Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Аға жаттықтырушы-оқытушы



бет49/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ
М-31 Сабитбекова Камшат әдебиеттік оқу 3-сынып 23.02.21, Исаева Зарина10 апта, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия (1)
11-параграф. Аға жаттықтырушы-оқытушы

      178. Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың спорттық және дене шынықтыру үйірмелерін ұйымдастырады.

      Дене шынықтыру ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, оқу жылына арналған спорттық іс-шаралардың жұмыс жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді.

      Әртүрлі спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылардың жұмыс үйірмелеріне басшылық жасайды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің теориялық, дене, моральдық, техникалық және спорттық дайындығын арттыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жоспарланған жаттығу жүктемелері мен спорттық нәтижелерді орындауын қамтамасыз етеді.

      Оқу-жаттығу процесін және спорттық іс-шараларды қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етеді.

      Тәрбие жұмысын жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің дәрігерлік-педагогикалық бақылаулардың антропометриялық өлшемдері негізінде бақылау жаттығуларын және медициналық қызметкерлердің нұсқауларын орындауын бақылайды.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы және арнайы дене даярлығы бойынша бақылау нормативтерін қабылдайды.

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жарыстарға қатысуын ұйымдастырады, спорттық жетілдіру үшін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді іріктеуді жүзеге асырады.

      Бекітілген дайындық жоспарларының орындалуын, бөлімшенің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің сөз сөйлеу қорытындыларын талдайды, алынған мәліметтерді ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді даярлауға түзетулер енгізеді.

      Спорт түрлері бойынша бөлімшелерде жаттықтырушылық кеңестер өткізеді.

      Жүйелі түрде біліктілігін арттырады, әдістемелік оқуларға, конференцияларға, семинарларға қатысады.

      Белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілер мен жаттықтырушы-оқытушыларды көтермелеу туралы ұсыныстар енгізеді

      Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді даярлауға қатысатын ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      179. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене тәрбиесі және спорт туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика, психология негіздерін,

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,

      арнайы педагогика, психология, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктері,

      экономика негіздері, қаржы-шаруашылық қызметті,

      қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қарсы қауіпсіздік қағидалары.

      180. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      біліктілігі жоғары деңгейдегі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог – сарапшы үшін кемінде 4 жыл – мүмкіндігінше бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің болуы, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл - бейіні бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің болуы.

      181. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      өз бетінше пәнді оқытудың әдістемесін құрастыруды білу;

      белсенді оқытудың формалары мен әдістерін қолдану;

      білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру;

      оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету;

      шығармашылық топтардың, мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына белсенді қатысу.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      өз бетінше пәнді оқытудың әдістемесін құрастыруды білу;

      шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтардың жұмысына басшылық жасау;

      өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені қолдану;

      жаңа білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды енгізу жұмыстарына белсенді қатысу.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      жаңа оқу бағдарламаларын, педагогикалық технологияларды, оқыту, тәрбиелеу әдістерін әзірлей білу және оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу;

      өз жоспары бойынша эксперименттік тапсырмаларды қалыптастыру;

      оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша авторлық әзірлемелердің болуы;

      білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу бойынша шығармашылық топтарды басқара білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет