6-параграф. Музыкалық жетекші
158. Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады.
Музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби шеберлікпен меңгереді.
Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен дербес жұмыстар жүргізеді,
музыкалық жағынан дарынды білім алушыларды, тәрбиеленушілерді анықтайды.
Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді.
Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жұмыс істеу практикасына инновациялық тәжірибе енгізеді.
Ата-аналар мен тәрбиешілерге музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер береді.
Тәрбиеленушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
159. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
әр түрлі дәуірлердің, стильдер мен жанрлардың музыкалық шығармаларын, сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін,
Педагогика және психология негіздерін, әр жастағы білім алушылардың, тәрбиеленушілердің музыкалық мүмкіндіктерін,
эмоцияларын, моторикасын және, музыкалық тәрбие әдістемесі, музыкалық аспапты кәсіби меңгеру, дәрігерге дейінгі медициналық көмек негіздері,
Экономика, Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелер мен нормалар.
160. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары музыкалық білім немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат; немесе техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім, жұмыс өтіліне талап етілмейді.
Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
161. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор:
қойылатын талаптарға жауап беруі, сондай-ақ:
балаларды музыкалық тәрбиелеу әдістемесін білу;
балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды музыкалық тәрбиелеу және эстетикалық дамыту бағдарламаларын орындау;
білім беру ұйымының білім беру бағдарламасы шеңберінде балалармен жаппай іс-шараларды (музыкалық кештер, ойын-сауық, ән айту, хороводтар, би, қуыршақ және көлеңкелі театрды көрсету және басқа да іс-шаралар), балалармен спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
2) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі,
баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі,
баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
3) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы,
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.
4) "педагог-шебер":
педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы,
балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |