10-параграф. Жаттықтырушы-оқытушы
174. Лауазымдық міндеттері: Жаттықтырушы-оқытушы дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді.
Балардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды.
Балаларға дене жаттығуларын орындау дағдылары мен техникасын үйретеді, олардың бойында рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында балалардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.
Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды.
Медицина қызметкерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық жағдайын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді.
Балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді.
Салауатты өмір салтын насихаттайды.
Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады.
Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
175. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, дене шынықтыру және спорт, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері "Дене тәрбиесі және спорт туралы" бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
Қазақстан Республикасының Заңы "Мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактика мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер,
педагогика, психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,
арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктері,
экономика негіздері, қаржы-шаруашылық қызметті,
қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қарсы қауіпсіздік қағидалары.
176. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қоймастан педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) жоғары біліктілік санаты болған жағдайда педагог-модератор үшін мамандығы бойынша кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
177. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
Педагогке қойылатын жалпы талаптарға сай болуы керек;
типтік оқу жоспарынын, типтік оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымын білу;
белсенді оқытудың формалары мен әдістерін қолдану;
балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру;
білім беру ұйымы деңгейінде іс-шаралар ұйымдастыру.
2) "педагог-модератор":
педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
пәнді оқытуда әзірленген әдістемені қолдана білу;
алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы;
диагностикалық жұмысты ұйымдастыру оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен;
білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігі, шығармашылық топтардың жұмысына белсенді қатысады.
3) "педагог-сарапшы":
педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
өз бетінше пәнді оқытудың әдістемесін жасай алады;
шығармашылық семинарларды, қалалық / аудандық деңгейдегі шығармашылық топтардың жұмысын басқара алады;
озық педагогикалық тәжірибені өз жұмысында қолдануға;
жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын іске асыруға белсенді қатысады.
4) "педагог-зерттеуші":
педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
жаңа оқу жоспарларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдістерін жасай алады және оларды тестілеу бойынша жұмыстар жүргізе алады;
жоспарға сәйкес эксперименттік тапсырмаларды тұжырымдау;
оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелердің болуы;
білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге шығармашылық топтарды басқарады.
5) "педагог-мастер":
педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:
облыстық оқу-әдістемелік кеңесінде немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданған әдістемелік материалдары болуы, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететін,
тәлімгерлікті қамтамасыз ететін және облыстық деңгейде кәсіби қоғамдастық желісін дамыту жоспарлары бар, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |