6-параграф. Арнайы педагог (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед- мұғалім, логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог)
25. Лауазымдық міндеттері: Баланың дене, психикалық, сөйлеу, неврологиялық мәртебесін ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігін бағалауды жүзеге асырады, баланың сөйлеу және психофизикалық дамуына тексеру жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.
Жеке оқу, жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, әртүрлі білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз байланыста топтық және жеке және түзету, бұзылған функцияларды қалпына келтіру және ерекше білім беру қажеттілігі бар тәрбиеленушіні әлеуметтендіру бойынша қызметті жүзеге асырады.
Педагогтерге, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөнінде кеңес береді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, стандарт талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлерін, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Арнайы білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Кәсіби біліктілігін арттырады.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, семинарларға, конференцияларға қатысады.
Қажетті құжаттаманы жүргізеді.
Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
26. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес" туралы Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы мектепке дейінгі педагогика, арнайы психология,
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер.
27. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат немесе "Арнайы білім" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Біліктілік орта деңгей болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.
28. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған балаларды оқыту диагностикасының әдістерін меңгеруі,
арнайы мектепке дейінгі білім беру саласында инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, дамытушылық, коммуникативтік және әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы,
балалардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы;
балалардың жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал ету, білім беру ұйымдары деңгейіндегі іс-шараларға қатысу, балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру, кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану.
2) "педагог – модератор":
"педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін пайдалануы, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог – модератор" санатының жалпы талаптарына жауап беруі тиіс, сонымен қатар:
балалардың дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;
ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты қамтамасыз етуі;
инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеуі және енгізуі;
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеруі, тәлімгерлікті жүзеге асыруы және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтауы, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауы тиіс.
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог – сарапшы" санатының жалпы талаптарына жауап беруі тиіс, сонымен қатар:
дефектология ғылымының жаңа жетістіктерін пайдалану;
арнайы педагогика және психология;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін сақтай отырып, тәрбиеленушілердің қажеттіліктері мен психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық технологияларды, оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану;
қызмет бағыты бойынша басқа ұйымдармен өзара іс - қимылды қамтамасыз ету;
облыс деңгейінде қызмет бағыты бойынша әдістемелік әзірлемелердің болуы;
сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру, тәлімгерлікті жүзеге асыру облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;
психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы тиіс.
5) "педагог-шебер":
"педагог – зерттеуші" санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:
арнайы педагогиканың жаңа жетістіктерін енгізу;
педагогикалық зерттеудің негізгі әдіснамалық принциптерін басшылыққа ала отырып, өзінің кәсіби қызметінің рефлексиясын жүзеге асыра білу;
кәсіби даму траекториясына сәйкес өзін-өзі оқыту дағдыларын меңгеру;
авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіби конкурстардың қатысушысы болып табылуы, облыс деңгейінде әлеуметтік педагогтардың кәсіби қоғамдастығының желісін дамытуды жоспарлауы және тәлімгерлікті жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |