Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) әдіскері



бет55/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

3-параграф. Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) әдіскері

      203. Лауазымдық міндеттері: Курстардың, семинарлардың, конференциялардың, педагогикалық оқулардың, конкурстардың, көрмелердің сараланған жабдықталуын және өткізілуін ұйымдастырады.

      Курстарға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлейді. Зертханалық-практикалық сабақтарды, тренингтерді, тиісті санаттардың біліктілігін арттырудың (бұдан әрі - БА) өзекті мәселелері бойынша іскерлік ойындарды даярлап, өткізілуін қамтамасыз етеді.

      Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша арнаулы проблемалық курстарды ұйымдастырады.

      БА курстарына арналған жаңа оқу-тақырыптық жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді.

      Білім беру қызметкерлерінің үздіксіз БА әртүрлі топтарының курстық дайындықтарының тиімділігін анықтайтын педагогикалық инструментарий жұмысын, педагогикалық диагностика, түзетуді іске асыру әдістерін жетілдіру, әдістемелік жұмысты үлгілеу бойынша заманауи әдістерді енгізу жұмысын үйлестіреді.

      Білім беру ұйымдарының дыбыс-бейне және интерактивті оқыту құралдарына мұқтаждығын, қазіргі педагогикалық деректер банкісінің ахуалын саралайды.

      БА курстарының әдістемелік және тәжірибелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады.

      Біліктілік арттыру жоспарының іске асырылуын қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагог кадрлардың сапалық құрамына мониторингті жүзеге асырады.

      Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеңдердің мақұлдануына, авторлық курстар, семинарлар ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетеді.

      Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстың нәтижелерін саралайды және жалпылайды.

      Білім беру ұйымдары педагогтарының, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибесін зерттеп, жалпылайды және таратады.

      Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультативтік, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

      Курсаралық жұмыстар мен әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді.

      Педагогикалық және басқарушылық инновацияларды зерттеп, насихаттайды.

      Педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттің жаңалықтарын қадағалап, олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді.

      БА жүйесінде маркетингтік зерттеулер және баспа қызметін жүзеге асырады.

      Аймақтық деңгейде жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін қадағалайды.

      Педагогтердің, білім беру ұйымдарының инновациялық, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарының және өзіндік зерттеу (ізденіс) қызметінің нәтижелерін жалпылау негізінде ғылым және практиканың ықпалдасу идеяларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлейді.

      Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру мәселелеріне байланысты материалдар жариялайды.

      204. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика және психология негіздерін,

      басқарудың инновациялық әдістерін, баспалармен жұмыс істеу негіздерін,

      оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу тәртібін, білім беру,

      жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату әдістемесін,

      ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті,

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      205. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесінде кемінде 5 жыл.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда біліктілікті арттыру жүйесінде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 7 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 9 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 10 жыл.

      206. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

      педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ақпаратты компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық саралау әдістерін меңгеруі тиіс.

      2) "педагог-модератор":

      педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибесін жалпылай және тарата білуі,

      жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

      3) "педагог-сарапшысы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуы,

      білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтар жұмысына қатысуы тиіс.

      4) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыс әдістерін меңгеруі;

      білім беру процесінің өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі:

      алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы,

      жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет