4-тарау. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары
1-параграф. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының басшысы (директоры)
86. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарына оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басшылық етеді.
Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін ұйымдастырады.
Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлесіп, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Ұйымның ағымдағы және перспективалық қызметін жоспарлауды ұйымдастырады.
Кәсіптік - еңбек, оқу - танымдық, дене шынықтыру - сауықтыру бағытындағы компоненттерді қамтитын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке бағдарламаларын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбиеленушінің ақыл-ой, эмоциялық және дене бітімінің дамуына ықпал ететін өмір сүру, оқыту және тәрбиелеу үшін қажетті, үй жағдайына жақын қамтамасыз ету, тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау жолымен интеллектті байыту арқылы мемлекеттік көмекті және қолдауды қажет ететін балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды;
мемлекеттік рәміздерді құрметтеу,
халық дәстүрлерін құрметтеу, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілік, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін білу.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-психологиялық-педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады.
Оқу-тәрбие процесінің материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді.
Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі.
Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау жөніндегі, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасында одан әрі бейімделуге психологиялық даярлау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жолымен тәрбиеленушілерді отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдау отбасына) орналастыруды және беруді қамтамасыз етеді.
Қабылдаушы ата-аналарды дайындау бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылар (тәрбиеленушілер) мен білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтау және нығайту қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру арқылы өмірлік қиын жағдайды жеңуде әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.
Білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің заңды өкілі болып табылады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Отбасына реинтеграциялау мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздестіруді ұйымдастырады (биологиялық отбасымен қосылу).
Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Заңнамада белгіленген тәртіпте білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатын басқарады, құрылтайшылардың қаржылық және материалдық түсімі мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті береді.
Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібінің, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.
Педагог кадрлар мен қосалқы персоналды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, штат кестесі мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңеске басшылық етеді.
Белгіленген тәртіппен педагогтерге біліктілік санатын беруді (растауды) жүргізеді.
Кәсіби жетістіктері бар білім беру ұйымдарының педагогтері мен басқа да қызметкерлерін көтермелеуге ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.
Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.
Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымын ұсынады, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
"Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
87. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
88. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, білім беру ұйымдарында басшының орынбасары лауазымында 1 жылдан кем емес;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |