Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет47/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ
М-31 Сабитбекова Камшат әдебиеттік оқу 3-сынып 23.02.21, Исаева Зарина10 апта, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия (1)
9-параграф. Концертмейстер

      170. Лауазымдық міндеттері: Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар өткізеді.

      Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркемдік талғамының дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді.

      Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді.

      Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді.

      Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді.

      Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады.

      Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

      171. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика мен жасерекшелік психологиясының негіздерін,

      сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін,

      оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, жалпы және жеке оқыту, әртүрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкаық шығармалардың фрагменттерін біріктіру, оларды редакциялау және дәстүрлі түрде орындай білу,

      білім алушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдау,

      еңбекті қорғау ережелер мен нормаларды, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау; санитарлық ережелер мен нормаларды.

      172. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары музыкалық немесе педагогикалық білім жұмыс өтіліне талап қоймастан педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      173. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс (санаты жоқ), сонымен қатар:

      қағаз бетінен тез оқи білуі, дайындықсыз сүйемелдеуі,

      қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттай білуі тиіс;

      әдістемелік жұмысына қатысу.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуі,

      музыкалық шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс.

      Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы,

      конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі,

      практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауы,

      жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы тиіс.

      4) "педагог-мастер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуі, практикалық,

      әдістемелік тәжірибе жинақтауы,

      жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет