5-тарау. Арнайы білім беру ұйымдары
1-параграф. Арнайы білім беру (түзету) ұйымының басшысы (директоры)
118. Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі - ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
Арнайы ұйымның түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын анықтау және тексеру нәтижелерін талқылау кезінде консультацияның алқалы жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты жүзеге асырады, құжаттамаларды жүргізуге, ПМПК, ППТК арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалдармен жарақтандыруға жауапты болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен, педагогтардың семинарларында, қайта даярлау курстарында немесе біліктілігін арттыру курстарында педагогтер арасында дефектологиялық білімді халық арасында тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;
білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады.
Балаларды тексерудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді.
Ұйымдастыруды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. Барлық органдарда ПМПК және ППТК мүдделерін білдіреді.
Қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде оқу процесінің барлық субъектілерінің қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
119. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан- туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика мен психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика,
қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
120. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Арнайы педагогика" мамандығы бойынша жоғары, жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі соңғы 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жылдан кем емес, арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің санатының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |