Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед)



бет37/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

5-параграф. Арнайы педагог (логопед-педагог/ логопед)

      132. Лауазымдық міндеттері: Оқушының физикалық, ақыл-ой, сөйлеу, неврологиялық жағдайын ескере отырып, арнайы білім қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады, сөйлеу және психофизикалық дамуға зерттеу жүргізеді, құжаттаманы жүргізеді және талдайды.

      Сөйлеу кемшілігін түзету әдістерін көрсетеді, балалардың психофизикалық және сөйлеу күйін ескере отырып, сабақ топтарын толықтырады.

      Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын қалпына келтіру үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді.

      Оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді.

      Оқытудың әртүрлі нысандарын, әдістерін және құралдарын пайдаланады.

      Арнайы ұйымдарда дамудағы сөйлеу кемшілігін барынша түзетуге бағытталған оқушыларды (тәрбиеленушілерді) оқыту және тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

      Жүйелі түрде өзінің кәсіби біліктіліктерін көтереді.

      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді.

      Семиналарға, конференцияларға, педагогикалық қауымдастарға қатысады.

      Ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес береді.

      Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

      133. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы конвенциясын", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңдарын мен білім беру мәселелерін,

      педагогикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пән негіздерін, педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасын,

      арнайы педагогика және психология, бағдарламалар мен оқулықтарды, логопед кабинетін жарақтандыру және жабдықтауға қойылатын талаптарды, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін,

      еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы күрес негіздері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді.

      134. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім "Арнайы білім" бағыты бойынша немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 5 жыл, педагог-шебер кемінде 6 жыл.

      135. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      білім алушылардың дамудағы сөйлеу кемшілігін диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолданады,

      білім беру ұйымы деңгейдегі тәжірибені жинақтайды.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      дамудағы сөйлеу кемшілігін алдын алу және жеңу үшін әдістер мен әдістерді қолдану;

      ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастық жасау инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу;

      ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын біледі,

      тәлімгерлікті жүзеге асырады, өзінің және білім беру ұйымы деңгейінде әріптестерінің кәсіби даму басымдылығын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін аудан/қала деңгейінде жинақтайды,

      аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшы қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      оқу-дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыстар жүргізуге,

      өз пәндері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды жасауға, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелерді дамыту бойынша шығармашылық топтарды басқарады,

      арнайы білім мәселелері бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар, сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі,

      білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді, тәлімгерлікті жүзеге асырады және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды,

      өз тәжірибесін облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде жинақтайды, облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, психологиялық-педагогикалық басылымдарда жарияланымдары бар;

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      арнайы білім берудің жаңа жетістіктерін енгізу;

      авторлық бағдарламасының болуы немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған бағдарламалардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

      облыс деңгейінде дефектологтардың кәсіби қоғамдастығының желісін дамытуға қатысу және тәлімгерлікті жүзеге асыру;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық кәсіптік конкурстардың қатысушысы болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет