3-параграф. Арнайы білім беру ұйымы тәрбиеші (аға тәрбиеші)
124. Лауазымдық міндеттері: Баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін, бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді.
Әлеуметтік және еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті жұмыс жүргізеді.
Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.
Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.
Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды ұйымдастырады.
Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді.
Дәрігерлік тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.
Топқа бекітілген арнайы құралдарға, оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті, компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын басқаруды ұйымдастырады, бастапқы педагогикалық тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау көрсетеді.
125. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнайы педагогиканы, психологияны,
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы, санитарлық ережелер мен нормалар..
126. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе "Арнайы педагогика" қосымша білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе "Арнайы педагогика" қосымша білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл.
Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл.
127. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог – модератор":
санаты жоқ педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі қажет.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар:
тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы,
тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі,
шығармашылық семинарларына басшылық жасауі,
диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеруі қажет.
3) "педагог-зерттеуші"::
педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі,
оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін,
жаңа бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,
арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша мақалалардың болуы,
өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік жасауы қажет.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттушіге қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:
эксперименттік жұмыстар жүргізуге,
жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту әдістерін әзірлеу, оларды сынақтан өткізуге,
педагогикалық (тәжірибелік) республикалық (халықаралық) деңгейде жалпылама жұмыстар жүргізуге.
Достарыңызбен бөлісу: |