12-параграф. Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі
80. Лауазымдық міндеттері: интернаттың қызметіне басшылық етеді, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлердің жұмысына бақылауды жүзеге асырады, қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Білім беру процестерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбиешілерге әдістемелік көмекті қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады.
Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтауды бақылауды жүзеге асырады, интернатта тұратын тәрбиеленушілердің қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын, тамақтануын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Интернаттың, білім беру ұйымдарының және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Интернат қызметі туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
81. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
82. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе басқа да кәсіби педагогикалық білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат;
немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі; педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Достарыңызбен бөлісу: |