Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы



бет28/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

5-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы

      98. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарының білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды.

      Талантты балаларды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

      Клубтардың, үйірмелердің, секциялардың жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмысты ұйымдастырады.

      Ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және т. б. бағыттардың бірін басқарады.

      Қосымша білім беру бағыты бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      "Халыққа қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет" қоғамдық-пайдылы жұмысты ұйымдастырады.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді.

      Бос уақытты, мерекелерді, жорықтарды, экскурсияларды, ойын-сауықты ұйымдастырады, оқушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды.

      Балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады.

      Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      99. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      Педагогика және психология, физиология, гигиена, білім алушылардың қызығушылығы мен қажеттіліктерін дамыту ерекшелігі, олардың шығармашылық қызметінің негіздері;

      тәрбие жұмысының әдістемесі, балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері.

      100. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігі туралы құжат; немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог лауазымындағы жұмыс өтілі- педагог-шебер үшін – 6 жыл.

      Және (немесе) біліктілігі орта деңгейдегі педагог лауазымындағы жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 5 жыл.

      101. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

      санаты жоқ педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жасөспірім және балалармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру түрін білу, тәрбие жұмысында тұрақты оң нәтижені қамтамасыздандыру,

      әдістемелік топ, озық тәжірибе мектебінің жұмысына қатысуға тиіс.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модератор санатты педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу,

      жасөспірім мен баланың проблемалық мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу,

      өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу,

      жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмысының әдістемелін білу,

      жаңа озық технологияларды жасау,

      оның апробациясын жүргізу,

      әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуге тиіс.

      4) педагог-шебер:

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмысының әдістемесін білу,

      жаңа озық технологияларды жасау,

      оның апробациясын жүргізу,

      әлеуметтік педагогиканың мәселелері бойынша тәжиребелік топтарды басқара білуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет