Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет56/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

4-параграф. Кафедра меңгерушісі

      207. Лауазымдық міндеттері: кафедраның даму стратегиясын әзірлейді, сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады.

      Тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді.

      Педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс дағдыларын меңгерген.

      Профессор-оқытушылар құрамын оқытуды ұйымдастырады.

      Оқу, ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырысын өткізеді.

      Кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді.

      Кафедра оқытушылары арасында педагогикалық жүктемені және функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады және олардың уақытында және сапалы орындалуын бақылайды.

      Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылауды және оларды енгізу жолдарын ұйымдастырады.

      Қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      Кафедраның көрнекі құралдары мен оқу-әдістемелік материалдарын дайындауға қатысады, оларға сараптама жүргізеді.

      Кафедра оқытушыларының жеке жоспарларының орындалуын және сапасын бақылайды.

      Кафедра оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады.

      Кафедраның Жас оқытушыларына оқу және әдістемелік көмек көрсетеді.

      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.

      Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген.

      Ғылыми кеңестің жұмысына қатысады.

      Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және өзге де ұйымдармен байланыс орнатады.

      Кафедраның, институттың халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді.

      Кафедра құжаттамалары мен есептілігінің барлық түрлерін жасауды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      Кафедра қызметінің қорытындысы бойынша есеп береді.

      Кафедра оқытушыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылайды.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді орындайды.

      208. Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының: "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер;

      оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі, білім беру жүйелерін басқару теориясы мен әдістері;

      педагогиканы, физиологияны, психологияны және кәсіби оқыту әдістемесін, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи түрлері мен әдістерін;

      экономика негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

      209. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткенін және ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуын растайтын құжаттың болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет