Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагог – психологы (психологы)



бет30/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

4-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагог – психологы (психологы)

      106. Лауазымдық міндеттері: Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

      Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басын дамытуға кедергі келтіретін факторларды анықтайды және әртүрлі психологиялық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, оңалту және консультативтік).

      Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық мәселелерді шешуде көмек көрсетеді. Әр түрлі бейіндегі және арнаулы психологиялық диагностика жүргізеді.

      Педагогикалық ұжымды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму мәселелерінде бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.

      Белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді.

      Тәрбиеленушілерді отбасына орналастыруға дайындығын анықтау үшін жеке консультациялық-диагностикалық жұмысты, психологиялық даярлауды жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың түрлі өмірлік жағдайларда бағдарлауға дайындығын және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін дамытуға ықпал етеді.

      Шығармашылық дарынды тәрбиеленушілерге психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына жәрдемдеседі.

      "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      Тәрбиеленушілердің даму дәрежесін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуын диагностикалайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді.

      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастырады.

      Білім беру ұйымының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша кеңес береді.

      Білім беру бағдарламасында қарастырылған педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сауықтыру, тәрбие және басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады.

      Кәсіби құзыреттілікті арттырады. Білім беру процесі кезінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

      107. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім,

      әлеуметтік саясат негіздері, педагогика, психология, валеология және әлеуметтік гигиена негіздері,

      әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістемелері,

      тәрбие жұмысының әдістемесі,

      педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттары,

      әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау және бағдарламалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді.

      108. Біліктілік талаптары:

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат;

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер кемінде 5 жыл.

      109. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

      санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      заманауи психологиялық тәсілдерін білу,

      білім беру ұйымының деңгейінде жасөспірім және балалармен психологиялық жұмыста басымдылығын айқындай білу,

      жасөспірім және балалармен психологиялық педагогикалық жұмысының жаңа технологияларын жасауға қатысу,

      білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық озық тәжірибесін меңгеру бойынша әдістемелік жұмысына қатысуға тиіс;

      2) "педагог-сарапшы":

      Педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      санатты балалар мен жасөспірімдермен психологиялық жұмыстың жеке және топтық түрлерін жүргізу,

      тұрақты түрде өз біліктілік санатын арттыру,

      озық тәжиребені игеру бойынша семинардың жұмысын басқаруға тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жасөспірім мен баланың жұмысы бойынша жаңа психологиялық педагогикалық бағдарламаларды өз бетінше құра білуге тиіс.

      4) "педагог-зерттеуші":

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жасөспірім мен баланың жұмысы бойынша жаңа психологиялық педагогикалық бағдарламаларды өз бетінше құра білуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет