Пцк төрайымы



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі85,35 Kb.
#154641
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Африка, Америка және Океанияның дәстүрлі өркениеттері


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрайымы
__Алменова Ф.Б._______________
"____" ___________2022ж.


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №1
(теориялық немесе өндірістік оқыту)



Модуль /пән атауы

Дүниежүзі тарихы

Сабақ тақырыбы

Африка, Америка және Океанияның дәстүрлі өркениеті Тақырыпша: Дәстүрлі өркениеттердің трансформациясы(өзгерісі).

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

1

2022-2023

ЭҚн-22-1к




1

2022-2023

ЕТн-22-1к




1

2022-2023

АЖн-22-1к




1

2022-2023

ТҰн-22-1к




1

2022-2023

ҒСн-22-1к




1

2022-2023

МЖн-22-2к




1

2022-2023

ТМн-22-1к




Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы

2. Мақсаты, міндеттері




Шығыс және батыстың Африка, Америка және Океанияның дәстүрлі өркениеттерінің айырмашылықтарын зерттеу

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.


2.



Басым бөлігі: Аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтау

Кейбірі: Африка, Америка және Океания өркениеттерінің зерттеу

3. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Қайырбекова Р.Р. , Тимченко С.В., Джандосова С.А. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептіңжаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. Алматы: Мектеп-2019

Техникалық құралдар, материалдар

Таратпа материалдар



4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.Көңіл-күйлерін сұрау.
Сабаққа дайындығын тексеру.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру



Алдыңғы білімін жаңғырту
1. Әлемдік өркениет дегеніміз не?
2.Көне Египет мәдениеті?
3. Ежелгі Қытай мәдениеті?

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Африканың көне өркениеттері
    2) Орталық және Оңтүстік Американың көне өркениеті
    3) Австралия мени Океаниядағы көне өркениеттер

Африка империялары-орта ғасырларда Африка құрлығында құрылған мемлекеттер мен мемлекеттік бірлестіктер. Ежелгі Африка елдерінің тарихы бұрын жүйелі де түбегейлі зерттелген жоқ. Солтүстік Африканың, әсіресе, Мысыр тарихы біршама тәуір зерттелгенімен, Сахараның оңтүстігіндегі халықтар тарихы әлі де толық мәлім емес. 20 ғасырдың 50 — 60 жылдарында жүргізілген археологиялық және палеонтропологиялық зерттеулердің нәтижесінде Африка құрлығынан таңғаларлық жаңалықтар ашылды. Ағылшын ғалымы Л.Лики Танзаниядағы (Шығыс Африка) Эяси көліне таяу жердегі Олдовай шатқалынан адам тәрізді тіршілік иесінің қаңқасын тапты (қазақша Африкантроп). Тым қарапайым еңбек құралдарын пайдаланған бұл тіршілік иелері. Шығыс Африка, Солтүстік Африка, Кения аймақтарында, Сахарада осыдан шамамен 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Бұл жаңалық әлем ғалымдарына Африканы адамзат баласының алғаш дүниеге келген, эвол. жолмен жетілген мекені деп есептеуіне негіз болды. Солтүстік Африкадан тас дәуіріндегі дамудың барлық кезеңіне тән мәдени ошақтар ашылды.
Колумбқа дейінгі Америкадағы мәдениеттер тізімі. Хоупвелл дәстүрі— Б.з. 200-500 жылдары қазіргі АҚШ солтүстік-шығыс және орталық-шығыс бөлігіндегі өзендер бойында болған бір-біріне ұқсас үндістердің археологиялық мәдениет кешені Могольон археологиялық мәдениеті — Қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында болған 4 ірі тарихи мәдениеттің бірі, ол солтүстік Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з. 150-1400 жылдарына дейін болған. Анасази — тарихтан бұрынғы үндіс мәдениеті, ол қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында Төрт бұрыш деген атпен белгілі болған. Анази мәдениетіне өзіндік керамикалық стиль мен баспана салу ерекшелігі тән. Хохокам — ірі археологиялық мәдениет, ол АҚШ-тың оңтүстік-батысында (Сонора шөлінде) пайда болған, қазіргі Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з І- XV ғасырларында қолданылған. Ольмеки — ацтектердің тарихи деректерінде сақталған тайпа атауы. Веракрус штатының астанасы Халапа қаласындағы университеттің мұражайында қызмет ететін археолог ғалым Медельин Сениль ольмектердің бұрын белгісіз болған қаласы - Син Кабесасті (Бассыздар) тапты. Бұл атаудың шығуы – джунглий ағаштарының арасынан әр қадам басқан сайын бұзылған және бассыз мүсіндер қатар –қатар табылған. Майя —өзінің жазуы, өнері, архитектурасы,математикалық және астрономиялық жүйесінің арқасында әйгілі болған Орталық Америка өркениеті. Кластық дәуірге дейін қалыптаса бастаған (б.з.д.2000 – б.з. 250ж.), оның көптеген қалалары өзінің ең жоғары даму шыңына кластық дәуірде (б.з. 250 – 900 ж.) жеткен. Конкистадорлар келгенше тіршілік етті. Майя халқы тас қалалар салды, олардың көбі еуропалықтардың келуінен-ақ бұрын бос қалған еді, ал кейбірі содан кейін де тұрғылықты мекен болып қала берді. Майялардың ойлап тапқан күнтізбесін Орталық Американың басқа халықтары да пайдаланды. Иероглифтік хат жүйесі қолданылды, олардың біразын оқуға мүмкіндік табылды. Көптеген ескерткіштердегі жазбалары сақталған. Егіншіліктің тиімді жүйесін құрды, астрономия саласынан терең білімдері болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет