2-параграф. Біліктілікті арттыру институты (филиалы) басшысының (директорының) орынбасары
200. Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және Біліктілікті арттыру институтының (бұдан әрі – Институт) жарғысына сәйкес Институт құрылымдарының қызметіне басшылық етеді.
Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және қадағалайды.
Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми сүйемелдеуге басшылық және қадағалау жүргізеді.
Баспа ісіне басшылық жасайды.
Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ыңтымақтастықты ұйымдастырады.
Білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдарының барлық деңгейіндегі ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының, басшыларының біліктілігін арттырудың үздіксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуді қадағалайды.
Институттың құрылымдық бөлімшелеріне кадрлар іріктеуді іске асырып, оларды Институт басшылығына ұсынады.
Кафедра, әдістемелік кабинеттер және басқа да құрылымдар қызметкерлеріне консультация береді, олардың жұмысын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп-қисаптың ұйымдастырылуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
201. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Ғылым туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын және білім берудің келешегі мен даму жолдарын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
менеджмент негіздерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
андрогогика, синергетика, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін,
еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы күрес ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
202. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіби білімі, сондай-ақ қайта даярлау курстарынан өткен тұлғалар, ғылыми немесе академиялық дәрежесі, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 10 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |