Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагог-ассистенті



бет9/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

7-параграф. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагог-ассистенті

      29. Лауазымдық міндеттері: Жалпы үлгідегі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

      Білім беру ұйымдарында болу уақыты ішінде, олардың дербес қызметі денсаулық жағдайы бойынша шектелген жағдайда, ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді.

      Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынысы бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетеді.

      Педагогтың басшылығымен білім беру, дамыту процестеріне қатысады.

      Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының ерекше білім беру қажеттілігі бар баланы тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру бағдарламаларын жасауға қатысады.

      Оқыту және дамыту жұмыстары барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар бала туралы деректерді жинауды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін хаттамалауды, білім беру, әлеуметтік-бейімделу (мінез-құлық) дағдыларын дамыту динамикасын, оқыту процесінің динамикасын мониторингілеу және баланы әлеуметтендіру үшін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мамандарына ақпарат беруді жүзеге асырады және жүргізеді.

      Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды, ілесіп жүру кезеңінде қорғау педагогикалық режимін сақтайды.

      Белгіленген нысан бойынша есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

      Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда "құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын енгізеді.

      30. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін.;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және ұстау бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитарлық ережелер.

      31. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Арнайы білім" бағыты бойынша қосымша білім беру бағдарламасы бойынша жоғары педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе "Арнайы білім" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шеберге арналған мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл;

      және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.

      32. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) педагог (санаты жоқ):

      ұйымдастырылған оқу және түзету-дамыту іс-әрекетінің барлық түрлерінде эмоциялық-еркі, интеллект, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ілесіп жүру мүмкіндігі болуы тиіс;

      білім беру процесіне қатысушылардың әртүрлі нанымдары мен көзқарастарына төзімділікті, мәдени әр алуандығына ашықтықты көрсету және инклюзивті білім беруді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қоғамның толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асырады.

      2) "педагог-модератор":

      "педагог-ассистент" біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттілікті, сондай-ақ:

      дамуында ауытқушылықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының қазіргі заманғы әдістерін білу;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

      тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің, консилиумның ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

      3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттілікті, сондай-ақ:

      дамуында ауытқушылықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының қазіргі заманғы әдістерін білу;

      білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

      мұғалімнің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің, мектеп консилиумының ұсыныстарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      дамуында бұзылушылықтарды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдана білу, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін талдау және жүргізу;

      білім алушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеу, жеке-дамытушы (мінез-құлықтық) бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру кәсіби құзыреттеріне ие болу;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша кеңес беру.

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын кәсіби құзыреттілікті, сондай-ақ:

      дамуында ауытқушылықтың психологиялық-педагогикалық диагностикасының қазіргі заманғы әдістерін білу;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;

      тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің, консилиумның ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;

      мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдысы болу (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдастырылған қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамыту қолдау көрсету));

      педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізе білу;

      инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультативтік, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;

      барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;

      педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізе білу;

      инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультативтік, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;

      барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет