5-параграф. Әлеуметтік педагог
154. Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, джанжалдық жағдайын, мінез-құлық ауытқуларын анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін айқындайды, білім алушылардың жеке құқығы мен еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау мен көмек бойынша шаралар қабылдайды.
Білім алушылар, балалар және мекемелер, отбасылар, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады.
Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту мен әлеуметтік қорғау бойынша және қоғамдағы өмірге жеке тұлғаны бейімдеуді қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды патронатқа алу, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды.
Әлеуметтік ортада ізгілікті, адамгершілікті, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі.
Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Білім беру ұйымдарындағы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
155. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
үйірмелер, секциялар, студиялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламалары,
балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздері,
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
156. Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік педагог болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
157. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
педагогке қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
озық тәжірибені зерделеуі, оны практикада қолдануы,
оқу-тәрбие жұмыстарын талдау дағдыларының болуы,
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
тәрбиелеу жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі,
шығармашылық семинарларға жетекшілік ете білуі, озық тәжірибені қолдануы тиіс.
4) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологияларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ете білуі тиіс.
5) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі,
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологияларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі,
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ете білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |