыстармен ластанған ағынды сулар пайда болады. Ағынды су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі.
Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту барысында ағын сумен бірге түскен затарды да бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды. Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту қондырмалардың маңызы зор. Ағын суларды тазарту схемасын жасау көптеген факторларға байланысты. Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға және қанша мөлшері суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін қолданылады.