Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет46/88
Дата25.12.2021
өлшемі295,49 Kb.
#105050
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Байланысты:
№338 бұйрық лауазымдық міндет мұғ

8-параграф. Аккомпаниатор

      166. Лауазымдық міндеттері: Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларда музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді.

      Білім алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы тандайды, транспонирует музыкальные произведения, білім алушыларды орындаушылыққа үйретеді.

      Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.

      167. Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

      педагогика, психология негіздерін,

      әртүрлі жанрдағы, стильдегі дәуірдегі музыкалық шығармаларды,

      музыка тарихы мен теориясын, көркемөнерпаздар репертуарын қалыптастыру принциптерін,

      педагогика, психология негіздері,

      еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      168. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе қайта даярлығын растайтын құжат немесе техникалық және кәсіптік білім, жұмыс өтілі бойынша талаптар қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі педагог-шебер кемінде 6 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі педагог болған жағдайда: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

      169. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог-модератор":

      педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс (санаты жоқ), сонымен қатар:

      қағаз бетінен тез оқуы,

      дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауы, үндестіре білуі,

      орындаушылар репертуарын білу және зерттеу, музыкалық фрагменттерді біріктіре білуі,

      әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.

      2) "педагог-сарапшы":

      педагог-модераторға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар:

      қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдей алуы,

      музыкалық шығармаларды редакциялауы, партитурадан аударуы тиіс.

      Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы,

      конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.

      3) "педагог-зерттеуші":

      педагог-сарапшыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:

      концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуін,

      практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға,

      жариялауға материалдар дайындауға,

      пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге,

      ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуы, оқу бағдарламаларын,

      оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуы тиіс.

      4) "педагог-мастер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар:

      концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша сабақтар жүргізуін, практикалық,

      әдістемелік тәжірибе жинақтауға,

      жариялауға материалдар дайындауға,

      пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге,

      ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға;

      оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет