8-параграф. Мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологы (психологы)
33. Лауазымдық міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды, әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогтарға оқу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Әр түрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізеді.
Психологиялық-педагогикалық тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар;
мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке және әлеуметтік даму мәселелерін зерделейді қорытындыны ресімдейді және ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерімен және педагогтарымен консультациялық жұмысты жүзеге асырады.
Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді және оны мақсаты бойынша пайдаланады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке және жыныстық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың өмірлік өзін-өзі анықтаудың әр түрлі жағдайларында бағдарлануға дайындығын дамытуға ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларды психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбие және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысады.
Кәсіби деңгейін арттырады.
Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау,өртке қарсы қорғау ережелерін сақтайды. Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.
34. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді,
жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы,
дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін,
қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің қазіргі заманғы әдістерін,
баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді,
еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және санитариялық қағидаларды.
35. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагог-психолог" бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.
36. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
педагог-психологқа қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар:
қазіргі заманғы психологиялық әдістерді білуі;
мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүзеге асыруы, балалардың эмоциялық саулығын, тиімді дамуын қамтамасыз етуі;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауы және ұйымдастыруы; педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық ағартуды жүзеге асыруы тиіс.
2) "педагог – модератор":
"педагог" (санаты жоқ) санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы, сонымен қатар:
жеке-психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, балалармен жұмысты жүзеге асыру;
балалармен, педагогтермен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес) жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;
ересектердің балалармен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;
әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;
ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
3) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
әртүрлі бейіндегі және арналуындағы психологиялық диагностика жүргізу, балалармен жеке жұмысты жүзеге асыру;
шығармашылық топқа басшылық ету, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;
мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
білім беру ұйымдары деңгейінде өз және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтау және тәлімгерлікті жүзеге асыру, аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау.
4) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
психологиялық тексеру мен диагностика деректерін ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс бойынша психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуі, психологиялық қорытынды жасауы және түзету жұмыстарын жүргізуі;
әдістемелік құралдар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеуі;
психологиялық - педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша инновациялық тәжірибені енгізуі;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек көрсетуі тиіс;
психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау, Облыс / республикалық маңызы бар және естаналық деңгейдегі қалалары деңгейінде тәжірибені жинақтау.
5) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" санатына сәйкес болуы, сонымен қатар:
авторлық бағдарламасы болуы немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана деңгейінде кәсіптік қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |