Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту



бет3/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

1-параграф. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы

      6. Лауазымдық міндеттері. нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады.

      Педагогикалық кеңес жұмысын басқарады.

      Оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерін бақылайды.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды.

      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді.

      Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.

      Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді.

      Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді.

      Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.

      Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

      Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.

      Белгіленген тәртіппен қызметкерлердің біліктілік санатын беру (растау) жүргізеді.

      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізу.

      Білім беру ұйымдарының туралы қажетті есепті дайындауды және ұсынуды жүзеге асырады.

      7. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді;

      педагогика мен психология негіздерін;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

      педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,

      экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін,

      еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

      8. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі;

      үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - 5 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 2 жыл, ауылдық жерде – 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда 1 жыл;

      оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы, педагогикалық жұмыстың өтілі кемінде 5 жыс..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет